check

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбек құқығы мәселелері»

Сұрақ тақырыбы: 

І-топтағы мүгедекпін.Білімім жоғары, 2004 жылы "Әлемдік экономика" мамандығы бойынша "Халықаралық экономист" біліктілігі дәрежесін алдым. 2006 жылдың 12 мамырынан бастап "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант қызметін атқарудамын.

Жауап: 

1, 2-сұрақтар бойынша:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 101-п бұйрығымен «Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту жүйесінің басшылары, мамандары мен басқа да қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары» қабылданған болатын.
Оған сәйкес әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың біліктілігіне жоғары кәсіби білім (медициналық, экономикалық, заң, педагогикалық) немесе әлеуметтік, психологиялық бағдар бойынша жоғарғы кәсіби білім беру талаптары қойылған.
Сондай-ақ, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтік құқықтық актілердің кері күші болмайды.
Бұл ретте, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 6-қосымшасына сәйкес біліктілік сипаттамаларына сай арнаулы әлеуметтік қызметтерді тікелей көрсететін қызметкерлерге қосымша ақы төленеді.
3, 4-сұрақтар бойынша:
Қолданыстағы заңнамада ІІ-дәрежелі санат куәлік пен сертификаттардың жарамдылық уақыттарын белгіленбеген.
Сондықтан, бұл мәселе бойынша ІІ-дәрежелі санат куәлік пен сертификат берген ұйымдарға түсініктеме алу үшін жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 353766
3 қаңтар, 2019 - 11:26 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Аудан әкімінің орынбасары мені өзінің кабинетіне шақырып алып, белгілі бір бөлімге орын босаған жағадайда ауысуымды сұрады. Мен вакансия болған кезде ғана жұмыстан босап, ішкі конкурспен ауысуға келісімімді бердім. Келісетіндігіме кепілдік ретінде өзімнің жұмыс атқарып отырған бөлім басшысының атына жұмыстан босату туралы өтініш жаздырып алды.

Жауап: 

Құрметті Даулетияр Караманович!

Еңбек шартын тоқтату негіздері ҚР Еңбек кодекстің 49-60-баптарында көрсетілген. Бұл ретте, жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі көрсетілуге тиісті.
Мысалы, Кодекстің 53-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскердің өзінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға құқығы бар.
Айта кететін жайт, Кодекстің талабына сәйкес еңбек шартын бұзудың себебі мен жұмыскерді жұмысқа қайта алу мәселесі татуластыру рәсiмдері арқылы ұйымдағы келісу комиссиясы (Кодексің 159-161-баптары), ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша сот тәртібімен шешілуі тиісті.

Сұрақтың нөмірі: 353385
27 желтоқсан, 2018 - 18:19 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн!

Жауап: 

1-сұрақ бойынша
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 8-тармағына сәйкес жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде, ал олар болмаған кезде Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығы және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.
Осыған байланысты, қолданыстағы біліктілік сипаттамаларында қарастырылған біліктілік талаптары сақталуы тиіс.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі - Анықтамалық) Жалпы ережелерінің 8-тармағына сәйкес қызметкердің іс жүзіндегі орындайтын міндеттері мен біліктілігінің лауазымдық сипаттамасының талаптарына сәйкестігін комиссия (біліктілік, аттестациялық) анықтайды. Бұл ретте жұмыстың сапалы және тиімді орындалуына ерекше көңіл аударылады.
Яғни, қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға белгілеу жөніндегі шешімді ұйымның біліктілік комиссиясы қабылдайды.
Анықтамалықтың Жалпы ережелерінің 10-тармағы біліктілік комиссияның ұсынысы бойынша, ерекшелік ретінде, қолданылады.
2-сұрақ бойынша
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Жұмыс беруші мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті».
Демек, жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген міндетті орындауы шарт.

Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн!

Жауап: 

1-сұрақ бойынша
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 8-тармағына сәйкес жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде, ал олар болмаған кезде Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығы және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.
Осыған байланысты, қолданыстағы біліктілік сипаттамаларында қарастырылған біліктілік талаптары сақталуы тиіс.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі - Анықтамалық) Жалпы ережелерінің 8-тармағына сәйкес қызметкердің іс жүзіндегі орындайтын міндеттері мен біліктілігінің лауазымдық сипаттамасының талаптарына сәйкестігін комиссия (біліктілік, аттестациялық) анықтайды. Бұл ретте жұмыстың сапалы және тиімді орындалуына ерекше көңіл аударылады.
Яғни, қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға белгілеу жөніндегі шешімді ұйымның біліктілік комиссиясы қабылдайды.
Анықтамалықтың Жалпы ережелерінің 10-тармағы біліктілік комиссияның ұсынысы бойынша, ерекшелік ретінде, қолданылады.
2-сұрақ бойынша
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Жұмыс беруші мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жiберуге міндетті».
Демек, жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген міндетті орындауы шарт.

Сұрақ тақырыбы: 

Ассалаумағалейкум. Мен Жүнісов Бекдәулет Мизамғалиұлы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы "Бейнеу жұмыспен қамту" мемлекттік мекемесінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттымын. Сіздерден сұрайын деген сұрағым әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант қызметінде жұмыс жасайтын басқа өңірдің мамандарымен сөйлескенімде жалақыға 50 (елу) пайыз жалақы мөлшері қосылып беріледі екен. Біздерге елу пайыз жалақымызға қосымша төлем төленуі тиістіма соны білейін деп едім. Алдын ала рахмет жауап берсеңіздер.

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалақыға қосымша ақы төлеуге қатысты хатты қарап, Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің (ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1193 қаулысымен бекітілген) 6-қосымшасына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, мамандарына және басқа қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін лауазымдық айлықақыдан 50 % мөлшерінде қосымша ақы төленетінін хабарлайды.

         Сондай-ақ, ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін осы қаулыда белгіленген шекте қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшері заңнамаға сәйкес салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатынын атап өткен жөн.

Сұрақтың нөмірі: 353275
8 желтоқсан, 2018 - 19:56 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Жұмыс берушімен жұмыс алушы арасында жасалған еңбек келісім-шарты бойынша, жалақы мөлшері 50 000 теңге құраған. Алайда жұмыс берушінің қателігінен 10-ай ішінде маған 55 000 жалақы төленіп келген. жұмыс берушіден ай сайын төлем парағын (расчетный лист) алып отырғанмын . Қазіргі таңда маған жұмыс беруші артық аударылған ақшаны қайтаруға өтініш жазып беруімді сұрауда болмаса Акт жасалып ұсталатынын ескертуде. Бұл жағдайды Еңбек кодексінің 115-бабының 2-тармағына сәйкес менің жалақымнан ұстауға болатынын немесе менің қайтармауға қаншалықты құқығым бар екенін анықтап жазып берсеңіздер.

Жауап: 

Құрметті Біржан Төлегенұлы!

 

 

ҚР Еңбек кодексінің 115-бабына сәйкес бұл жағдайда, жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу жұмыскердің жазбаша келісуі болған кезде және жұмыс беруші актісінің негізінде жүргізілуі қажет.

Сізден келісім алындаған жағдайда жұмыс беруші арыз-талап түсіру арқылы сот тәртібімен шешілу қажет болатын.

Сондықтан, егер жұмыс беруші еңбек заңнамасын бұзатын болса, онда жұмыскер еңбек құқығын қорғау үшін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орғанға шағымдану қажет.

Еңбек инспекциясы түскен арыз негізінде мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізіп, бұзушылық анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қабылдайтын болады.  

Сұрақтың нөмірі: 353129
8 желтоқсан, 2018 - 18:33 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қазіргі таңда мен мемлекеттік мекемеде қызмет атқарудамын. Өзім 2-топ мүгедегімін. Қазқстан Республикасы еңбек кодексінің 69-бабынынң 3-тармағына сәйкес бірінші және екінші топтағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді делінген. 

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 69-бабы 3-тармағына сәйкес бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспайды.

Кодекстің 103-бабына сәйкес жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.

Сонымен бірге, Кодекстің 68-бабына сәйкес еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы азырақ жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.

Осыған орай, Сіздің сұрағыңыз жұмыс берушінің шешімі бойынша еңбек шартымен реттеледі.

 

Сұрақтың нөмірі: 352989
19 қараша, 2018 - 10:45 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме! Қоятын сұрағым төменегіше. Мен 2014 жылы қыркүйек айында республикалық бюджеттен қаржыландыратын МКҚК бала бақшаға жұмысқа орналастым, 2015 жылы мамыр айында уақытша еңбекке жарамсыздық парағын (больничный лист) өткіздім, алайда менің жұмыс орным Еңбек кодексінің 133-бапына сілтеме жасап мекеме өз қаражаты есебінен төлей алмайтындығын түсіндірді. Жоғарыда айтылған мән жайларды толықтыры түсіндіруіңізі өтінемін.

Жауап: 

Құрметті Нұрдаулет Жандавлетұлы!

 

ҚР Еңбек кодекстің 133-бабына сәйкес жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік парақтары негіз болып табылады.

Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Атап айтқанда, «Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері оның бір күндік орташа жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.

Қызметкердің бір күндік орташа жалақысының мөлшері «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес есептелген оның орташа жалақысының есебінен айқындалады.

Қағиданың 7-тармағына сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі (Сіздің жағдайыңызда еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде).

Оқиға – Еңбек кодексіне сәйкес орташа жалақының сақталуымен немесе төленуімен, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін берілетін өтемақымен байланысты жағдайлар.

Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңде есептелген жалақы сомасын есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.

Сонымен бірге, Қаулыға сәйкес еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты қызметкерлерге, Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақылардың мөлшерлерін қоспағанда, бір айға төленетін жәрдемақының мөлшері тиісті жылғы айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан аспауға тиіс.

Осыған орай, жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде орташа жалақыны есептеу үшін орташа сағаттық табыс қолданылатына есепке ала отырып, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлеу жұмыс режимін (ауысымдық кесте бойынша) ескере отырып жұмыскердің жұмыс сағатына келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін төленеді, бұл ретте жәрдемақының мөлшері айына 15 АЕК-нен аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Сондықтан, егер жұмыс беруші еңбек заңнамасын бұзатын болса, онда жұмыскер еңбек құқығын қорғау үшін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орғанға шағымдану қажет.

Еңбек инспекциясы түскен арыз негізінде мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізіп, бұзушылық анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қабылдайтын болады.  

 

Сұрақтың нөмірі: 352856
19 қараша, 2018 - 10:33 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Зейнеткерлік жасқа толған, кәсіби және біліктілік деңгейі жоғары жұмыскермен еңбек шарты оның еңбекке қабілеттілігі ескеріле отырып, ҚР еңбек кодексінде шектеусіз, жыл сайын ұзартылуы мүмкіндігі қарастырылған. Кәсіпорында 08.06.2017ж. жұмысқа қабылданған қызметкер 2019 жылдың ақпан айында зейнеткерлік жасқа толады. Бұл қызметкермен жоғарыда көрсетілген еңбек шартын ұзарту мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Сұрақ: Зейнеткерлік жасқа толған қызметкермен еңбек қатынастарын жалғастыру үшін еңбек шартына қосымша келісім жасау керекпе?

Жауап: 

Құрметті Айгерім!

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының               24)-тармақшасына сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

Қарастырылған жағдайда, жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын бұзбауы мүмкін, онда еңбек қатынастары өзгеріссіз жалғастырылабереді, немесе еңбек шарты бұзылады және жұмыскермен жаңа еңбек шарты жасалады бір жыл мерзімінде және жыл сайын ұзартуға құқығы бар.

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 352692
12 қараша, 2018 - 18:09 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік көмектер көрсету стандартын бекіту туралы" №1079 бұйрығының 3 -қосымшасымен уақытша болу және тұру ұйымындағы персоналдың ең төменгі штаттық нормативтері белгіленген.

Жауап: 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес (ҚР ДСӘДМ-нің 21.12.2016 ж. № 1079 бұйрығымен бекітілген) уақытша болу және тұру ұйымы персоналдың штаттық нормативтерін бюджет қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, Стандарттардың қосымшасында белгіленген персоналдың ең аз штаттық нормативтерін сақтай отырып қалыптастырады.

Яғни, персоналдың ең аз штаттық нормативтерін сақтай отырып, қажеттілік пен бюджет мүмкіндіктері болған жағдайда, қосымша персоналды алу орынды деп санаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 352584
7 қараша, 2018 - 17:59 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші