X
egov

You are here

«Халықты жұмыспен қамту мәселелері» сұрақ-жауаптар

 2018 жыл 12 желтоқсандағы кезекті Мемлекеттік Әлеуметтік Сараптама қорытындысымен маған III топ мүгедегі,жалпы еңбек ету қабылетінен ауырылуы 55 пайыз болып белгіледі.Балқаш аудандық Халықты Жұмыспен Қамту орталығына Egov.kz арқылы және өзім барып жазбаша жұмыссыздар санатына тіркеу жайлы жазған өтінішіме "қарсылық" жауап алдым.Менің сұрағым; мені неге жұмыссыз санатына тіркемейді,сол арқылы жұмысынан айырылғанда төленетін әлеуметтік төлемді мен неге ала алмаймын? 

 

Жауап: 

Құрметті Мейрам Қуандықұлы!
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің «жұмыссыз» ретінде тіркелу және әлеуметтік төлемдер алуға қатысты өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабына сәйкес 2019 жылғы 21 қаңтарда Сіз «жұмыссыз» ретінде тіркеудесіз.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер дегеніміз бұл өздеріне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдардың пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер болып табылады.
Алайда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган Сізді белгiленген тәртiппен «жұмыссыз» деп танығанмен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болмағандықтан Сізге әлеуметтік төлемдер тағайындаудан бас тартқан.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Сіз Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алушылардың қатарына жатпайсыз.
Бұл ретте, Сіз заңнамаларда көрсетілген тәртіпте «жұмыссыз» ретінде жергілікті жұмыспен қамту органдары арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға құқығыңыз бар.
Осы жауаппен келіспеген жағдайда заңнамада көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екендігіңізді ескертеміз.

Сұрақтың нөмірі: 358045
7 ақпан, 2019 - 17:37 өзгертілді

Сәлеметсізбе. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңында  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, тартылатын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздардың санын, оларға еңбекақы төлеу шарттары мен мөлшерін және қаржыландыру көздерін айқындайды деп көрсетілген, бірақ салалық жергілікті уәкілетті орган тарапынан Халықты жұмыспен қамту орталығы жинықтап, ұсынған жұмыс берушілердің өтінімдері, ұйымдардың тізбесі қазіргі таңда бекітілмей отыр.

Жауап: 

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді.
Қағидалардың 7-тармағы бойынша «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жастар практикасын ұйымдастыруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайы мен еңбегіне ақы төлеуді және қаржыландыру көздерін бекітеді.
Жалпы, Қағидалардың 6-тармағына сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығы қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жастар практикасы ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады, сондай-ақ, жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.
Осыған орай, тиісті жылы жастар практикасына жіберілетін түлектер қатарындағы жұмыссыздардың саны сол жылы жастар практикасын іске асыруға көзделген қаражат мөлшеріне пропорциональды болады.
Бұл ретте, жұмыс берушілерден түскен өтінімдердің санына шектеу қойылмайды.

Сәлеметсізбе. Жаңа жыл құтты болсын. 

Жауап: 

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді.
Қағидалардың 7-тармағы бойынша «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жастар практикасын ұйымдастыруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайы мен еңбегіне ақы төлеуді және қаржыландыру көздерін бекітеді.
Жалпы, Қағидалардың 6-тармағына сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығы қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жастар практикасы ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады, сондай-ақ, жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.
Осыған орай, тиісті жылы жастар практикасына жіберілетін түлектер қатарындағы жұмыссыздардың саны сол жылы жастар практикасын іске асыруға көзделген қаражат мөлшеріне пропорциональды болады.
Бұл ретте, жұмыс берушілерден түскен өтінімдердің санына шектеу қойылмайды.

Сұрақтың нөмірі: 357993
22 қаңтар, 2019 - 16:18 өзгертілді

Алматы облысы Қапшағай қаласынан 1 отбасы өңірлік квотаға енгізіліп, ШҚО-ға қоныс аударды.   Қоныс аударғаннан кейін, бағдарламаға қатысушылар қатарына қосылып, әлеуметтік келісім шарт жасалды. Бағдарламаға қатысушы көшуге субсидия тағайындауға өтініш білдірген уақытта, Жұмыспен қамту орталығының директорының атына тағы бір өтініш білдірді.

Жауап: 

«Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы
14 маусымдағы № 515 бұйрығына сәйкес Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу мен көшуге субсидия беру
нысанында отбасы мүшелері, туыстық қатынасы және туған жылы көрсетіледі. Осыған орай, мемлекеттік қолдау қаражатын егер де өтініш беруші – отағасының шот нөмірінде проблемалар туындап жатса, онда қаражатты басқа отбасы мүшелерінің шотына аударуға болады деп есептейміз.

 

Сұрақтың нөмірі: 353138
29 қараша, 2018 - 16:53 өзгертілді

Мемлекеттік мекемелерде техникалық қызметшінің орны босаған жағдайда бос орынға жұмыссыз азаматтарды жіберуге негіз қайдан алуға болады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жоқ ауылдық округтердегі бос жұмыс орнына ауылдық округ әкімінің ұсынысы негізінде жұмысқа жіберу қаншалықты дұрыс.

Тұрақты немесе уақытша  жұмысқа жолдаған жағдайда жұмыссыздар есебінде тұрған адамдардың кезектілік сақталуы қажет пе немесе жолдама беруге болама? Әлде ол ақылы қоғамдық жұмысқа жібергенде ғана сақталуы тиіспе?

Жауап: 

Құрметті Нұрлыбек!

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес мемлекет халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етеді.

Заңға сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді, сондай-ақ тегін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді.

Орталық бос жұмыс орындарының (бос орындардың) есебін жүргізеді.

Сондай-ақ, жұмыс іздеп жүрген адам тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.

Қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы – уақытша жұмыс орындары.

Баяндалғандарды ескере отырып, егер Сіз уақытша жұмыс орнына орналасқан кезде жұмыссыз ретінде тіркеуде болып, тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда жұмыссыз ретінде тіркеуден шығарыласыз.

Сондай-ақ, жұмыс берушi мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті.

Сонымен бірге, 2018 жылғы қаңтардан бастап республикада Электрондық еңбек биржасы жұмыс жасайды. Барлық бос жұмыс орындары туралы деректерді қамтитын www.enbek.kz сайтынан лайықты жұмыс қарап, резюме орналастырып немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қызметін пайдалануға болатынын хабарлаймыз.

 

Сұрақтың нөмірі: 352885
9 қараша, 2018 - 16:00 өзгертілді
Жауап: 

Құрметті Алима Аскаровна!

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38-бабына сәйкес жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру:

1) жұмыскер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау;

2) еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) оны орындау кезінде өзгеретін өзге жұмысты тапсыру;

3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру;

4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру болып табылады.

Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға жұмыскердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

Осыған орай, жұмыскерді мекеме ішінде хатшылықтан әдіскерлікке ауыстыру жұмыскердің келісімімен және еңбек шартына өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

Мен 2017 жылы Қазақстанға Қытайдан келген оралманмын. 2018 жылдың ақпан айында Үржар ауылына тұрақты мекен-жайға тіркелдім. 2018 жылдың қыркүйек айында оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына еніп, тұрақты мекен жайым бойынша Жұмыспен қамту орталығына барып, Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша көшуге және үйді жалдауға субсидия алуға өтініш білдірім.

Жауап: 

Саламатсыз  ба,  Кәмила!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген, "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының үшінші бағытының (Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру) іске асырылу тетігі  «Жұмыс күшінің ұтқырлығын  арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) арқылы жүзеге асады және реттеледі.

            Осы  Қағидалардың  42-тармағының 2-абзацына сәйкес, көшуге субсидиялар, тұрғын үй жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар қабылдау өңірінде тұрақты тіркелген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей өтініш берген жағдайда беріледі.

            Егер субсидия алуға өтінішті көрсетілген мерзімнен кешіктіріп тапсыратын болса,  оны қарастыру Қағидаларға қарсы келетінін қосымша хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 351752
21 қыркүйек, 2018 - 20:42 өзгертілді

1 сұрақ: 2016 жылы 2 отбасы оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізіліп, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында көшуге субсидия алса, 2017 жылы  5 отбасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында  көшуге және тұрғын-үйді сатып алуға субсидия

Жауап: 

Құрметті Сеилхан Каирканович!

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Сіздің хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
1 және 2-сұрақтар бойынша
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірдің шегінен тыс жерге өзінің ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше көшіп-қонған не Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде өтеуге міндетті.
«Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығының (бұдан әрі - Бұйрық) 8 - тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаға қатысушы (отбасымен бірге) қоныстандырған жерінен бес жыл ішінде кетіп өз міндеттерін орындамаған жағдайда, кеткен күнінен бастап он екі ай ішінде көшуге берілетін субсидияның және тұрғын үй жалдау (жалға беруге) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге берілетін субсидияның алынған сомасын республикалық бюджетке қайтарады.
Яғни, Бұйрыққа 2018 жылғы 14 маусымдағы № 242 енгізіген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Бағдарламаға қатысып субсидиялар ретінде мемлекеттік қоладу шараларын алған оралмандар мен отбасы мүшелеріне қоныстандырған жерінде бес жыл тұру шарты өзгертілмеген, сондай-ақ қоныстанған жерінен кетіп өз міндеттерін орындамаған оралмандарға кеткен күнінен бастап он екі ай ішінде мемлекеттік қолдау шаралары ретінде берілген субсидиялар сомасын республикалық бюджетке қайтару нормасымен толықтырылған.
Сонымен қатар, Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшелерінің бірі қоныстандырған жерінен кеткен жағдайда, кеткен отбасы мүшесі алған көшуге берілетін субсидия сомасы бюджетке қайтарылады.
Сондай-ақ, Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшелерінің бірі қоныстандырған жерінен әскери қызметке шақырылған, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін сырқаттанушылықты, жұмыс берушінің өтінімі бойынша басқа жерге оқуға жіберілген жағдайларда көшуге берілетін субсидия сомасы бюджетке қайтарылмайды.
Сонымен бірге, Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған мемлекет шығыстарының сомасын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен республикалық бюджетке қайтарады.
3-сұрақ бойынша.
Мемлекттік қолдау шаралары ретінде берілетін субсидиялар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Осыған орай, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша Бағдарламаның қатысушылары болып Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар болып табылады.
Сондықтан, көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларды төлеу тәртібі «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығымен жүзеге асырылады.
Сондықтан бұйрықтың 42 – бабының 3 абзацында көрсетілген норма оралмандар мен қоныс аударушыларға қолданылатынын мәлімдейміз.

Құрметті Мәдина Ерасылқызы!

Жауап: 

Құрметті Ертуған Алмасұлы!

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмыс істеп тұрған және жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттары мен әдіснамалық тәсілдеріне сәйкес жалдамалы қызметкерлер - еңбек ақы, сыйлық ақы, үстеме ақы және т.с.с. немесе заттай нысанда ақы төлеу (сыйақы) қарастырылған жалдану шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер – бұл жалдану бойынша жұмыспен қамтылмаған, өндірілген тауардан немесе көрсетілген қызметтен табыс немесе пайда табу үшін өз-өзіне жұмыс істейтін тұлғалар.
Осыған орай, мемлекеттік мекемелерде және кәсіпорындарда жалдамалы ретінде жұмыс істейтін, әрі дара кәсіпкер болып тіркелген азаматтар жалдамалы жұмыскерлер болып табылады.

Сұрақтың нөмірі: 348867
30 наурыз, 2018 - 16:30 өзгертілді

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген штаттағы бір топ қызметшілердің еңбек ақысын төлеудегі орын алған қиындықтарды көрсете отырып,заңдылығын айқындап берсеңіздер.

Жауап: 

Құрметті Сүлеймен Нұрланұлы!

   Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.

   Мемлекеттік мекемелер және қазынашылық кәсіпорындар жұмысшыларының еңбекақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) анықталады.

   Қаулының 4-тармағына сәйкес тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізімдерін бекітеді.

   Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы лауазымдар тізімі «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығымен бекітілген, бұл бұйрыққа сәйкес «ассистент» лауазымы D звеносымен анықталған.

   Қаулының 3-тармағына сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысы (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай  (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген базалық лауазымдық айлық мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады, қазіргі таңда оның мөлшері 17697 теңгені құрайды.

   Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған
коэффициенттері қаулының 2-қосымшасымен анықталған.

   Қаулының № 6-қосымшасында халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, мамандарына және басқа қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін лауазымдық айлықақының  50 % көлемінде үстемеақы ақы белгіленген.

   Азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақылар Қаулының № 18 – қосымшасында белгіленген.

   Сонымен қатар, хатта сұрақ толық көрсетілмеген. Осыған байланысты, аталаған мәселе бойынша Сізге толық жауап беру мүмкін болмады.

   Егер Сіз сұрақтарды толықтырып қайта хат жазған жағдайда, Сізге толық жауап берлетін болады.

 

Сұрақтың нөмірі: 348335
20 ақпан, 2018 - 12:47 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші