check

You are here

жұмыспен қамту

3-5 сәуір аралығы Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Сарыағаш аудандары және Шымкент қаласында өткен солтүстік өңірлер жұмыс берушілерінің бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысында, 672 отбасы еліміздің теріскей аймақтарына қоныс аударуға шешім қабылдады. Олардың ішінде 96 отбасы Мақтаарал ауданынан болса, 124 отбасы Сарыағаш ауданында және 452 отбасы Шымкент қаласында тұратын болып шықты.

жұмыспен қамту

Бүгін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, ҚР «Халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасына қатысты қоғамдық тыңдау өткізілді.

Шараға бейнебайланыс арқылы ҚР Парламенті, орталық мемлекеттік органдар, ҚР Заңнама институты, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты.

қоғамдық кеңес

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (әрі қарай – ҚР ЕХӘҚМ) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау байқауы жарияланды.

Қоғамдық кеңесті жұмыс тобы мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңеске мүшелікке үміткерлерді ұйымдармен қатар, азаматтар өздері ұсына алады.

Биржан Нурымбетов

Жамбыл облысында, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында, 7,9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы, бүгін, аталған бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері жөнінде облыс әкімдігінде өткен семинар-кеңес барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

нұрымбетов

Бүгін, Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді.

жұмыспен қамту

Бүгін Шымкент қаласында Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары жұмыс берушілерінің бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

еңбек құқығы

2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 437 кәсіпорнында 7,7 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 943 млн теңгеден астам қарыз бар екенін анықтады. 

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 388 ұйғарым беріліп, 49 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.   

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 654 млн теңге төленді.  

әлеуметтік төлемдері

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жасаған төлемі 23,5 млрд. теңгені құрады. Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жұмсалған қаржы 9,6 млрд. теңгеге жетсе, баланың бір жасқа толуына байланысты күтіміне 11 млрд. теңге қарастырылып, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 1,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 1,1 млрд. теңге, жұмыссыз қалу жөнінен 0,2 млрд теңге шығындалған.

жұмыспен қамту

Алматы, Астана және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту орталықтарында (әрі қарай – ЖҚО) көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында электрондық кезек енгізілді.

Жыл аяғына дейін электрондық кезек еліміздің барлық облыс орталықтарындағы ЖҚО-ларда іске қосылады.

Сонымен қатар, 172 халыққа қызмет көрсету орталығында (әрі қарай – ХҚКО) жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері үшін 206 жұмыс орны құрылып үлгерді. Бұл дегеніміз, жұмыс іздеген әр жан, енді ХҚКО мекемелеріне де бара алады. Жақын арада ЖҚО мамандары қалған 98 ХҚКО-ларда да қажетті әрекеттерге кіріседі.

жұмыспен қамту

       Бүгін, Орал қаласына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай – АӘК) көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші