check

You are here

выплата

2016 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) жүктілік пен босануға, бала асырап алуына, бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайға байланысты азаматтарға 125.5 млрд. теңге төленді.  

госинспектор

2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1852 кәсіпорнында 50,6 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 7,1 млрд. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады. 

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1688 ұйғарым беріліп, 262,8 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.   

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 48 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 6,8 млрд. теңге төленді.   

ирс

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР миграциялық саясатындағы жаңа тәсілдер» тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау, миграция және көші-қон  комитетінің басшысы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ақмади Сарбасов хабарлады.

Өз сөзінде ол ҚР көші-қон саясаты ішкі еңбек нарығын қорғау мен оны отандық мамандар үшін сақтауға, сонымен қатар, жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға негізделгенін атап өтті (әрі қарай ШЖК).

қан

2016 жылдың қаңтар мен қараша айларының аралығында Қазақстанның қан қызметі 171 мың 98,1 литр қан немесе құрамында 208 мың 300 дозадағы эритроциттер, 265 мың 600 дозадағы плазма, 33 мың 15 дозадағы тромбоциттер, 9 мың 400 дозадағы криопреципитаттар бар 516 мың 315 қан мөлшерін дайындады.

Аталған кезеңде медициналық ұйымдарға 153 мың 237 дозадағы эритроциттер, 130 мың 820 дозадағы жаңа мұздатылған плазма, 30 мың 400 дозадағы тромбоциттер  берілді.

пенсия

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерінің 2017 жылы артуы туралы нақты түсіндірме берді.

ҚР ДСӘДМ басшысы ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп жүргізілген есепті ескере отырып, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшерінің 20%-ға өсетінін хабарлады.

поздравление

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі ҚР-дағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу (әрі қарай - МӘМС), «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша журналистер арасында үздік жарияланымдар республикалық байқау жеңімпаздарын марапаттады.

ДСӘДМ

Бұқаралық ақпарат құралдарында таралған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі - ӘМСҚ) жарналар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап аударылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

иран

Бүгін Ақордада Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханидың Қазақстанға сапары барысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова мен Иран Сыртқы істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасы еңбек кооперациясы мен әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасындағы еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы Өзара түсіністік меморандумына қол қойды. 

дкз

Ағымдағы жылдың 11 айында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдау шаралары 182,8 мың адамға көрсетілді. Оның ішінде 141,3 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша (инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту негізіндегі жұмыспен қамту) биыл 81,5 млрд. теңге сомасына 5 мың 741 жоба  жоспарланған болатын.

предпринимательство

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркинаның басшылығымен бейнеконференция тәртібінде «Нұр Отан» партиясының 2016-2020 жылдарға арналған  «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамту мен халықтың әлеуметтік осал тобын қолдау» бағдарламасы бойынша «Нұр Отан» партиясы комиссиясының отырысы өтті.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші