Вы здесь

Сотқаров Абілқайыр Аутайұлы

Сотқаров Абілқайыр Аутайұлы
Номинация: 
Лучший наставник работающей молодежи
Регион: 
Актюбинская область
Контактные данные: 
8-7132-54-58-17
Краткая характеристика: 

Сотқаров Абілқайыр Аутайұлы 1993 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының
50 жылдығына орай № 1 балқыту цехына мөлшерлеуші маманы ретінде Қазақ политехникалық институтынан жолдамасымен зауыт жұмысын бастады. 1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін зауытта жұмыс істеген жылдары ферроқорытпа зауытының шеберханасынан аға өндіріс шеберіне дейін әр түрлі лауазымдарда қызмет жасады.

Зауытта болған уақытында ол адал және жоғары кәсіпқой қызметкер ретінде тек оң жағынан ғана көрінді, қызметкерлерді ынталандыру әдістерін қалай қолданатынын, қызметкерлердің іскерлік және шығармашылық әлеуетін ашуды біледі.

Өзінің күнделікті жұмысында өзіне және әріптестеріне жоғары талаптар қойып, барлық тапсырмаларды уақытында және сапалы орындайды.

Қазір ол өз тәжірибесімен, білімдерімен, дағдыларымен және кәсіби дағдыларын жас мамандармен бөлісіп, өзінің тәлімгерлік кезеңінде Абілқайыр Аутайұлы 50-ден астам жас мамандарды дайындады, көбісі қазіргі уақытта өндіріс шеберінен цех басшысына дейінгі лауазымда қызмет етеді, сонымен қатар, үш жыл қатарынан басқарған                            № 2 балқыту цехының қызметкерлері «Қазхром ТҰК» АҚ құрылымында ең үздік бригада болып танылды. А.А.Сотқаровтың басшылығындағы зауыт ішіндегі «Үздік цех» жарыстарында № 2 балқыту цехы еңбек өндірісін жоғарлату, өндірістік шығындарды азайту бойынша жеті рет жеңімпаз болды, бірнеше рет «Ең үздік бригада, учаскі, цех, зертхана, басқа да құрылымдық бөлімше» номинациясында қоғамдық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау республикалық көрмесінің жеңімпазы болды.

Адал еңбегі үшін және жұмысының жоғары нәтижесі үшін, металлургия өнеркәсібі саласында білікті мамандарды даярлауға белсенді қатысқаны үшін үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталды, 2015 жылы Республикаға сіңірген жемісті еңбегі үшін «Ерең еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған, «Eurasian Resources Group S.A.R.L» Менеджерлер Кеңесінің төрағасы А. Машкевичтің алғыс хатымен марапатталды.

Еңбек ұжымында жоғарғы сенім мен құрметке ие болды.

По клику на блок «Я не робот» выполняется проверка, что голосует человек, а не робот. Если появится окно с разными изображениями, следуйте указаниям во всплывающем окне.
Изменён 20 октября, 2018 - 22:17
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий