check

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбек құқығы мәселелері»

Сұрақ тақырыбы: 

Мемлекеттік қызметші 23.04.2015-23.04.2016 жылдар аралығындағы кезекті еңбек демалысының пайдаланбаған күндерімен қатар 2015-2016 жылдар аралығындағы кезеңіне сауықтыру үшін 2 лауазымдық жалақы көлемінде материалдық көмекпен бірге «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес 7 күнтізбелік күнімен бір айлық лауазымдық жалақы көлемінде материалдық көмек көрсету жөнінде өтініш қалдырған.

Жауап: 

Құрметті Құрманғазы! ҚР Еңбек кодексінің 90-б. 2-т. сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысына қосылады.
Демек, қосымша ақылы еңбек демалысы (соның ішінде «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес берілетін қосымша демалыс) негізгі еңбек демалысымен қатар берілуі тиіс.
Жұмыскердің қалауы және жұмыс берушінің келісімі бойынша қосымша ақылы еңбек демалысы негізгі еңбек демалысынан бөлек жұмыс жылының басқа уақытында берілуі мүмкін (Кодекстің 92-б. 3-т. сәйкес еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін).
Осы орайда, дер кезінде пайдаланылмаған еңбек демалыстары (негізгі және қосымша) жойылмай, жинақталып жұмыскерге кейін берілуі тиіс.
Сонымен қатар, Кодекстің 94-б. 3-т. сәйкес пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не оның бір бөлігін қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынатынын ескереміз.

Сұрақтың нөмірі: 351302
29 тамыз, 2018 - 20:09 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме? Мен Игенова Шынар кеңсе инспекторы лауазымына жоғарғы заңгер мамандығы болған жағдайда ғана жоғарғы білім туралы үстем ақы төленеме?

Жауап: 

Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерге, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағы 8) тармақшасына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын Азаматтық қызметшілер тізілімінің функционалдық блоктарына және білікті жұмысшыларға жатқызу жөніндегі әдістемелік ұсынымдары» бекітілген.
Аталған әдістемелік ұсынымдарға сәйкес мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар С2 буынына, біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар С3 буынына жатқызылған.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда, біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде еңбекақы төлеу С2 буыны бойынша анықталуы қажет.
Аталған әдістемелік ұсынымдар Министрліктің сайтындағы ресми бөлімде орналасқанын ақпарат ретінде хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 351260
18 тамыз, 2018 - 14:31 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Азаматтық қызметкер 0,5 бірлікпен жұмыс жасайды. Енді жыл сайынғы кезекті еңбек демалысы қанша күнге беріледі? 

Жауап: 

Құрметті Камбар Сулейменович!
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-бабының 1-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылатын жұмыс режимдері мен ауысымдық кестелерге қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі.
Сонымен қатар, Кодекстің 139 бабының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Осыған орай, 0,5 бірлікпен жұмыс жасайтын азаматтық қызметкерге отыз күннен кем болмайтын еңбек демалысы беріледі.

Сұрақ тақырыбы: 

ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу» Ережесіне сәйкес, сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:   

Жауап: 

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы тағайындау жүйесі «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысы негізінде анықталады.
Ереженің 3-тармағына сәйкес мерейтой, мереке күндері сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып табылады.
Ереженің 1-2 - тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйлық ақы беру:
1) мемлекеттік орган басшысы - бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісінің не оны алмастыратын тұлғаның;
2) жауапты хатшының орталық атқарушы органның басшысымен келісілген;
3) Қазақстан Республикасының Президенті жауапты хатшының өкілеттіктерін орындауға белгілеген лауазымды тұлғаның шешімі бойынша жүргізіледі.
Жоғарыда санамаланған тұлғалар бұл ретте осы Ережені басшылыққа ала отырып, осы органдар қызметкерлеріне сыйлық беру туралы Ережені дербес әзірлеуге және бекітуге құқығы бар.
Нақты жауап алу үшін жоғарыда аталған Ереженің әзірлеушісі - ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 351073
6 тамыз, 2018 - 10:07 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Мен мемлекеттік қызметте істегеніме 1 жыл 11 ай болды. 4 жастағы балам бар, отбасы жағдайым-ажырасқанмын. Алимент аламын. Басқармада штат санын қысқартуға байланысты, маған хабарлама 31.07.2018ж. беріліп отыр. ҚР Еңбек Кодексінің 54-бап 2-тармақшасын ескере келе, мен қысқартуға жатамынба? Бұйрық бойынша 2017-2018 жылдарға кезекті еңбек демалысым 06.08.2018 жылдан бастап шығарылған. Кезекті еңбек демалысымды ала аламынба? Қысқартылған күнде мемлекеттік қызметкер ретінде қандай өтемақы мөлшерін ала аламын?Толыққанда мәлімет беруіңізді сұраймын.

Жауап: 

Құрметті Айзада Омиртаевна!

Еңбек шартын тоқтату негіздері ҚР Еңбек кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 49-60-баптарында көрсетілген. Бұл ретте, жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі көрсетілуге тиісті.
Атап айтқанда, Кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
Жұмыс беруші осы көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу кезінде еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті. Еңбек шартын жұмыскердің жазбаша келісімімен бұзу хабардар ету мерзімі өткенге дейін жүргізілуі мүмкін (Кодекстің 53-бабының 1-тармағы).
Бұл жағдайда, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға шектеулерді сақтау қажет, нақтырақ айтсақ көзделген негіз бойынша мына жағдайларда еңбек шартын бұзуға жол берілмейді:
- жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен (Кодекстің 54-бабының 2-тармағы).
Кодекстің 96-бабының 2-тармағына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 56-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік органның штат саны қысқартылған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді делінген.
Осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік орган өздеріне қатысты қабылдаған шешімдер мен әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа шағым жасауға құқығы бар.

Сұрақтың нөмірі: 351072
14 тамыз, 2018 - 10:48 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Айдана Жанболатқызы!
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 95-бабына сәйкес жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.
Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады.
Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Осыған орай, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан жұмыскердің жазбаша келісімімен кез-келген уақытта жұмысқа шақыртуға болады.

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздарма. 

Менім төменде көрсетілген сұрағымның шешімін табуға ықпал етулеріңізді сұранамын. 

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері лауазымына -  біліктілік талабы бойынша -  білімі - жоғары, мамандығы "Информатика", жалпы еңбек өтілі "Іс-жүргізуші" лауазымында 3 жыл 4 ай жұмыс жасаған азаматшаны жұмысқа қабылдауға болады ма?  

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 101-бабының 8-тармағына сәйкес жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде, ал олар болмаған кезде Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығы және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.
Жоғарыда көрсетілген лауазымдар Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығы) көзделген.
Осы лауазымдардың атқаратын міндеттері және оларға қойылатын қажет, білімдері біліктілік талаптары әртүрлі.
Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алу менеджері лауазымына тағайындау үшін үміткер біліктілік сипаттамасында қойылған біліктілік талаптарға сай болуы керек.
Көрсетілген бұйрық «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған.

Сұрақтың нөмірі: 350921
8 тамыз, 2018 - 20:02 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлематсыздерме? менің қояр сұрағым, Менің туыс ағам бір кісіге мал бағатын жалшы болып жалданып жұмыс жасайды, бірақ жасаған жұмысына ақы ала алмай жүргеніне 3 жылдай уақыт болған, себебі: еш құжаты жоқ. Малын баққызып ақысын төлемеген жұмыс беруші, осы сәтте өз фазендасындағы үйшікке отырғызуымен байланысты, жалақы  мәселесін шештім деп санайды.

Жауап: 

Құрметті Сымбат Муратовна!

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жүзеге асырады.
Сол себепті, Сіздің ағаңыз аталған мәселе бойынша жұмыс берушінің орналасқан мекен-жайы бойынша облыстың немесе қаланың жергілікті еңбек инспекциясы басқармасына жүгінуіңіз қажет.
Еңбек инспекциясы түскен арыз негізінде мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізіп, бұзушылық анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қабылдайтын болады.

Сұрақтың нөмірі: 350593
24 шілде, 2018 - 08:57 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

                                                                      Қазақстан Республикасы еңбек   

                                                                      және халықты әлеуметтік қорғау 

                                                                      министрлігіне

                                                                      

 

 

            Мен,  Куренбаева Мергүл Шаяхметқызы Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының тұрғыны.  ( Мекен жайым:  Абай  көшесі  9/1, 65 пәтер).

Жауап: 

Құрметті Мергуль Шаяхметовна!

Сіздің арызыңызда көрсетілген сұрақтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзіретіне кірмейді. Осыған орай, осы сұрақ бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 350538
19 шілде, 2018 - 10:27 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме? Менің қоятын сұрағым: Келінім ауруханада әлеуметтік қызметкер болып жұмыс жасайды. Білімі орта. Осы әлеуметтік қызметкерлердің апталық жұмыс уақыты(сағат жұктемесі) туралы, алатын жалақысы туралы мәлімет берсеңіздер.  Құрметпен, Аманкельды Енсегенов.

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 28-бабына сәйкес, еңбек шартының мазмұнында жұмыскердің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары айқындалады.
Кодекстің 33-бабына сәйкес, еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.
Жоғарадағы негізге ала отырып, Сізге жұмыскердің жұмыс уақыты және еңбек ақының мөлшерін білу мақсатында, жұмыс берушіге жұмыскердің еңбек шартымен танысу туралы өтініш жасай алатындығыңызды назарыңызға жеткіземіз.

Сұрақтың нөмірі: 350221
27 маусым, 2018 - 18:38 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші