Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы» | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

Сәлеметсіз бе? Менің қояр сұрағым: Негізгі мемлекеттік қызметшігің оқу демалысы кезеңінде оның орнына қабылданған Мемлекеттік қызметші жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кестесіне сәйкес жұмыс жылының, яғни мемлекеттік қызметшінің 13.12.2017 - 2018 жылдар кезеңі бойынша, 01.07.2018 жылы кезекті еңбек демалысын алуға тиіс болатын. Алайда, негізгі мемлекеттік қызметшінің 30.06.2018 жылы жұмысқа қайта келуіне байланысты, 29.06.2018 жылы жұмыстан босатылып, еңбек еткен күндері үшін еңбек ақы төленді. Сұрақ: осы мемлекеттік қызметшінің 01.01.2018 - 2019 ж.ж.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) жұмыскердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге міндетті.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңының 54-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi.
Сонымен бірге, Кодекстің 96-бабына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Осыған орай, қызметкерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілуі тиіс, алайда сауықтыруға арналған жәрдемақы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққан кезде күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша нақты жауап алу үшін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 351245
17 тамыз, 2018 - 09:23 өзгертілді

2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек түрі еңгізілді.Осыған байланысты 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап ассистенттер жұмысқа қабылданды. Ассистенттің еңбек ақысы Д блогы бойынша анықталды.Д блогы бойынша еңбек ақыға: 

Жауап: 

Бірінші сұрақ бойынша
Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулыға 6-Қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, мамандарына және басқа қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін лауазымдық айлықақыдан 50 % мөлшерде қосымша ақы қарастырылған.
Осыған орай, аталған қосымша ақы халықты жұмыспен қамту орталықтарының барлық мамандарына (оның ішінде, ассистенттерге) және басқа қызметшілеріне жүргізіледі.

Екінші сұрақ бойынша
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Кодексктің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Осыған орай, Сізбен аталған қызметкер мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорынның штаттық қызметкері болса, тиісінше қызметкер зейнеткерлік демалысқа шықпастан бұрын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққан жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы төленуі тиіс.

Сұрақтың нөмірі: 351077
6 тамыз, 2018 - 10:11 өзгертілді

Салеметсіздер ме! Түркістан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың арнайы кітапханасының бас бухгалтері ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 7 қосымшасында көрсетілген: к ітапхана, клуб мекемелері мен мұражайлар қызметкерлері мүгедектермен соқыр және саңыраулық азаматтармен жұмыс істегені үшін қосымша 30 пайыз БЛЖ-дан төленетін қаржы қандай қызметкерлерге төленеді? Мысалы, біздің мекемеде сегіз көзі көрмейтін 1-топ көз мүгедектері жұмыс істейді (оқырмандардан басқа). Басшы директорда 1-топ көз мүгедегі.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулыға 7-қосымшаға сәйкес кітапханалар, клуб мекемелері және музейлер қызметкерлеріне:
- дене бітімінің дамуында кемістігі бар азаматтармен жұмыс істегені үшін;
- зағип және саңырау азаматтармен жұмыс істегені үшін базалық лауазымдық айлықақыдан 30 % мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда Сізбен аталған қызметкерлер (бухгалтер, экономист, жүргізуші) зағип және саңырау азаматтарға тікелей қызмет көрсетпейтіндіктен, аталған қосымша ақы оларға жүргізілмейді деп есептейміз.
Аталған сұрақ бойынша толық ақпарат алу үшін мәдениет саласында уәкілетті орган - ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 350983
1 тамыз, 2018 - 16:28 өзгертілді
Жауап: 

Құрметті Айдана Жанболатқызы!
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 95-бабына сәйкес жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.
Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады.
Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Осыған орай, жұмыс беруші жұмыскерді өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан шақыртқан жайғдайда, жұмыскерге шақыртылған уақыттан бастап еңбек ақы төленеді.

Саламатсыздар ма!  Мен  Арал ауданы,Жақсықылыш кентінде  мектепте  бағдарламашы болып  жұмыс жасаймын! Бізге сельский төленема ?  Мектеп  мұғалімдеріне  төленеді бірақ . Осы  туралы жауап беруіңізді  сұраймын!

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
Сондай-ақ, бұл норма «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңында көзделген, яғни ауылдық елдi мекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандардың (яғни, мұғалімдердің, дәрігерлердің және т.б.) тартылуын ынталандыру мақсатында және ауылдық аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Осыған орай, Сіз көрсеткен бағдарламашы лауазымы барлық қызмет салалары үшін ортақ болып табылатындықтан және жоғарыда аталған салалар мамандарына жатпайтындықтан аталған төлем оларға қолданылмайды.

Сұрақтың нөмірі: 350294
27 маусым, 2018 - 18:45 өзгертілді

Саламатсыздар ма!  Мен  Арал ауданы,Жақсықылыш кентінде  мектепте  бағдарламашы болып  жұмыс жасаймын! Бізге сельский төленема ?  Мектеп  мұғалімдеріне  төленеді бірақ . Осы  туралы жауап беруіңізді  сұраймын!

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
Сондай-ақ, бұл норма «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңында көзделген, яғни ауылдық елдi мекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандардың (яғни, мұғалімдердің, дәрігерлердің және т.б.) тартылуын ынталандыру мақсатында және ауылдық аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Осыған орай, Сіз көрсеткен бағдарламашы лауазымы барлық қызмет салалары үшін ортақ болып табылатындықтан және жоғарыда аталған салалар мамандарына жатпайтындықтан аталған төлем оларға қолданылмайды.

Сұрақтың нөмірі: 350231
27 маусым, 2018 - 18:43 өзгертілді

Саламатсыздар ма!

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің 1-тармағына сәйкес жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы қоса атқарылатын жұмыс болып табылады.
Бұл ретте, қоса атқарылатын жұмыс кезінде бөлек еңбек шарты жасалуы қажет.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Сіздің жағдайыңызда аталған қызметкерлердің 0,5 ш.б. қосымша жұмыстары қоса атқарылатын жұмыс болып табылады.
Осыған орай, қоса атқарылатын жұмыс кезінде еңбек шарты жалпы негіздеме бойынша жасалатындықтан, сауықтыруға арналған жәрдемақы негізгі жұмыс орны бойынша, сондай-ақ қоса атқаратын жұмысы бойынша нақты жүктемесіне қарай төленеді.

Сұрақтың нөмірі: 350188
22 маусым, 2018 - 15:27 өзгертілді

Мен, мектепте 1 жүктемемен мектеп директорының бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасаймын, қосымша тарих пәнінен 9 сағатым бар. Сұрақ: Еңбек демалысым мен біржолға материалдық көмек ақысын тек ғана орынбасарлық жүктемеме төленедіме,әлде орынбасарлығыма және 9 сағатыма бөлек-бөлек төленедіме? Алдын-ала рахмет!

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің 1-тармағына сәйкес жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы қоса атқарылатын жұмыс болып табылады. Бұл ретте, қоса атқарылатын жұмыс кезінде бөлек еңбек шарты жасалады.
Осыған орай, еңбек шарты жалпы негіздеме бойынша құрылатындығын ескере отырып, қоса атқаратын жұмыс кезінде қызметкерге еңбек заңнамасымен белгіленген тиісті төлемдер, оның ішінде еңбек демалысының ақысы, сауықтыру жәрдемақысы негізгі жұмыс орны бойынша да және қоса атқаратын жұмыс орны бойынша да (Сіздің жағдайыңызда 1,5 жүктемеге) төленеді.

Сұрақтың нөмірі: 350133
19 маусым, 2018 - 18:50 өзгертілді

Сәлеметсіз бе? Менің педагогикалық екі жоғарғы білімім бір. Біріншісі - қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, екіншісі - информатик. Шағын жинақталған ауылдық мектепте маман тапшылығына байланысты "бастауыш сынып мұғалімі" мамандығының колледжін бітіріп, қазіргі таңда бастауыш сынып және информатика пәнінен  сабақ беремін. Менің сұрағым: "Еңбекақым жоғары білім бойынша төлену керек па, әлде арнаулы орта білім бойынша төлену керек па?

Жауап: 

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес шағын жинақты мектеп педагогіне қойылатын біліктілік талаптары:
- тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе аралас пәндер бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, аралас пәндер бойынша біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификатының болуы, сондай-ақ музыка, технология, сызу, БӘД, дене шынықтыру, информатика пәндерінің оқытушылары үшін жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз бейіні бойынша жоғары білімінің болуы.
- орта деңгейдегі біліктілік санаты жоқ маманның техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) білімінің немесе аралас пәндер бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімінің, сондай-ақ, музыка, технология, сызу, БӘД, дене шынықтыру, информатика пәндерінің оқытушылары үшін бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімінің болуы, жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз аралас пәндер бойынша біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификатының болуы.
Аталған мәселеңіз бойынша нақты ақпарат алу үшін білім саласындағы уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінуіңіз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 350066
15 маусым, 2018 - 18:54 өзгертілді

Сәлеметсіз бе!

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам деп көрсетілген.
Бұл ретте, мемлекеттік органдар өздерінің штат санының шегінен тыс (еңбек шартының негізінде) «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) негізінде техникалық қызмет көрсететін және мемлекеттік органдардың жұмысын қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді жұмысқа қабылдай алады.
Осыған байланысты, мемлекеттік органдардың штат санының шегінен тыс жоғарыда аталған Бұйрыққа сәйкес қабылданған қызметкерлер азаматтық қызметшілерге жатпайды, тиісінше оларға Кодекстің 139-бабымен анықталған норма қолданылмайды.
Аталған қызметкерлерге еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.

Сұрақтың нөмірі: 350031
15 маусым, 2018 - 19:17 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші