You are here

Зейнет жасына жақындаған ақтөбеліктер қайта даярлау курстарына жіберіліп жатыр. Ер азаматтар газ қазандығының операторы, ал нәзік жандылар тігінші мамандықтарын меңгеруді бастады. Олар үш ай бойы оқып, ай сайын 16 мың теңгеден шәкіртақы алады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы жұмыспен қамту орталығы маусым айында 30-ға жуық жұмыссызды қайта даярлау курсына жіберді. Зейнет жасына жақындаған ер азаматтар мен әйелдер қазір газ қазандығының операторы, тігінші мамандықтарын игеруді бастады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде ҚР ДСӘДМ аймақтық комитеттерінің, өңірлердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың өкілдері үшін денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша оқыту семинарлары өтті.

АСТАНА ҚАЛАСЫ 01 Маусым , 11:04

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Астанада жастар арасындағы жұмыссыздық 5,8%-ды құрайды, жыл соңына қарай бұл көрсеткішті 5 пайызға дейін азайту жоспарланып отыр. Бұл туралы Астананың жұмыс беруші компаниялары мен «Астана жастары» КММ ақпараттық кездесуі барысында Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. Ербол Рыспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Қан қызметінің қазақстандық моделі. Тәжірибесі және келешегі». Бүгін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында дәл осындай тақырыппен халықаралық семинар басталды. 11 елден келген сала мамандары қазақстандық дәрігерлердің тәжірибесін көруге ынталы. Өйткені елімізде 2010 жылдан бастап қанның зертханалық диагностикасы толығымен автоматтандырылған. Екі кезеңнен тұратын тексерудің бұл түрі ТМД аумағында тек Қазақстанда ғана  жүргізіледі. Сондай-ақ қан жасушаларын ұзақ мерзімді сақтау және вирустан тазарту жұмыстары да халықаралық стандарттарға сай.

«Фармацевтикалық терминдерді қалыптастырудың өзекті мәселелері»

республикалық конференциясы

    

Астана. 28 мамыр. Baq.kz - Қазақстанда Орталық Азиядағы АИТВ бойынша «Флагман» атты USAID жобасы жүзеге асырылуда. Ол Орталық Азия елдері мен Қазақстандағы АИТВ-дан болатын өлім-жітім мен сырқат көрсеткішін төмендетуге негізделген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Вице-министр Біржан Нұрымбетовтың басшылығымен «Қазақстанның жаңа көші-қон саясаты» атты дөңгелек стол өтті, деп хабарлады ДСӘДМ.

АСТАНА ҚАЛАСЫ27 Мамыр , 15:32

2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 156 мың адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 142,3 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Батыс Қазақстан облысында барлық аудандар GPS-навигациялы реанимациялармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды BЖаңалықтар.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің филиалында өткен баспасөз жиынында айтылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері  травматологиялық науқастарды емдеуге шығын көп жұмсалатынын айтады. Сүйек жарақатын алған адамды операция жасай отырып емдеу құны 200-ден  500 мың теңгеге дейін құрайды. Бір науқасқа санитарлық авиацияның қызметінің құны орташа алғанда 300 мың теңге болады.

Қазақстандық жұмыс берушілерге орта білікті техникалық мамандар қажет, деп мәлімдеді бүгін өткен брифингте ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ (ЖП АТО) президенті Дәулет Арғындықов.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші