You are here

Аймақтар арасында кадрлар сұранысының басым көпшілігі Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, сонымен бірге, Астана, Алматы (жалпы сұраныстың 60%-ы) байқалады.

Денсаулық сақтау жүйесін мамандармен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 2007-2015 жылдар аралығында Қазақстанда республикалық және аймақтық деңгейде медицина кадрларының жетіспеушілігі 34 пайызға немесе 2 мыңнан астам адамға азайды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылғы 20 ақпандағы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру мақсатында Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - ҚР-дың БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шариф Әбу-Дабиде «Cleveland» емханасының өкілі Марван Мұхаммед әл-Марзукимен кездесті.

Егер тиісті шаралалар қолға алынбаса, алдағы айларда Зика вирусы Еуропаға жетуі мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық жергілікті бюросы жариялаған баяндамада айтылған, деп хабарлайды BЖаңалықтар.kz.

«Егер тисті шаралар қолға алынбаса, Еуропаның 18 елінде Зика вирусы таралуы мүмкін. Бұл орташа қауіпті аймақ. Ал Мадейра аралы мен Қара теңіз жағалауының солтүстік-шығысы қауіптілігі жоғары аумаққа кіреді», - деп жазылған баяндамада.

Ауруларды басқару бағдарламасын (әрі қарай - АББ) пилоттық режимде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында енгізу шаралары жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігімен ауруханаға жатқызылатын пациенттер санын 2 есеге азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА ҚАЛАСЫ18 Мамыр , 17:23

Қазақстанда 2008-2015 жылдар аралығында өндірістік жарақаттану көрсеткіші 29,5%-ға төмендеді. 2008 жылы өндіріс орындарында 2 мың 444 адам жарақат алса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1 мың 723 адамды құрады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА ҚАЛАСЫ17 Мамыр , 18:07

2005-2015 жылдар аралығындағы өндірістік жарақаттан қайтыс болған қазақстандықтардың саны 2008 жылғы 404 адамнан 2015 жылы 251 адамға, яғни  38,1 %-ға азайды.

Астана халықты жұмыспен қамтуда алдыңғы орында келеді. Елордада биылғы жылдың алғашқы тоқсанында  еліміз бойынша жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі тіркеліп отыр, деп хабарлайды BЖаңалықтар.kz.

Жұмыссыздықпен күресудің белсенді шараларын қолданудың арқасында жұмыссыздық деңгейі 4,7% межедегі төмен күйінде сақталып қалды. Осылайша Астана бүгінгі таңда халықты жұмыспен қамту жөніндегі алдыңғы орынды сақтап қалды, деп мәлімдеді қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері 6 трлн теңгені құрады. Ал жеке зейнетақы шоттарының саны 10 млн бірліктен асқан.  «Қордағы қаржыны экономиканы әртараптандыруға бағыттау жақсы нәтиже көрсетіп жатыр»,  – дейді басқарма өкілдері.  Жыл басынан бергі инвестициялық табыс көлемі 127 млрд теңгеге жеткен. Дегенмен, халық тарапынан: «Зейнетақы қорындағы салымдар жұмсалып кетпей ме?», – деген алаңдаушылық бар.  Мамандар бұған Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 5-бабын алға тартты. Яғни салымшылардың қаржысы ешқайда жоғалып кетпейді.

Бұл туралы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістері туралы ҚР ДСӘДМ-де өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші