You are here

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Ақнұр!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады.
1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты тағайындалатын жәрдемақы отбасының жиынтық табысы болып есепке алынады.

Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсиздерме. Менин 2 балам бар жане жолдасым екеумиз де жумыссызбыз, алеуметтик комек ала аламыз ба?

Жауап: 

Құрметті Айдана!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің сайтқа жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы АӘК көрсету критерийінен аспайтын адамдарға тағайындалады.
АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен болғанда тағайындалады және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың әрбір баласына 20 789 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленетін болады.
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу барысында Қазақстан Республикасының аумағында алынған барлық табыс түрлері, соның ішінде еңбекақы, әлеуметтік төлемдер ескеріледі.
АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады.
Өтінішті қабылдау кезінде Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) немесе әкім «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты немесе уақытша жері бойынша тіркеу туралы сұрау салуды және басқа да мәліметтерді алып қалыптастырады.
Осыған орай көтеріп отырған мәселеңіз бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына не бөліміне хабарласуыңыз қажет.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Самат Қанатханұлы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көп балалы отбасылар алатын жәрдемақыны, мүгедек балалардың аналары алатын мемлекеттік жәрдемақыны және степендияны алып тастау қарастырылған.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359643
19 сәуір, 2019 - 17:46 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен Тельбаева Дана Есенгельдиевна 5 баланын Анасымын, мен ата енеммен тұрамын, жолдасым 2-ші топтағы мүгедек ауылда тұрамыз, ата енемнің малы, жолдасымның бауырларының малы да осында жүр, соның бәрін ауыл әкімшілігі сендердің малдарың деп бір хоз книгаға кіргізіп қойған менің атам 85-те енем 76-да оларды тастап қайда кетеміз ауылдан. Ауылда жұмыс жоқ, әкімшілік тарапынан ешқандай жұмыс жүргізілмиді, жұмыссыз адамдарға. Ауыл, аудан орталығынан 150 шақырым, мекен  жайымыз Қарағанды обл Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылы.  Бүгі яғни 04.04.2019 жылы. Түгіскен әкімдігіне құжаттарымды тапсырдым. 

Жауап: 

Құрметті Дана Есенгелдиевна!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Бұдан басқа, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажет болған жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындайды.

Сұрақтың нөмірі: 359620
19 сәуір, 2019 - 15:54 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба! Мен көп балалы анамын. Жолдасым әскери бөлімде қызмет атқарады. Қазіргі таңда әскери бөлімнен пәтерақы аламыз, пәтерақы ай сайын "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" түседі. Сізге қояр сұрағым атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін біздің алатын пәтерақымыз кіріс болып есептеледіме?!

Жауап: 

Құрметті Ұлжан Нұрахановна, сәлеметсіз бе!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығында адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібі қарастырылған.
Әскери қызметтегі адамның (отбасының) тұрғын үйге төленетін өтемақысы отбасының жиынтық табысына есептеледі.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Шынар Талғатқызы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның және отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты немесе уақытша жері бойынша тіркеу туралы мәлімет ақпараттық жүйелерден сұралады немеме қағаз түрінде ұсынылады (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Бұдан басқа, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі (негіз: «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы).
Бұл ретте, тұрғын үй, жалға берілетін тұрғын үй алу, тұрғын үй алуға кезекке тұру және т.б. мәселелері жергілікті атқарушы органдар арқылы жүргізіледі.
Осыған орай, тұрғын үй мәселесі және жолдасыңызды жұмыспен қамтамасыз ету тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімдікке және Халықты жұмыспен қамту орталығына жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз ба, менің сізге сұрағым атаулы әлеуметтік көмек жайлы болмақ. Менің күйеуім базарда істейді және оған зейнетақы жүмейді және оның ИП сы бар еді ол 2015 жылы жауып тастаған. Қазпочтаға 2525 тг төлейін десек ИП сы бар деп қайтарып жіберді бізді. Не істесек  болады?  Табысы аз және жанұяда 5 бала шаға, өзім және күйеуім  ғана тұрамыз. Не істеу керек кеңес беріңізші.

Жауап: 

Құрметті Гулсана!

Атаулы әлеуметтік көмекке келер болсақ, аталған көмекті тағайындау және төлеу мәселелерінде бірқатар өзгерістер енгізілді.
Атап айтар болсақ, аз қамтылған отбасыларды қамтуды кеңейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін күнкөріс деңгейінен 70 пайызға дейін критерийі көтерілді. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы балалары бар отбасыларды атаулы қолдау үшін көп балалы отбасылардағы әр балаға ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгіленді.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы, баланың мүгедектік жәрдемақысы және шәкіртақы алынып тасталды.
Отбасының жиынтық табысын есептеуде аталған табыстар алынып тасталып есептелетін болады, ал қалған кірістер есепке алынады.
Бұл ретте отбасының жиынтық табысына бiрге тұратын және тұрғылықты бір жерге тiркелген және үй шаруашылығын бірге жүргізетін адамдардың табыстарының жалпы сомасы есепке алынып, есептеледі.
Әлеуметтік көмек жөнінде толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөліміне жолығуға кеңес береміз.
Ал, жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзіндегі жұмыстарын және қызметтерді көрсетуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
Сондықтан күйеуіңіздің жеке кәсіпкерлік қызметін реттеуі үшін тұрғылықты мекен-жайыңдағы Салық комитетіне хабарласуы қажет.

Сұрақтың нөмірі: 359569
11 сәуір, 2019 - 17:15 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Құндыз!

Атаулы әлеуметтік көмекке келер болсақ, аталған көмекті тағайындау және төлеу мәселелерінде бірқатар өзгерістер енгізілді.
Атап айтар болсақ, аз қамтылған отбасыларды қамтуды кеңейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін күнкөріс деңгейінен 70 пайызға дейін критерийі көтерілді. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы балалары бар отбасыларды атаулы қолдау үшін көп балалы отбасылардағы әр балаға ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгіленді.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы, баланың мүгедектік жәрдемақысы және шәкіртақы алынып тасталды.
Бұл ретте отбасының жиынтық табысына бiрге тұратын және тұрғылықты бір жерге тiркелген және үй шаруашылығын бірге жүргізетін адамдардың табыстарының жалпы сомасы есепке алынып, есептеледі.
Әлеуметтік көмек отбасына тағайындалып төленетін ескере отырып, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөліміне жолығуыңызға кеңес береміз.

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе?  Мен Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында тұрам.  Өзім отбасыммен мал бағамын. Айлық еңбекақым 40 000 теңге.   Екі балам бар,  улкені 5 жас,  кішісі 2 жастан асты. Әйелім 6 ай болды жукті.  Енді сұрайын дегенім атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады бізге.  Ауылдың әкімшілігіне барсақ бастықтан менде істеп жатыр деген печать алып кел дейді.  Ал бастық оны бермейді.  Ол жерден шығып басқа жұмысқа кірейін десем 150 000 теңге қарызбын бастыққа,  сол себепті жібермейді.  Енді мен не істесем болады?  АӘК қалай алсам болады?  

Жауап: 

Құрметті Берік Бахбергенович!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Осыған орай, қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс, соның ішінде бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы жәрдемақы;
2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс (жергілікті атқарушы органдар шешімімен).
Көтерілген сауалыңыз бойынша Сізге ауылдық округ әкімдігіне немесе аудан орталығындағы Халықты жұмыспен қамту орталығына жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359548
23 сәуір, 2019 - 18:57 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Ассалаумағалейкум. Менде мынандай сұрақ сіздерге туындап отыр: Алла бұйыртып 3 балам дүниеге келді. Балаларымның жастары 6 мен 3те. Жұбайым жұмыссыз. Менің қолыма алатын айлығым 114 000 теңге. Осыған байланысты туылған баланың әкесі ретінде "баланың бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақысының" құжаттарын өз атымнан тапсыруға болады ма? Жәрдемақыны жұмыс істеп жүріп 12 ай бойы ала беруге болады ма?

Рахмет!

Жауап: 

Құрметті Даке!
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 100 бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге ата-анасының таңдауы бойынша – баланың анасына не әкесіне бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
Ал, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк қатер жағдайының басталуына қарай мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларды әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты қатынастар «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттелген.
Бұл ретте әлеуметтiк қатер туындаған жағдайда, яғни еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелерi Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады.
Аталған Заңның 23-2 бабына сәйкес бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген, балаға күтімді жүзеге асыратын және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушыларға тағайындалады.
Яғни бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы ол анасының немесе әкесінің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс алған кезінде туындайды.
Осыған орай Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселесі туралы нақты мәліметтер алу үшін тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша Қордың филиалынан немесе (www.gfss.kz) сайтынан кеңес алуыңызға ұсыныс береміз.

Сұрақтың нөмірі: 359473
11 сәуір, 2019 - 18:11 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші