You are here

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;

2) асыраушысынан айрылған жағдай;

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылуына байланысты табыстың бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы

5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақыға құқығы бар.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мерзімі Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды қоса өтінішті тіркеу күнінен бастап он жұмыс күннен, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – сегіз жұмыс күннен аспау керек.

Мүгедектігі бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі белгілеген мүгедектіктің барлық кезеңіне тағайындалады.

Зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру үшін тұрғылықты тұратын жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияға жүгіну керек.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақыны алушы зейнеткерлік жасқа толған кезде оған базалық зейнетақы төлемі, сондай-ақ егер алушының еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша алты айдан кем емес болса оған жасына байланысты зейнетақы тағайындалады. Жасына байланысты ынтымақты зейнетақыны тағайындаған кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тоқтатылады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15,7 еселенген мөлшерінде, Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болып табылатын, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға респуб

Егер өтініш жасаған кезде адамға мүгедектік белгіленген болса, мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, Мемлекеттік корпорацияға беріледі.

Он сегіз жасқа толған кезде білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші