X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында туризм саласына арналған жаңа кәсіби стандарт дайындалып, аталмыш стандартта нарықта бар төрт кәсіпке сипаттама берілген.

Экономикада ең үлкен сұранысқа ие 16 бағыт бойынша Қазақстанда жаңа 480 кәсіптік стандарт дайындала бастады.

Дайындалып жатқан кәсіптік стандарттар әлеуметтік сала, қаржылық сектор, медицина және туризм, сауда және азық-түлік саласын, мұнай-газ және өңдеу өнеркәсібін, машина құрылысы және логистиканы, энергетика және агроөнеркәсіп кешенін, құрылыс және ТҮК, шағын бизнес және басқа да басымдыққа ие салаларды қамтитын болады.

Бөлімдер:
13 ақпан, 2019 - 15:44 өзгертілді

Алдағы 7 жылда елімізде шамамен 2 млн жас маман еңбек нарығына шығады. Оларды жұмыспен қамту үшін 2025 жылға дейін 1 миллионға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Еңбек нарығының болашағы талқыланған форумда Үкімет басшысы осылай деді. Ал 2020 жылға дейін шамамен 550 кәсіптік стандарттарды бекіту көзделіп отыр. Сондай-ақ технологияны жаңғыртудың нәтижесінде қажетсіз болып қалған кадрларды басқа кәсіпке машықтандыру ісі қолға алынды. Бұл ретте шетелдік сарапшылар әлемдік еңбек нарығындағы ахуалды сөз етіп, өз елдерінің тәжірибесімен бөлісті.

Бөлімдер:
13 ақпан, 2019 - 15:39 өзгертілді

Енді тіс дәрігерлері, клиникалық психологтар мен фармацевттер өз жұмысын жаңа бағдарлама бойынша жүргізеді. Бұл өзгерістер 25 мамандықты қамтиды. Жаңа жүйе Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жобасы аясында енгізілді. Оны жүзеге асыру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Дүниежүзілік банк қолдау көрсетті. Медицина саласындағы жаңа стандарттар әзірленген кезде жұмыс беруші, жоғары оқу орындары және жауапты ведомствоның барлық талаптары ескерілді.

Елімізде осыдaн бес жыл бұрын, 2013 жыл­дың шілдесінде Бірыңғaй жинaқтaушы зей­нетaқы қоры құрылды. 2014 жылы зейнет­aқы жүйесін 2030 жылғa дейін одaн ары жaң­ғырту тұжырымдaмaсы бекітілді. Бұл – қaрия­лa­рымыздың зейнет жaсындa лaйықты өмір сүруі үшін зейнетaқы төлемдерінің бірегейлігін қaмтaмaсыз етуге бaғыттaлғaн мaңызды құжaт.

Бірнеше айдан соң Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсету жүйесі түбегейлі өзгермек. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жәрдемақының орнына, мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек көлемін кеңейту көзделген, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипаты (АӘК) кәдеге жарайтын болады.

АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

«Егер солтүстік облыстың жұмыс берушісі кемінде оңтүстіктен 3 жылға 5 адамға жұмыс беріп, бар жағдайын жасайтын болса, арнайы келісімшартқа қол қойып, әр маманға 1 миллион теңгеден беру мәселесін қарастырып жатырмыз». Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов газетімізге берген сұхбатында осындай маңызды жағымды жаңалықты жеткізді. Оның айтуынша, 2018-2022 жылдар аралығында еліміздегі көші-қон саласы бір жүйеге келіп, көптеген оң нәтижелі жұмыс атқарылады.

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 42,1 млрд теңге қарастырылса, № 1 және № 2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларға 0,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 505,3 мың адамды құраса, асыраушысынан айырылған жағдайда 171,5 мың адамды, жасына қарай 3,3 мың адамды байқатуда.

2017 жылдың ақпан айында жергілікті атқарушы органдар 476 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту мақсатында 2063 рұқсат беріп, олар 436,9 млн теңге көлемінде салық төлемін жасады, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған рұқсаттама құжаттарды тікелей жергілікті атқарушы органдардан немесе «электрондық үкімет» порталының «бірыңғай терезесінен» алуға болады.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші