check

You are here

Министрліктің жаңалықтары

Еңбек

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Алматыда 33 мың 94 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 21 мың 595 адам жұмысқа орналастырылса, оның 16 мың 292-і тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

АӘК

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін.

ШЖК

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 20 мың 938 рұқсат (бұдан әрі - ШЖК) берілген.

Оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары) 819, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4690 рұқсат шығарылды. ШЖК тартуға арналған рұқсаттардың көп бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарына берілді – сәйкесінше 9803 адам және 1738 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 2 216, корпоративтік ауысым аясында 1672 адам тартылған.

АӘК

Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 14,5 млрд.теңге көлемінде 35 мың 497 отбасына төленді. АӘК тағайындау кезінде 9 мың 632 отбасы өздерінің нақты табысын дұрыс көрсетпеді. Енді олар қазынаға 133,5 млн теңге қайтаруы тиіс.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша жүргізілген тексеру жұмыстары барысында ең көп таралған бұзушылықтар тек нақты табыстарды ғана емес, сонымен қатар бизнесті, жылжымайтын мүлікті, көлік пен малды қасақана жасыру болғаны анықталды.

АӘК

Қарағанды ​​облысы, Осакаров ауданы, Ошаған ауылында тұратын жалғыз басты ана, атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алудың нәтижесінде жеке қосалқы шаруашылығын құрып, отбасының материалдық жағдайын жақсартуға қол жеткізді.

2019 жылдың басынан бастап мүгедектігі бар адамдарды қолдауға 235 миллиард теңгеге жуық қаражат бағытталған

Ағымдағы жылғы 9 айда мүгедектігі бар 521 мыңнан астам адам шамамен 235 млрд. теңге сомасында әлеуметтік төлемдер, техникалық көмекші құралдар мен арнайы әлеуметтік қызметтер алды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар 690 мың адам тұрады, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы – 424 мың адам, зейнеткерлік жастағы – 177 мың адам, 18 жасқа дейінгі балалар – 89 мың адам.

рабочая поездка

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Батыс Қазақстан облысына (бұдан әрі - БҚО) жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Дария аудандық жұмыспен қамту орталығына барып, «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасына қатысушылармен әңгімелесті. Сондай-ақ «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-нің еңбе ұжымымен кездесті. Өткен кездесулер барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын және АӘК көрсетудің жаңа тәсілдерін түсіндірді.

жария тыңдалым

2019 жылғы 31 қазанда Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ бірыңғай жиынтық төлем сомаларын бөлу мен аудару және қате (артық) төленген сомаларды қайтару жөніндегі қызметіне бағаның жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өтеді.

Жария тыңдаулар Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 10, «Р» қабат, конференцзалында (Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ) өтеді. Өткізілу уақыты сағат 12.00. Кіру еркін.

Министр

Шетелдік жұмыс күшін тартатын қазақстандық кәсіпорындар мен компаниялар Қазақстан Республикасының еңбек және көші-қон заңдарын сақтауға міндетті және біздің азаматтарымыздың құқықтарын бұзуға жол бермеуі керек. Бұл мәлімдемені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аясында өткен «Болашақ» мұнай-газ өңдеу зауытының еңбек ұжымымен кездесу барысында айтты.

Еңбек жолы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында (enbek.gov.kz) 2019 жылы үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшыларын анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық байқауының онлайн дауыс беру кезеңі басталды.

Байқаудың соңғы кезеңіне Қазақстанның 17 аймағынан 51 үміткер өтті. Дауыс беру нәтижелері бойынша республикалық комиссия «Еңбек жолы» байқауының келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарын анықтайды:

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші