check

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбек құқығы мәселелері»

Сұрақ тақырыбы: 

Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексі   99-бабының  2-тармағының 2 бөлігін түсіндіріп бересіздер ме.

Жауап: 

Құрметті Баглан Асанович!
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 99-бабының 2-тармағына сәйкес жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – жетпіс) күнге жүктілікке және босануға байланысты демалыс беріледі.
Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.
Осыған орай, жұмыс беруші жұмыскер – жүкті әйелге жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап, ұзақтығы күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн болып табылатын жүктілікке және бала тууға байланысты демалысты тұтастай (126 күтізбелік күн) беруге міндетті.

Сұрақтың нөмірі: 349111
18 сәуір, 2018 - 15:10 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме! сиздерге сұрақ қояйын деп едим. Мен Облыстық аурухананың Инсульт орталығы бөлімінде логопед болып жұмыс атқарамын.

Жауап: 

Құрметті Мария Серікқызы!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 68-бабының 1- тармағына сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
Сонымен қатар, Кодекстің 69-бабының 2-тармағына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі (бұдан әрі - Тізім), сондай-ақ оларды беру қағидалары бекітілді.
Тізімнің «Денсаулық сақтау жұқпалы таз және туберкулез (туберкулезге қарсы) емдеу-алдын алу мекемелері, Бөлiмшелерi, палаталар, кабинеттер; санитарлық-орман Мектептерi мен мектеп-интернаттары, балалар yйлерi, Балабақшалар (топтары), балалар яслилері (топтары) және Туберкулезбен, созылмалы жұқпалы іш аурумен ауыратын Балаларға арналған сәбилер yйлерi (топтар), туберкулезбен Ауыратындарға арналған мyгедектер үйi (бөлiмшелер)» 43-бөлімінде: Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының және демалыс үйлерінің (санаторийлердің логопеді, сурдологы) жұмысшыларына 12 күнге дейінгі қосымша еңбек демалысын беру мен 18 сағат қысқартылған жұмыс күнінің ұзақтығы қарастырылған.
Осыған орай, аталған кепілдіктерді алуға құқылысыз, егер Сіздің жұмыс орныңызбен лауазымыңыз сәйкес келжен жағдайда.
Сондай-ақ, жұмыс беруші аттестаттау нәтижесі негізінде қызметкердің нақты жұмыс жағдайын ескере отырып және жұмыскерлер өкілдерінің (кәсіподақ органының) пікірін ескеріп, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшерін анықтауға құқылы.
Қысқартылған жұмыс уақыты және қосымша демалыстың нақты ұзақтығы, еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері ұжымдық және еңбек шарттарында норматив ретінде белгіленеді.

Сұрақтың нөмірі: 348999
16 сәуір, 2018 - 13:43 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Өзбекстан Республикасында жүргізілген еңбек кітапшасын ҚР әрі қарай пайдалануға боладыма, әлде ҚР үлгідегі еңбек кітапшасын бастау қажет пе? қажет болса ол қосымша парақ түрінде рәсімделеді ме? (еңбек кітапшасы 2003 жылы басталған, барлық жазбалар тек өзбек тілінде) Бұл туралы қандай құқықтық-нормативтік актілерде көрсетілген?

Жауап: 

Құрметті Арай Балқыбекқызы!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің   2015 жылғы 30 қарашадағы № 929 бұйрығының «Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) 1-тармағына сәйкес еңбек кітапшасы – қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат.

 «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда, Сізге жаңадан Қазақстан Республикасының еңбек кітапшасын бастау қажет деп есептейміз.

Сұрақтың нөмірі: 348946
11 сәуір, 2018 - 10:53 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Жәбірленушінің еңбек міндеттерінің атқару кезіндегі жоғалтылған табысы бөлігінде зиянды өтеу еңбекке қабілеттігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзімі МСЭК-те көрсетілген өмірбақиға берілген, бірақ жұмыс беруші зейнетке шығуыма байланысты тоқтатты. Мен өндірісте жүріп жарақат алдым, ол үшінші (3 группа) группа инвалидностқа қоса 50% еңбек қабілетін жоғалтума әкеп соқты. Осы 50% төлем неге тоқтатылды? Алған пенсиямды күнкөріске жұмсаймын ба әлде денсаулығыма жұмсаймынба?

Жауап: 

Құрметті Ашимбаева Нуршакул!

   Бірінші мәселе бойынша

   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі - Заң) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Заң 2015 жылғы 10 мамырдан бастап күшіне енгізілді.

   Заңмен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 944-бабының 1-тармағына жәбірленушінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жоғалтылған табысы бөлігінде зиянды өтеу еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзіміне, бірақ оның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуінен аспайтын мерзімге жүзеге асырылатындығын көздейтін өзгерістер енгізілген.

   Сонымен қатар, бұл өзгерістердің 2015 жылғы 10 мамырдан бастап күшіне енгізілгендігін ескеретін болсақ, онда бұл норманың осы көрсетілген мерзімнен кейін болған және белгіленген тәртіпте тіркелген  жағдайларға ғана қолданылады.

   2015 жылдың 10 мамырына дейін болған және белгіленген тәртіпте тіркелген  барлық жағдайларға жұмыс беруші зиянды өтеу төлемдерін еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзіміне жүзеге асырады.

   Екінші мәселе бойынша 

   Қазақстан Республикасын Азаматтық кодексінің 937-бабының  2-тармағына сәйкес жоғалтқан табысты (кiрiстi) анықтау кезiнде жарақаттануына немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрiлуiне байланысты жәбiрленушiге тағайындалған мүгедектiк бойынша жәрдемақы, денсаулығына зиян келтiргенге дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жәрдемақы түрлерi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерi өтеу есебiне қосылмайды. Зиянды өтеу есебiне жәбiрленушiнiң денсаулығы зақымданғаннан кейiн алатын табыс та есептелмейдi.

   Осы жоғарыда айтылғандардың негізінде Сіздің еңбек құқықтарыңыз бұзылған болса, Сіз жергілікті еңбек инспекция басқармасына арызбен жүгінуіңіз қажет.

 

Сұрақтың нөмірі: 348478
21 ақпан, 2018 - 17:39 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз бе!

Жауап: 

Құрметті Аксамал Нурлановна!

   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен Жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі бекітілген (бұдан әрі - Тізбе).

   Тізбемен көрсетілген жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері жұмыскерлердің ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда жұмыс істеуіне байланысты беріледі.

   Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 89-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы беріледі.

   Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатындағы жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.

   Бұл ретте, көтермелеу сипатындағы жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыстар белгілеу жұмыс берушінің құқығы және оны беруді өзі шешеді.

 

Сұрақтың нөмірі: 348476
1 наурыз, 2018 - 11:16 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз ба! Менім сізге қойар сұрағым: Мектепте 3 оператор жұмыс жасайды 3 ауысыммен - 1 ауысым 24 сағаттан. Жұмыс уақыты балансындағы  сағаттан 1 айдағы сағаттары асып кетеді. Сол себепті операторларды 20-00 ден 8-00 дейін уақыт қойып, күндізгі уақытқа жұмысшы қызметкерлерге я болмаса шаруашылық меңгерушіге ақысыз жүктеуге бола ма ? Күзетші мен операторларға 1 ауысымға 24 сағат қойған дұрыс па?  Алдын ала рахмет!

Жауап: 

Құрметті Жәнібек Мұханбетқалиұлы!

   Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес ауысымдық жұмыс – тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс.

   Өндірістік процестің ұзақтығы немесе жұмыс берушінің өндірістік қызметінің режимі күнделікті жұмыстың жол берілетін ұзақтығынан (8 сағат) асатын жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін

   Кодекстің 83-бабына сәйкес жұмыскердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауы қажет.

   Осыған байланысты, жұмыскерге жұмыс ауысымының ұзақтығы 24 сағат деп белгілеу еңбек заңнамасына қайшы келеді және жұмыс берушіні жауапкершілікке алып келеді.

   Сонымен қатар, Кодекстің 111-бабының 1-тармағына сәйкес сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі.

Сұрақтың нөмірі: 348271
19 ақпан, 2018 - 20:12 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен 25 жыл еңбек өтілі бар мектеп мұғалімімін. Оқу жылының басынан бері денсаулығыма байланысты еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы (больничный) алып келемін. Маған қойылған диагноз түрі - туберкулез. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығына сәйкес туберкулез "кәсіптік аурулар мен уланудың тізбесіне" енгізілген. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 қаулысына сәйкес маған төленетін жәрдемақының (больничный) мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды емес пе?

Жауап: 

 Құрметті Жанна Сәдуакасқызы!

   Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 қаулысымен бекітілген . 

   Аталған қаулыға сәйкес қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі – жәрдемақы) мөлшері оның бір күндік орташа жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.

Қызметкердің бір күндік орташа жалақысының мөлшері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 114-бабының 3-тармағына сәйкес есептелген оның орташа жалақысының есебінен айқындалады.

   Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталатын болса, онда жәрдемақы мөлшері мен оның мөлшерін айлық шектеу алдыңғы және ағымдағы жылғы айлық есептік көрсеткішті бөлек қолдану арқылы жүргізіледі және алынған сомалар қосылады.

   Еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты қызметкерлерге, Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақылардың мөлшерлерін қоспағанда, бір айға төленетін жәрдемақының мөлшері тиісті жылғы айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан  аспауға тиіс.

   Бұл ретте, жүз пайыз мөлшеріндегі жәрдемқы тек Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға  берілетінін атап өтеміз. 

 

Сұрақтың нөмірі: 348251
17 ақпан, 2018 - 17:04 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

саламатсыздар ма? Туберкулезбен науқастанған адам қанша уақытқа дейін больничныйда немесе ақысыз күнде отыра алады? мысалы мектепте мұғалім болып жұмыс жасайтын кісі туберкулезбен науқастанып 3 жыл уйінде отыр. оның орнына уақытша қабылданған қызметкер 3 жыл бойы уақытша қызметкер ретінде жұмыс жасайды. осы қызметкер науқастанған адам сауығып жұмысқа қосылғанша немесе жұмыстан шыққанша уақытша қызметкер ретінде жүре береді ма? 

Жауап: 

Құрметті Жанна Жарилкасиновна!

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашасындағы Еңбек кодексінің 133-бабына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке қабілетсіздіктің бірінші күнінен бастап жұмысқа қабілеттілігі қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді.

    Жұмыскерлердің еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенде жұмысқа  шығады. Мүгедектік белгіленгенген жағдайда оның жұмысын жалғастыру мәселесі медициналық қорытындыда көрсетілген шектеулерге байланысты шешім қабылданатын болады.

     Сонымен қатар, Кодекстің 97-бабына сәйкес жалақы сақталмайтын демалыстың берілуі мен ұзақтығы мәселесі жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.

     Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру сұрағыңыз бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласуыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 348101
8 ақпан, 2018 - 20:36 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Құрметі Тамара ханым !!!

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, құрметті Нурахмед!

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 327 қаулысымен Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнің (бұдан әрі – Келісім) күші жойылды. Бұл ретте, Келісім қолданыста болған кезеңде тағайындалған зейнетақыны төлеу жалғасуда.

   Екі жақты шарттық қатынастар болмағандықтан Монғолиядан Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген азаматтарға ынтымақты зейнетақы төлемдерін тағайындаған кезде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі Монғолияда жинақталған еңбек өтілі есепке алынбайды.

   Зейнетақы төлемі азаматтардың 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі қажетті толық еңбек өтілі (20/25 жыл) болмаған жағдайда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне пропорционалдық есеппен толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдері белгiленедi.

   Сіздің зейнетақы ісіңіздегі құжаттар мұқият зерттеліп, төлем есептері ҚР заңнамаларына сәйкестігі  тексерілді.

   Іс-қағаздарыңыз бойынша 5 жыл 1 ай еңбек өтіліңізбен (Қазақстан Республикасында жұмыс істеген еңбек өтіліңіз есепке алынды) және 2013 – 2015 жылдар аралығындағы орташа жалақыңыздың есебінен толық емес көлемдегі жасыңызға байланысты зейнетақы төлемі тағайындалған.

   Бұдан басқа, Монғолиядан келген азаматтар Қазақстан Республикасында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін жұмыс жасаған болса, онда Қазақстан азаматтарымен қатар зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасқан жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы болады.

   2018 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі оның мөлшерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтілі және міндетті зейнетақы жарналары төленуінің нақты өтілі) белгілеу арқылы өзгертіледі.

   Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болатын адамдар үшін базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 % мөлшерінде белгіленетін болады, базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға 2 %-ға ұлғаяды.

 

Сұрақтың нөмірі: 347856
19 қаңтар, 2018 - 21:53 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен Абишева Асел Руслановна мемлекеттік мекемеде бас маман қызметін атқарамын (мемлекеттік қызметкермін). Менім  мүгедек топтағы балам бар. Заң талаптарына сай 1 тәулік жұмыс күн ішінде маған мүгедек топтағы балам үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған? (Мысалы 3 жасқа дейін балалары бар аналар бір тәулік жұмыс күн ішінде жұмыс арасында 1 сағат бала емізуге босатылады, ал мүгедек топтағы баласы барларға осындай босатулар қарастырылғанба?). Сұрағым түсініксіз болса 87011884816 байланыс телефонына хабарласу сұралады.

Жауап: 

Құрметті Асел Руслановна!

    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 76-бабының 4-тармағына сәйкес жұмыс беруші:

   - жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;

   - он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға құқылы емес.

   Кодекстің 127-бабының 5-тармағына сәйкес үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, егер медициналық қорытынды негізінде мүгедек балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруға мұқтаж болса, отбасының науқас мүшелерін күтуді жүзеге асыратын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.

   Кодекстің 82-бабына сәйкес бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (бала асырап алушыларға) баланы (балаларды) тамақтандыру үшін жұмыстың әрбір үш сағатынан сиретпей ұзақтығы мынадай:

   бір баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде отыз минут;

   екі немесе одан көп баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде бір сағат болатын қосымша үзілістер беріледі.

   Жұмыскердің өтініші бойынша баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерге қосылады не жиынтық үзілістер жұмыс күнінің (ауысымның) басында немесе аяғында беріледі.

   Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына қосылады. Үзілістер уақытында әйелдердің, әкелердің, бала асырап алушылардың орташа жалақысы сақталады.

   Қолданыстағы еңбек заңнамасымен мүгедек баланы тамақтандыру үшін қосымша үзілістер қарастырылмаған.

   Дегенмен, Кодекстің 70-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді.

   Жұмыскердің өтініші негізінде, толық емес жұмыс уақытының жағдайларына байланысты еңбек шартына өзгерістер енгізіледі. Жұмыскердің жасалған еңбек шартына:

   жұмыс уақыты жағдайларына;

   еңбек ақы төлеу жағдайларына өзгерістер енгізіледі;

   толық емес жұмыс уақытының режимі белгіленетін мерзім айқындалады.

   Сонымен қатар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерге қатысты Кодексте белгіленбеген қосымша кепілдіктер еңбек, ұжымдық шарттарда қарастырылуы мүмкін.

 

Сұрақтың нөмірі: 347807
19 қаңтар, 2018 - 21:50 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші