You are here

Сұрақ тақырыбы: 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бір отбасының мүшелері, яғни ерлі-зайыптылар бір-бірінен бөлек несие рәсімдеген және несие көлемі 3 млн теңгеден аспаған болса, әрқайсысының қарызы жеке-жеке өтелетінін мәлімдеген болатын. eGov порталы арқылы тексергенімізде мен бағдарлама қатысушысы болып табыламын, ал күйеуім Әбдіраманов Руслан Әбдірәсілұлы ЖСН 760601303099 бағдарлама қатысушысы емессіз деп тұр. Көп балалы отбасы статусымыз бар. Сізден, бағдарлама қатысушысы ретінде тіркеуіңізді сұраймын.Алдын ала рахмет.

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 363131
5 қыркүйек, 2019 - 17:30 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен Даулетбекова Лаззат. 3 баланың анасымын. Асыраушымнан айырылғанмын. Әлеуметтік көмекке жатамын ба? Несие кешіріледі деген жерде ол тізімге мен кіргізілмегенмін. Жарлық бойынша "асыраушысынан айырылғандар" кіреді делінген ғой. Күйеуім қайтыс болған кезде несиесі болған. Ол кешіріле ме? 

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 363119
5 қыркүйек, 2019 - 16:22 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен Абдрахманов Жадигер Шалабайұлы 29 жасқа толмаған жетім балалар қатарына кіремін. Кредиттерімнің жалпы мөлшері 3 млн аспайды. Бірақ е.гов порталында "Сіз берешекті өтеу жөніндегі шараларға қатыспайсыз" деп шығып тұр. ЖСН: 920123300487

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 363077
5 қыркүйек, 2019 - 09:27 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қазақстан Республикасының еңбек және қалықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 363076
4 қыркүйек, 2019 - 23:39 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз ба! Биз көп балалы отбасы ретінде АСП алушы отбасы ретинде тиркеудемиз.Бирак кредит бойынша карызды томендету багдарламасы  куйеумнің гана кредитин кеширген.Ал менің кредитім кешірілмеген,Осы сұрагым бойынша қайда барып білсем болады ?(күйеуммен заңды некеге тіркелмегенмін)

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 363074
4 қыркүйек, 2019 - 20:56 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздар ма! Мен президенттің шыққан жарлығына сәйкес  "Тұтынушылық мақсаттағы несие" бойынша кешірілетін адамдардың тізімін қайдан алсам болады ? 

Минтруда составило списки казахстанцев, которым погасят долги по кредитам

Заёмщиков, которые попали в списки, уведомят о погашении их долгов до 5 сентября.

Источник: Informburo.kz

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 362948
29 тамыз, 2019 - 16:35 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

№165 Мемлекетітк атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидасында "     

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 362524
6 тамыз, 2019 - 00:47 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай  қаласының тұрғыны Бахыт Дуйсенбиев "Техас балы", "Ақиқат шегесі" атты қоғамдық бірлестіктерінің төрағасы Жетісай ауданы тұрғындарын өз қоғамдық бірлестігіне мүше етіп қабылдаған. Қоғамдық мүшелерінен Бақыт Дуйсенбиев өз атына сенім хат жаздырып, тұрғындардың атынан сенім хат арқылы Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірді. Қазіргі таңда 300 ге жуық адамның атынан атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіріп, сол тұрғындардан қызмет көрсеткені үшін әр адамнан 20 000  (жиырма мын) теңге ақша алады. Бұл қоғамдық бірлестіктің әс-әрекеті қаншалықты заңды.

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 362523
6 тамыз, 2019 - 00:32 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба! Менің жолдасым 2019ж шілде айында әлеуметтік көмекке құжаттарын тапсырды. осы айдын 30 күні базаға тіркеу кезінде базадан менің айлығымды тексеру барысында 01.06.2019ж 12 000 теңге көлемінде ақша түсті деп тұр. Өз тарапымнан оларға egov.kz және БЖЗҚ выписка шығарып апарып бердім ол жерде ол ақша көрініп тұрған жоқ. Басшыларына кіріп көмек сұрап барып едім ол кісі база солай шығарып тұр деді. База менің зейнетақы қорына түскен суммаларды тексеріп, сол жерде көрсетілген сумманы алу керек емеспа. Егерде базадағы сумма қате шығып тұрса оны алып жөндеуге болама? 

Жауап: 

Құрметті Мұрат !

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237-ө бұйрығына өзгерістер енгізілуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмекті жаңа механизммен тағайындау жүзеге асырылуда.
Осы орайда, «Е-халық» ақпараттық автоматтандырылған жүйесі арқылы Сіздің отбасы мүшелеріңіздің жан басына шаққандағы табысы облыста белгіленген критерий мөлшерінен асып кетуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылған.
Бұл ретте аталған мәселеге байланысты толық ақпарат алу үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 362478
8 тамыз, 2019 - 18:38 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн! Менің анам - Апсенова Нұрсулу мектеп мұғалімі! Қазіргі таңда айлығы 50000 теңгеден төмен және өз атында несиесі бар! 1997 жылы әкеміз қайтыс болғаннан бері қарындасымыз екеумізді өзі асырап келді. Мемлекет тарапынан жәрдемақы 23 жасқа дейін берілді. Қазір менің жасым 26-да тұрақты жұмыс жасаймын, өз атымда несие бар, қарындасымның жасы 23-те студент, өз атында несиесі жоқ. Менің сұрағым, ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайту бойынша бір жолғы 300000 теңге маған немесе анама қатысы барма?

Рахмет!!! 

Жауап: 

Құрметті Азат!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес бір реттік тәртіппен екінші деңгейдегі банктердегі жəне микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздарды өтеу шаралары келесі шарттармен қабылданады:
1) аталған қарыздар бойынша борышкерлер көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектері бар отбасылар, мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек алушылар, жетім балалар, ата-анасынан кəмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, 29 жасқа толмаған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болып табылады;
2) қарыз бойынша жалпы берешегінің 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 теңгеден аспауы;
3) бір қарыз алушыға 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша өтелетін берешек (негізгі борышы + сыйақыдан тұратын) мөлшерінің 300 000 теңгеден аспауы.
«Электрондық үкімет» порталында орналастырылған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес берешекті өтеу үшін мемлекеттік органдарға, банктерге өтініш беру талап етілмейді. Берешекті өтеу тиісті органдар мен ұйымдардың деректермен алмасуы нәтижесінде жүзеге асырылатын болады. Берешекті өтеу бойынша барлық рәсімдерді ағымдағы жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланып отыр.
Ал қарыз бойынша толық ақпаратты (мемлекет қарызды қандай мөлшерде төледі, берешек қалдығының мөлшері, төлем кестесіндегі өзгерістер) барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, яғни ағымдағы жылдың қыркүйек айында банктер мен микроқаржы ұйымдарына жүгініп білуге болады.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші