check

You are here

Украина 2013 жылдың соңына дейін Қазақстандағыдай Жұмыспен қамту картасын әзірлейді. Бұл туралы шетелдік Еңбек министрліктері делегациясының Ақмола облысымен танысу сапары кезінде Украинаның Әлеуметтік саясат министрі Наталья Королевская мәлімдеді.

Татарстан «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асырудағы қазақстандық тәжірибені енді өз елінде қабылдайтын болады. Бұл туралы шетелдік Еңбек министрліктері делегациясының Ақмола облысымен танысу сапары кезінде Татарстанның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Айрат Шафигуллин мәлімдеді.

Шетелдік Еңбек министрліктері делегациясы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқандығымен танысу мақсатында Ақмола облысында болды.

Делегация құрамында Украинаның әлеуметтік саясат министрі  Н. Королевская, Татарстанның  Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау министрі А. Шафигуллин, Ресей Федерациясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры С. Нечаева және басқалар болды.

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов VI Астана  экономикалық форумы кезінде еңбек министрлеріне G-global коммуникативтік алаңында халықаралық  онлайн-конференция ұйымдастыруды ұсынды.

Бұл туралы еңбек министрі Серік Әбденов конференциядағы баяндамасында мәлімдеді.

 

Бүгін VI Астана экономикалық форумы аясында Тәуелсіздік сарайында «Әлемдік жұмыссыздық: кешенді шешу жолдары» атты баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов: «Дағдарыстан шығу үшін мемлекеттік еңбек нарығын реттеу керек», - деп атап өтті.

 

   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде шетелдік және қазақстандық жұмысшылар арасындағы теңсіздік  және де шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған көші-қон жөніндегі халықаралық және дипломатиялық ұйым өкілдерінің миссиясы, ҚР Сыртқы істер, Экономика және бюджетті жоспарлау, Өңірлік дамыту, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері, ҚР Статистика агенттігі, сарапшылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

 

   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін жаңғыртуға байланысты арнайы заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының қарауына өткендігін ресми  түрде жариялайды.

 

Білім беру, жұмыспен қамту және зейнетақы жүйесі мәселелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтың Шығыс Қазақстан облысына барған сапарында басты тақырыпқа айналды.

Кешеден бері шығыс өңірде жұмыс бабымен жүрген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов бүгін Өскемен техникалық колледжінде болып,  «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында облыс көлемінде атқарылған жұмыстармен танысты. Сонымен бірге, бағдарламаға қатысушы білім алушылар мен жұмыс берушілермен кездесті. Кездесуде жаһандық мәселеге айналып отырған жұмыссыздық мәселесі және халықтың әл-ауқатын жақсарту жайы кеңінен сөз болды.

 

Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы заң жобасын түсіндіру үшін Өскемен қаласына барды. Минстр өзінің жұмыс сапарын Өскемен құс фабрикасын аралаудан бастады. Мұнда ол тауық фабрикасының жұмысшыларымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Бұдан әрі заманауи үлгіде жабдықталған цехтарды аралап, зауыттың тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші