You are here

Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылында тұратын Айгүл Төлеубаева ою ойып, құрақ құрап қыз жасауын түгел дайындайды. Бесік құралын әзірлеп, келін, күйеу көрпе тігеді. Қазақы сәнмен әсемделген көрпені алғашында базарға барып саудалады. «Көрпе алыңыз» деп өткен-кеткенге өз қолынан шыққан әсем дүниелерін ұсынған шебер арада 7 жыл өткенде шағын тігін шеберханасын ашуды жоспарлап қойған. «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасына құжаттарын тапсырып, 1,5 миллион теңге несиені күтіп отыр. Қаржыға қажетті тігін құрал-жабдығы мен мата алуға рұқсат бар, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Он екі мыңнан аса халқы бар Красный Яр селосы Көкшетаудың іргесінде орналасқан. Кезінде өтпелі кезеңнің қиыншылығын бастан өткергенімен, бүгінде табыстары еселеніп, тұрмыстары жақсарып келеді. Еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде селода экономиканы алға бастыру қамымен біршама істер тындырылды. Бұл туралы Красный Яр селолык округінің әкімі Базарбай Әбуов BЖаңалықтар.kz тiлшiсiне айтып берді.

ОҚО-да «Ырыс» қаржы ұйымы арқылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында 1 мыңнан астам жоба қаржыландырылған.Бұл туралы бүгін ОҚО аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингінде мемлекеттік «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында өңіріміздегі «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Хилола Назарметова мәлімдеді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН 14 Қазан, 10:31

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында Ақтөбе облысы Алға, Қандыағаш, Шалқар аудандарының тұрғындарына 8,6 мыңнан астам медициналық тексеру жасалды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

АҚТӨБЕ13 Қазан , 15:54

Арнайы жұмыс тобы өткізген зерттеу шаралары нәтижесінде 99 мұнай-сервистік компанияда жұмыстан босату қаупі бар екені анықталды. Бұл мекемелерде 44 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бүгінде министрліктің қолдауын қажет ететін жұмысшылардың үш тобы анықталып отыр. Бұл туралы үкіметтің кезекті отырысында ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстанда тұңғыш рет «Өмір – менің ең қымбат құндылығым!» ұранымен Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні аталып өтуде. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында халық арасында психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы туралы ақпаратты тарату, психиканың бұзылу жағдайларының орын алуын азайту мақсатында психологтардың, учаскелік дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің тегін консультациялары ұйымдастырылатын болады, дейді BAQ.kz тілшісі.

Естерңізде болса,  бірнеше күн бұрын Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Бұрғылау» серіктестігінде еңбек дауы туындаған еді. Жұмысшылар жалақы мен  кәсіподақ жұмысына қатысты бірнеше талап қойған. Осы жағдайға байланысты серіктестік басшылары мен қала әкімі Елубай Әбілов арнайы брифинг өткізіп, түсініктеме берді.

 ЕЛУБАЙ ӘБІЛОВ, Жаңаөзен қаласының әкімі:

- Бұл жекеменшік мекеме. Араласа алмаймын. Алайда бақылауда ұстап отырмыз. Олардың кредиті бар, бала-шағасы бар адамдар. Сондықтан қызметке оралсын.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып ҚР халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» байқауын жариялайды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ05 Қазан , 17:53

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шараның мақсаты - әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттырып, аталған саладағы ең үздік тәжірибені анықтау.

Селекторлық тәртіпте ҚР ДСӘДМ басшысы Тамара Дүйсенова Жамбыл, Ақмола облыстарының, Астана және Алматы қалаларының өкілдерінің сұрақтарына толыққанды түсініктеме берді.

Селекторлық тәртіпте ҚР ДСӘДМ басшысы Тамара Дүйсенова Жамбыл, Ақмола облыстарының, Астана және Алматы қалаларының өкілдерінің сұрақтарына толыққанды түсініктеме берді.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші