Вы здесь

Медицина персоналын ынталандыруды арттыру тетіктері

Медицина персоналын ынталандыруды арттыру тетіктері

    2011 жылдан бастап қызметтер көрсету сапасын жақсартуға және халықтың қанағаттанушылығын арттыруға бағытталған МСАК қызметкерлерін қызметтің түпкілікті нәтижесіне қол жеткізулерін бағалау арқылы ынталандыру жүйесі енгізілді. Аталған мақсаттар үшін жан басына шаққандағы нормативке ынталандырушы компоннет (бұдан әрі – ЖБНЫК) арқылы ақы төлеу үшін нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде республикалық бюджеттен қаражат бөлінген болатын.

    МСАК ұйымы қызметінің түпкілікті нәтижесінің әрбір индикаторы мәндерін және ЖБНЫК сомаларын МСАК-тың аумақтық учакесі даңгейіне дейін  есептеу автоматты түрде «ЖБНҚК» порталында жүзеге асырылады.

    МСАК ұйымы қызметінің түпкілікті нәтижесінің әрбір индикаторы мәндерін есептеу кезінде олардың көмегімен нәтижеге қол жеткізудегі әрбір медицина қызметкерінің үлесін бағалау қамтамасыз етілетін аумақтық учаскелер және МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлері бөлінісінде процесс индикаторлары қосымша ескеріледі.

    ЖБНЫК-ты енгізу нәтижесінде МСАК қызметкерлерінің еңбекке деген ынтасы қызметінің нәтижесіне және пациенттің көрсетілген қызметтердің сапасымен қанағаттанушылығына тікелей байланысты болғандықтан, олар үшін  алғаш рет лайықты еңбекақысын алу мүмкіндігі туды.

 

Изменён 5 января, 2016 - 18:50
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий