check

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

Cәлеметсіздер, перфузиологқа қосымша ақы төлеуге байланысты сұрақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, жұмысы психоэмоциялық және дене жүктемесімен жоғары дәрежеде ұштасатын дәрігерлерге БЛД-дан төленетін 150% қосымша перфузиолог маманына төлене ме? Қаулыда көрсетілген дәрігер мамандарының ішінде перфузиолог аталмаған.

Жауап: 

. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.

Қаулыға 5-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы қарастырылған.

Бұл ретте, қызметкерлердің лауазымдары мен мамандықтарының нақты тізбесі және олардың психоэмоциялық және дене жүктемесін айқындайтын өлшемшарттары қаулыға 21-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 353373
13 желтоқсан, 2018 - 13:17 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, жұмысы психоэмоциялық және дене жүктемесімен жоғары дәрежеде ұштасатын дәрігерлерге БЛД-дан төленетін 150% қосымша перфузиолог маманына төлене ме? Қаулыда көрсетілген дәрігер мамандарының ішінде перфузиолог аталмаған.

Жауап: 

. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.

Қаулыға 5-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы қарастырылған.

Бұл ретте, қызметкерлердің лауазымдары мен мамандықтарының нақты тізбесі және олардың психоэмоциялық және дене жүктемесін айқындайтын өлшемшарттары қаулыға 21-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 353325
13 желтоқсан, 2018 - 13:17 өзгертілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, жұмысы психоэмоциялық және дене жүктемесімен жоғары дәрежеде ұштасатын дәрігерлерге БЛД-дан төленетін 200% қосымша, перфузиолог маманына төлене ме? Қаулыда көрсетілген дәрігер мамандарының ішінде перфузиолог аталмаған.

Жауап: 

. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.

Қаулыға 5-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы қарастырылған.

Бұл ретте, қызметкерлердің лауазымдары мен мамандықтарының нақты тізбесі және олардың психоэмоциялық және дене жүктемесін айқындайтын өлшемшарттары қаулыға 21-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 353320
13 желтоқсан, 2018 - 13:16 өзгертілді

Саламатсыздарма! 2015 жылғы 31 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің №1193 қаулысындағы 18-Қосымшаның 9 тармағындағы 2тармақшасында Тазалаушыларға: дезинфекциялық құралдарды пайдаланатын өндірістік және қызметтік үй-жайларды;БЛА-дан 20 % дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, дәретханаларды жинаған кезде БЛА-дан 30 % делінген;

1 сұрақ: Балабақшада жұмыс істейтін тазалықшыға дез.құралды пайдаланғаны үшін 20% төленіп келе жатыр, ғимарат ішілік немесе ғимарат сыртындағы әжетхананы сол кісіге бектітіп берілген жағдайда тағы да 30% қосымша ақы сонда барлығы 50%төлену қажет па?

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.

Бірінші сұрақ бойынша.
Қаулыға 18-қосымшаға сәйкес еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстармен айналысатын тазалаушыларға:
- дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, өндірістік және қызметтік үй-жайларды жинаған кезде базалық лауазымдық айлықақыдан (БЛА) 20 % мөлшерде қосымша ақы белгіленген;
- дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, дәретханаларды жинаған кезде - БЛА-дан 30 %.
Егер қызметкер дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, өндірістік және қызметтік үй-жайларды, сондай-ақ дәретханаларды жинаған кезде, ең жоғары мөлшердегі бір ғана қосымша ақы жүргізіледі, яғни БЛА-дан 30 %.

Екінші сұрақ бойынша.
Қаулының 4-қосымшасы 2 тармақ 9-тармақшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиешілердің көмекшілеріне залалсыздандырғыш заттармен жұмыс істегені үшін БЛА-дан 30 % мөлшерде қосымша ақы көзделген.
Осыған орай, аталған ұйымдар тәрбиешілерінің көмекшілері топтардағы балалар және ересектер әжетханасын залалсыздандырғыш заттарды пайдалана отырып, тазалаған жағдайда жоғарыда аталған 30 % мөлшердегі қосымша ақы жүргізіледі.
Бұл ретте, қаулыға 18-қосымшаға сәйкес тазалаушыларға дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, дәретханаларды жинаған кезде көзделген қосымша ақы тәрбиешілер көмекшілеріне жүргізілмейтінін атап өтеміз.

Үшінші сұрақ бойынша.
Қаулымен асхана қызметкерлеріне (аспазшы, аспазшы көмекшілеріне) ыдыс-аяқ жуылғанда дезинфекциялық құралдарды пайдаланғандары үшін қосымша ақы қарастырылмағанын атап өтеміз.
Бұл ретте, Қаулыға 18-қосымшаға сәйкес ауыр қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстармен айналысатын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметшілері мен жұмысшыларына БЛА-дан 30 % мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған.
Аталған қосымша ақы «Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Тізім) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Аталған Тізімнің 46-бөлімінде (Экономиканың барлық саласының жалпы мамандықтары) плитаның жанында үнемi iстейтiн аспаз кәсібі көрсетілгенін атап өтеміз.

Сұрақтың нөмірі: 353309
19 желтоқсан, 2018 - 17:48 өзгертілді

Ассалаумағалейкум. Мен Жүнісов Бекдәулет Мизамғалиұлы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы "Бейнеу жұмыспен қамту" мемлекттік мекемесінің 1 жылдан бері әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттымын. Сіздерден сұрайын деген сұрағым әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант қызметінде жұмыс жасайтын басқа өңірдің мамандарымен сөйлескенімде жалақыға 50 (елу) пайыз жалақы мөлшері қосылып беріледі екен, ал бізге ол қосылмайды. Біздерге әлеуметтік жұмыс консультантттары елу пайыз жалақымызға қосымша төлем төленуі тиістіма соны білейін деп едім. Алдын ала рахмет жауап берсеңіздер.

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалақыға қосымша ақы төлеуге қатысты хатты қарап, Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің (ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. № 1193 қаулысымен бекітілген) 6-қосымшасына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, мамандарына және басқа қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін лауазымдық айлықақыдан 50 % мөлшерінде қосымша ақы төленетінін хабарлайды.

         Сондай-ақ, ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін осы қаулыда белгіленген шекте қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшері заңнамаға сәйкес салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатынын атап өткен жөн.

Сұрақтың нөмірі: 353287
8 желтоқсан, 2018 - 19:57 өзгертілді

Аудандық ауруханда жұмыс жасайтын мейірбике аяқ астынан науқас түсіп, қалаға жеткізу керек болды. Қалаға барып келу уақыты 1 күнтізбелік күнді құрайды. Бір күнтізбелік күнге кеткен мейірбике, жұмысы бітпей екінші күнге калып жатады. Бірақ қызметкер бір күнтізбелік күнге кеткен соң іссапар куәлігі берілмейді. Сұрақ Бір күнтізбелік күнге қандай өтемақы төленеді және қызметкерге іссапар куәлігін бермеу заңды ма?  Іссапар бұйрығы және іссапар куәлігі берілмеген соң, Жолда қызметкерге көлденең жағдай болса, жұмыс беруші толықтай жауап береме? 

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша іссапар бұл жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу.

Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге:

            1) іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер;

            2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары;

            3) тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.

Жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды  жұмыс беруші жүзеге асыруға міндетті.

 

Сұрақтың нөмірі: 353265
11 желтоқсан, 2018 - 08:26 өзгертілді

Сәлеметсіз бе!                                                                                                                                                                Екінші жарты жылдықтан бастап (яғни 2019 жылдың қаңтар айы) сынып толымдылығы 24 оқушыдан азайған жағдайда орыс тілі, орыс әдебиеті, ағылшын, информатика т.б. пәндерін екі топқа бөлмей оқытуға болама? Алдын ала рахмет!    

Жауап: 

Құрметті Жандос Орынгалиевич!

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» звңының 60-бабына сәйкес мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеу мен басқаруды жүзеге асыратын немесе тиісті мәселелерді шешу өз құзыретіне жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қолдануға қатысты нормативтік құқықтық актілерге өз құзыреті шегінде түсiндiрме бере алады.

Сізге, аталған сұрағыңыз бойынша түсініктеме алу үшін, білім беру саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне хабарласуыңыз қажет.

 

Сұрақтың нөмірі: 353119
29 қараша, 2018 - 12:20 өзгертілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 19 маусым 2018 жылғы №702 жарлығымен Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала қатарына енуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы негізінде А3 3-1 (облыстық маңызы бар қала) блогымен айлық жалақы алатын қызметкер 2018 жылғы 19 маусымнан бастап А3 2-1 (республикалық маңызы бар қала) блогімен айлық жалақы төленуін талап ете аладыма?

Жауап: 

Жауап: 

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулыға 1-қосымшаға сәйкес облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері басшыларының орынбасарлары еңбегіне ақы төлеу А3 2-1 буыны бойынша анықталған.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда, қызметкер аталған буын бойынша жалақы төленуін талап ете алады деп есептейміз.

Сиздерге берилген суракка осылай жауап алган болатынмын. Алайда маған 2018 жылғы 19 маусымнан бастап, маусым шілде тамыз айларына А3 2-1 буыны бойынша жалақы берілмей отыр.  Осы уакыттарга жалақымнын А3 2-1 буынымен толенуін талап етуге құқыгым барма? А3 2-1 буынымен тек қыркүйек айынан бастап кана толену керек деген заң барма? 

 

 

Жауап. Министрлік алдыңғы берілген жауаптағы көзқарасты ұстанатындығын хабарлайды.

Сіздің жағдайыңызда тиісті кезеңнің барлық уақытына тиісті буынмен жалақы төленуі тиіс деп есептейміз.

Сондай-ақ, еңбек заңнамасын бұзушылық орын алса, жергілікті (жұмыс беруші) жердегі мемлекеттік еңбек инспекциясына өтініш жасауыңызға болады.

 

Сұрақтың нөмірі: 352970
19 қараша, 2018 - 15:33 өзгертілді

Сәлеметсіздерме маған толық нақты жауап берсеңіздер.

Ауылдық округ әкімі  денсаулығына байланысты ұзақ мезімді еңбекке жарамсыздығына байланысты жұмыста жоқ , ай сайын еңбекке жарамсыздық парақшаларын өткізіп отыр  ( СД 2 тип тяжелой степени сахарного диабета,ЕII.7,I 70.2)

1-СҰРАҚ: Еңбекке жарамсыздық парақшасымен қанша айға дейін жұмысқа шықпай емделе алады?

2-СҰРАҚ: Осыған орай бас маман-хатшыға уақытша ауыл әкімінің міндетін атқару жүктелді, оның еңбек ақысы қалай саналады және төленеді?

3-CҰРАҚ: Өкім шығарғанда қай заңнамаға сілтеме жасауымыз керек? 

Жауап: 

бірінші сұрақ бойынша

Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 60 бабы                              3-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірмені соларды қабылдаған (шығарған) уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар береді.

Осыған байланысты, осы сұрақ бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінуді болатынын ұсынамыз.

екінші және үшінші сұрақ бойынша

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 143-бабына сәйкес  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының, судьяларының еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүгінуді болатынын ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 352943
14 қараша, 2018 - 18:34 өзгертілді

Мен, Төлепберген Құдайберген Жарылқапұлы 2016 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университтетін материалтану және жаңа материалдар технологиясы маманы бойынша техника ғылымдарының магистірі дәрежесі берілді. 2015 жылы Алматы облыстық дарында балаларға раналған физика-математика мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып қабылдандым, сол мектептен 2 санатты математика пәнінің мұғалімі біліктілігі берілді. Сонан соң жұмыстан шығып Қызылорда облысы, Қазалы ауданына басқа мектепке орналастым. Алайда, мектеп есепшісі менің айлық жалақымды ең төменгі коэфицентпен төлеп отыр.

Жауап: 

Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі - Ереже) сәйкес аттестаттаудан өткізіледі.

Осы бұйрыққа сәйкес, аттестаттау комиссиялары құрылады. Аттестаттау комиссиясының құрамы білім беру ұйымы, білім бөлімінің қалалық/аудандық, білім басқармасы, мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Осылайша, білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік дәрежелері  осы аттестаттау комиссиясының шешіміне сәкес беріледі.

Осыған қоса, аталған бұйрықты әзірлеу білім беру саласындағы уәкілеттік органның құзыретіне кіретіндіктен Сізге аталған сұраққа нақты жауап алу үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүгінудіңіз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 352757
15 қараша, 2018 - 10:05 өзгертілді

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші