check

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбек құқығы мәселелері»

Сұрақ тақырыбы: 

          2013-2015 жылы бала күтіміне байланысты алған демалысым аяқталып, 1.09.2015 жылдан бастап мектепте  мұғалім болып жұмыс жасаймын. 2017-2018 оқу жылындағы 1.06.2018-26.07.2018 жж. аралығындағы тиісті еңбек демалысын алдым. 26.07.2018-1.10.2018 жж. жұмыс жасап, 1.10.2018 -4.02.2019 дейін (126 күнтізбелік күн) жүктілікке және босануға байланысты декреттік демалысқа шықтым. Одан кейін 4.02.2019 ж жұмысқа барып, тиісті кезекті еңбек демалысына өтініш бердім. Осыған орай, қояр сауалым тиісті еңбек демалысымның ұзақтығы неше күн?

Жауап: 

Құрметті Жангүл Сабырқызы! ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға құқылы, ал жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын жұмыскерге беруге міндетті.
Аталған құқықтар мен міндеттер жұмыкерде жыл сайынғы еңбек демалысын алуға құқық беретін еңбек стажының болуы жағдайында туындайды.
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;
4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.
Дегенмен, Кодекс жұмыс берушіге жұмыскерге еңбек демалысын онда жұмыс стажының толық емес болуы жағдайында да беру құқығын көздейді.
Кодекстің 92-б. 1-т. сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бірінші және екінші жұмыс жылдары үшін тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін (Кодекстің 92-б. 3-т.).
Кодекстің 93-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезектілігі жұмыс беруші жұмыскерлердің пікірін ескере отырып, бекітетін демалыстар кестесімен белгіленеді немесе тараптардың келісімімен айқындалады.
Жоғарыда айтылғанға орай:
- еңбек демалысын беруге қажетті еңбек стажы барлар үшін еңбек демалысы толығымен беріледі, егер жұмыскердің өзі оны бөліп алуды қаламайтын болса;
- егер жұмыскерде еңбек стажы болмаса немесе ол 12 айдан кем болса, жұмыскердің өтініші бойынша және жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмыскерге жыл сайынғы еңбек демалысы аванспен толықтай бнемесе нақты атқарылған жұмысқа бара бар түрде еңбек демалысының бір бөлігі берілуі мүмкін.
Бұл ретте, ҚР Еңбек кодексінен сәйкес, жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
Педагог қызметкерлердің еңбегі ҚР «Білім туралы» Заңымен реттеледі. Аталған Заңның 53-бабына сәйкес орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.

Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн!

2015 жылы бакалавр, 2017 жылы магистр дәрежесі бойынша ЖОО орнын бітірдім. Қазіргі таңда, Ғылыми Зерттеу Институтында 2017 жылдың тамыз айынан бастап Инженер- Ғалым хатшы көмекшісі қызметін атқарып келемін. Жалпы Институт зертханасына  2016 жылы қыркүйек айында қабылдандым.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген.
Сонымен бірге, аталған Бұйрықтың әзірлеушісі және білім және ғылым саласында уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.
Егер Сіздің ұйымыңыз мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорын болып табылмаса, бұл жағдайда Сіздің ұйымыңыздың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дербес анықталады.

Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Мәдина Ерасылқызы! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік көмектер көрсету стандартын бекіту туралы" №1079 бұйрығының (бұдан әрі-бұйрық) 3-қосымшасымен уақытша болу және тұру ұйымындағы персоналдың ең төменгі штаттық нормативтері белгіленген.

Жауап: 

Штаттық персоналды қалыптастыру, қосымша мамандарды, сондай-ақ ең аз штаттық нормативтеріне кірмеген мамандарды (әдіскер, бөлімше меңгерушісі) тарту мәселелері Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының (ҚР ДСӘДМ 21.12.2016 жылғы № 1079 бұйрығы) 22-тармағымен регламенттелген. Оған сәйкес уақытша болу және тұру ұйымы персоналының штаттық нормативтері көрсетілген стандартқа 3-қосымшада белгіленген уақытша болу және тұру ұйымдарындағы персоналдың ең төменгі штаттық нормативтерін сақтау арқылы бюджеттің қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып қалыптастырылады.

Сұрақтың нөмірі: 358434
27 ақпан, 2019 - 18:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерма? ҚР 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №1193 қаулысымен бекітілген 18 қосымшаның 5 тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің қазыналық кәсіпорындардың негізгі лауазымы (мамандағы) бойынша жұмыс уақтының қосымша жұмыс орындайтын қызметкерлеріне лауазымдарды қосымша атқарғаны үшін қосымша ақы 50% ЛА төленеді деп көрсетілген.

СҰРАҚ: Мемлекеттік мекемеде қызметтік автокөліктің жүргізушісі жоқ осыған орай жүргізушінің міндетін мекеме басшысы немесе орынбасарына жүктеп қоса алып жүре алама???????

Жауап: 

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару болып табылады.
Кодекстің Лауазымдарды қоса атқарғаны үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы № 1193 қаулысымен бекітілген 18 қосымшасының 5 тармағында көрсетілген Ескертпеге (5-баған) сәйкес «2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Көрсетілген қосымша ақылар мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың басшыларына және олардың орынбасарларына қолданылмайды».
Осыған байланысты, мекемеде қызметтік автокөліктің жүргізушісі жоқ болуына байланысты жүргізушінің міндетін мекеме басшысы немесе орынбасары қоса алып жүре алмайды.

Сұрақ тақырыбы: 

Добрый день. При поступлении на работу в государственное учреждение (колледж) с преподавателями заключены ИТД с продолжительностью рабочего времени 40 часов в неделю (ст.68 Закона о труде). Вопрос первый: сколько часов преподаватели должны находится на рабочем месте если имеют тарификационную нагрузку от 18 до 27 часов в неделю (нормативная учебная нагрузка согласно Закона об образовании ст.52 п.7 пп. 18 часов в неделю). Вопрос второй: как вести  табель учета рабочего времени в рабочих днях или по тафикационной нагрузки.

Жауап: 

Уважаемая, Елена Валильевна!

По первому вопросу:
Согласно пункту 3 статьи 8 Трудового Кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) особенности правового регулирования труда отдельных категорий работников устанавливаются Кодексом и иными законами Республики Казахстан.
Нормативная учебная нагрузка в неделю для исчисления месячной заработной платы педагогических работников установлено Законом РК «Об образовании».
Согласно пункту 7 статьи 52 Закона РК «Об образовании» нормативная учебная нагрузка в неделю для исчисления месячной заработной платы педагогических работников, непосредственно осуществляющих учебно-воспитательный процесс в государственных организациях образования, устанавливается:
1) 18 часов:
для организаций среднего образования и организаций образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования;
для организаций дополнительного образования обучающихся и воспитанников;
для специализированных и специальных организаций образования;
2) 24 часов:
для дошкольных организаций и предшкольных групп дошкольного воспитания и обучения и предшкольных классов организаций образования;
для детских юношеских спортивных организаций образования;
3) 30 часов для воспитателей интернатных организаций, лагерей отдыха, общежитий организаций технического и профессионального, послесреднего образования;
4) 25 часов для воспитателей специальных организаций образования и организаций образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.
В этой связи, по данному вопросу Вам необходимо обращаться в Министерство образования и науки Республики Казахстан.
По второму вопросу:
Согласно статье 79 Кодекса работодатель обязан вести учет рабочего времени, фактически отработанного работником.
Форма и порядок ведения учета рабочего времени определяются актом работодателем.
По третьему вопросу:
Согласно пункту 3 статьи 156 Кодекса коллективный договор может заключаться как в организациях, так и в филиалах и представительствах иностранных юридических лиц. В организации допускается наличие одного коллективного договора.

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз бе! 2 топтағы мүгедек (инвалид с детства) аула сыпырушы ретінде 1 ставкаға жұмысқа қабылданды, сол қызметкерге ағымдағы жөндеу мен кешенді қызмет көрсету бойынша жұмыскер лауазымының 0,5 ставка тағайындауға болады ма? бірақ жұмыс уақытын ҚР Еңбек кодексіне сәйкес аптасына 36 сағат етіп қалдыруға?

Жауап: 

Құрметті Арай Балқыбекқызы!

ҚР Еңбек кодекстінің 10-бабының 3-тармағына сәйкес келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының талаптары біржақты тәртіппен өзгертілмейді.
Осыған орай, жұмыскердің еңбек жағдайын өзгерту үшін ҚР Еңбек кодекстің 33-бабының талабына сәйкес еңбек шартына қосымша келісім жасау арқылы жүзеге асырылады.

Сұрақтың нөмірі: 358111
4 ақпан, 2019 - 17:17 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар есебінде тұрған жұмыссыздарды мамандықты талап етпейтін жұмыс берушілерден түскен бос жұмыс орындарына жіберген кезде (Техникалық қызметкерлерді: еден жуушы, іс қағаздарын жүргізуші, статист,) жұмыссыздардың кезектілік тәртібі сақталуы қажет пе?

Жауап: 

Құрметті Нұрлыбек Берікқалиұлы!
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сіздің жұмыссыздарды бос жұмыс орындарына жіберу кезіндегі кезектілік тәртібі туралы хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының 4-тарауына сәйкес еңбек делдалдығын жүзеге асыру мақсатында жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз ретінде тіркелген адамға жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын жасайды және одан кейінгі жұмыс осы жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілер бос орындарды ұсынғаннан кейін жұмыспен қамту орталығы кандидаттың кәсібін (лауазымын), кәсіптік даярлық және біліктілік деңгейін, жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын, жалақы деңгейін, жұмыс уақытының режимін ескере отырып, сондай-ақ жұмыс беруші бос орындарды тіркеу кезінде кандидаттар үшін белгілеген басқа да талаптар мен шарттарға сәйкес бос орындарға кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.
Кандидаттар мәлімделген бос орындарға жұмысқа орналасуға келіскен кезде және жұмыс жағдайы кандидаттарға сәйкес келген кезде жұмыспен қамту орталығы іріктелген кандидаттардың деректерін (резюмелерін) жұмыс берушіге жібереді, ал жұмыс беруші өз кезегінде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 23-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес жұмысқа қабылдау кезінде лайықты кандидатты өз бетінше таңдайды.
Осылайша, жұмыспен қамту орталығы өзіне берілген функциялар шеңберінде жұмыс берушілерге лайықты маман таңдауға, ал жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өзге де жүгінген адамдарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдесу үшін еңбек делдалдығын кезектілікке тәуелсіз жүзеге асырады.
Осы жауаппен келіспеген жағдайда заңнамада көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екендігіңізді ескертеміз.

Сұрақтың нөмірі: 358020
7 ақпан, 2019 - 17:39 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Тікелей басшыға қолма-қол берілмеген жұмыстан босату туралы өтінішке бұйрық шығару заңдыма?

Жауап: 

Құрметті Даулетияр Караманович!

ҚР Еңбек кодексінің 56-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шартында еңбек шартын бұзу туралы жұмыскердің жұмыс берушіге хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге жол беріледі.
«Хабарлама» – бұл жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге тәсілмен (курьерлік пошта, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы) берілген өтініштер.
«Жұмыс беруші» – бұл жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.
Осыған орай, жұмыскердің жазмаша өтініші жұмыс берушінің тікелей өзіне табысталуына немесе оның тиісті өкіліне тапсыруға (мекеменің кеңсесіне, мекеме басшысының қабылмау бөлмесіне, кадр маманына, тікелей басшысына) жол берілген.
Жоғарыда айтылғандарға орай, ҚР Еңбек кодексі аталған өтінішті жұмыскердің тікелей басшысына қолма-қол беруді міндеттемейді.

Сұрақтың нөмірі: 353777
10 қаңтар, 2019 - 17:43 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Жұмыстан босату туралы өтінішті тікелей басшының өзіне қолма-қол беру міндеттіма?

Жауап: 

Құрметті Даулетияр Караманович!

ҚР Еңбек кодексінің 56-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шартында еңбек шартын бұзу туралы жұмыскердің жұмыс берушіге хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге жол беріледі.
«Хабарлама» – бұл жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге тәсілмен (курьерлік пошта, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы) берілген өтініштер.
«Жұмыс беруші» – бұл жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.
Осыған орай, жұмыскердің жазмаша өтініші жұмыс берушінің тікелей өзіне табысталуына немесе оның тиісті өкіліне тапсыруға (мекеменің кеңсесіне, мекеме басшысының қабылмау бөлмесіне, кадр маманына, тікелей басшысына) жол берілген.
Жоғарыда айтылғандарға орай, ҚР Еңбек кодексі аталған өтінішті жұмыскердің тікелей басшысына қолма-қол беруді міндеттемейді.

Сұрақтың нөмірі: 353776
10 қаңтар, 2019 - 17:41 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Жұмыс берушіден жұмыстан босату туралы өтінішті кері қайтарып алу үшін не істеу керек?

Жауап: 

Құрметті Даулетияр Караманович!

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі- Кодекс) 56 баптың 1-тармағына сәйкес, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шартында еңбек шартын бұзу туралы жұмыскердің жұмыс берушіге хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге жол беріледі.
Сонымен қатар, Кодекс 56 баптың 4-тармағына сәйкес, осы бапта көзделген хабардар ету мерзімі ішінде тараптардың келісімі бойынша хабарлама кері қайтарылып алынуы мүмкін.

Сұрақтың нөмірі: 353775
10 қаңтар, 2019 - 16:01 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші