check

You are here

Өндірісте еңбек қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету

Бүгінгі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде жоғары билік өкілдері, саясаткерлер, ғалымдар және сақтандыру компаниялары өндіріс орындары жұмыстарын жақсарту мен еңбек процесін оңтайландыру жолдарын іздеуге көп көңіл бөлуде. 
Жұмыс барысындағы жағдайды жақсартып, мәселелерді шешу үшін Халықаралық еңбек ұйымы жұмыс істейді. Ұйымның негізгі міндеті – еңбек жағдайларының сапасын барлық аспектілері бойынша жақсарту: өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын-алу, эргономика принциптерін қолдану, жұмыс уақытының жалғасуына қатысты келісім, еңбекті ұйымдастыру және жалпы еңбек шарттарын бақылауда ұстау.
Көптеген өнеркәсіптік дамыған елдерде еңбек қауіпсіздігі жүйесі жұмыс жасайды. Мысалы Швеция еңбек жағдайлары туралы заң қабылдады. Оның негізінде кәсіпорындарда арнайы бөлімдер құрылып, еңбек қауіпсіздігіне жауапты адамдар жұмыс істей бастады. Осыған ұқсас заңдар Норвегия, Нидерланд, Ұлыбритания, Ресей және т.б. елдерде бар.
Сонымен қатар, АҚШ-тағы қазіргі кездегі еңбекті қорғау жүйесінің құқықтық негізі 1970 жылы қабылданған. Соның аясында елде еңбекті қорғау және жұмысшылардың кәсіби денсаулығы туралы федералды заң жүйесі бар. Сондай-ақ, еңбекті қорғау және жұмысшы денсаулығына қатысты арнайы федералды бағдарламалар (қауіпті салалардағы салалық бағдарламалар, стратегиялық серіктестік бағдарламалары, кеңес беру бағдарламалары, білім беру, оқыту, гранттық бағдарламалар және т.б. ) жұмыс жасайды.
Елімізде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жұмыс орнындағы кәсіби қауіптерді азайту мәселесі әлі де өзекті. 2019 жылдың бірінші жартысындағы нәтиже бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеруі барысында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласында 1253 заң бұзушылық анықталған. Сондай-ақ жұмыс берушілерге заң бұзушылықтарды жою туралы 230 шешім шығарылып, 11,3 млн. теңге көлемінде 196 айыппұл салынды.
Аталған тізімде жұмысшыларды оқыту және нұсқаулық бермеу, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етпеу секілді заң бұзушылықтар бар. 
2019 жылдың бірінші жартыжылдығы нәтижесі бойынша, республика кәсіпорындарында жазатайым оқиғалардан 643 адам зардап шеккен. Бұл өткен жыл көрсеткішімен салыстырғанда (2018 ж. - 701 адам) 8%-ға төмен.
Сонымен қатар, қайтыс болғандар саны 65 адамды құраған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда (85 адам) 23%-ға төмен.
Өткен жыл көрсеткішімен салыстырғанда зардап шеккендер санының өсуі Павлодарда (54 адамнан 56 адамға дейін), Жамбылда (20 адамнан 31 адамға дейін), Алматыда (6 адамнан 17 адамға дейін) байқалды. Батыс Қазақстан (24 адамнан 31 адамға дейін) облысында және Нұр-Сұлтан қаласында (18 адамнан 33 адамға дейін) өсім тіркелген. 
Өлім санының өсуі Жамбыл (2 адамнан 5 адамға дейін), Алматы (2 адамнан 4 адамға дейін), Павлодар (2 адамнан 4 адамға дейін) облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында (бірге 5 адамнан 6 адамға дейін) артқан. 
Экономика салалары бойынша ең көп зардап шеккендер – тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында 15%, құрылыс индустриясында 10%.
Жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыратын жиі кездесетін заң бұзушылықтар қатарына қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу, қызметкерлерді оқыту мен нұсқаулықты өткізбеу жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жабдықтармен қамтамасыз етпеу жатады. 
Жалпы қабылданған кешенді шаралар өндірістік жарақат алудың оң динамикасын сақтауға мүмкіндік берді.
Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылса да, қаіпсіздік шараларын сақтау жұмысшыларға тікелей байланысты. Жұмысшылардың қауіпсіздігіне салғырт қарау және жұмыс берушілер тарапынан қауіпсіз еңбек жағдайларының болмауы екі тараптың да немқұрайлылығынан болады. Осындай олқылықтарға жол бермеу жұмыс орнындағы кәсіби қауіптерді азайтады. Сондай-ақ, кәсіподақтар осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруы керек.

Жаңа форматағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

 Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша  2019 жылдың 1 шілдесінде аз қамтылған отбасылар қатарындағы 1574 мың азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.   Республика  бойынша  аталған көмектің бір айда 1 алушыға шаққандағы орташа мөлшері  13471,7 теңгені құрайды. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген  қаражаттың  54,7  пайызы  ауыл тұрғындарына төленді.

Шартты  және шартсыз ақшалай көмектер

  Өңірлік  жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының  мәліметтері бойынша 2019 жылдың 1 шілдесінде  шартсыз ақшалай көмек (ШАК)  193,9  мың адамға,  шартты ақшалай көмек (ШАК) 1380 адамға  тағайындалды.    Республика бойынша  шартсыз ақшалай көмектің (ШАК)  1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 16320,9 теңгені, ал шартты ақшалай көмектің (ШАК)  1 алушыға шаққанда орташа айлық мөлшері 13060,2 теңгені құрады.      

Борыш жүктемесін азайту-2
Бөлімдер:
20 шілде, 2019 - 11:56 өзгертілді
Борыш жүктемесін азайту
Бөлімдер:
20 шілде, 2019 - 11:17 өзгертілді
Еңбек нарығы

Облыстық, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының мәліметтері бойынша 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында 342,0 мың адам жұмыспен қамту мәселесі жөнінде өтініш жасаған. 2019 жылдың 1 шілде  жұмыспен қамту органдарында 176,7 мың адам  тіркелінген. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен 208,1 мың адам немесе уәкілетті органдарға жүгінгендердің жалпы санының 60,7 пайызы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 17,0 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 15,1 мың білім беру ұйымдарының түлегі жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

2019 жылдың өткен кезеңі бойынша 55,5 мың адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды, 21,6 мың адам кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберілді.

инфографика
Бөлімдер:
27 маусым, 2019 - 14:49 өзгертілді

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші