You are here

Оңтүстік Қазақстанда тура тікенек сымның іргесінде отырған отбасылар мемлекет назарынан тыс қалып қойған. Осыдан 11 жыл бұрын қазақ-өзбек шекарасын бекіткен кезде әу бастан өзбек азаматы болған қаны қазақ он шаңырақ Қазақстанды таңдапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Шалғай елді-мекендердің тұрғындары әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша медициналық көмекті тегін алады

Ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында ел аймақтарында «Денсаулық жолы - 2015» республикалық акциясы өтеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова мен Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ерік Байжүнісов №5 қалалық емханада «Кезексіз емхана» имидждік жобасын жүзеге асыру шараларымен танысты, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтарында профилактикалық тексеруден өтуге жазылудың автоматтандырылған жүйесі енгізіліп, сол арқылы емханалардағы ұзын-сонар кезек азаятын болады. Бұл туралы халықпен есеп беру кездесуі барысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды BЖаңалықтар.kz тілшісі. 

«Қазіргі таңда қолданыстағы барлық медициналық техника мүліктері түгенделіп, оның тозу деңгейі анықталды». Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ-нің стратегиялық жоспардың негізгі көрсеткіштері, 2015 жылғы және 2016 жылдың 5 айындағы мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері, алдағы кезеңнің жоспарлары туралы ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінде есеп беру кезінде хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Интер ауылында өлместің күнін көшіп отырған отбасы бар. Өмірге бес қыз алып келіп, жесір қалған Қарлығаш Оразова бала-шағасымен қараусыз қалған мәдениет үйін паналауға мәжбүр.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай,  2 күннің ішінде халықаралық кеңесшілер мен ҚР ДСӘДМ мамандары Астанадағы және жақын аймақтардағы негізгі сарапшыларға ҚҰФ-тың артықшылықтары туралы айтып, нұсқаулық берді, сонымен қатар, жаңа ресурсты қолдана отырып, пациенттерге дәрілерді дұрыс тағайындау туралы әңгімелеп берді.

2016-2017 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар аясында ауыл тұрғындарына арнап 10 мың жұмыс орны құрылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметі отырысында.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты 2 ұйым («Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ және «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі» РМҚК) бәсекелестік ортаға берілді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Медицина қызметкерлері Күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облдысында аймақ ауруханаларының автопарк базасы материалдық-техникалық жағынан күшейтілді. Облыс әкімі Даниял Ахметов медицина мекемелерінің бас дәрігерлеріне салтанатты түрде «УАЗ» маркалы 100 автомобильдің кілтін тапсырды. Бұлардың басым көпшілігі ауылдық жерлерге жіберіледі, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Өскемендегі медицина қызметкерлеріне олардың кәсіби мерекелерне орай құрмет көрсетілді.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші