You are here

Министрліктің мемлекеттік тапсырысын жүзеге асыру барысында әлеуметтік қызметкерлерді және медициналық-әлеуметтік мекеме басшыларын оқыту үшін «Ұлағат» мәдениет және даму қоры арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласы бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды.

Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары  Гүлнар Мүслімқызы Тоқсейітова ағымдағы жылдың 6-7 қараша  аралығында Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесінің мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының әлеуметтік заңнамаларын жүзеге асыру» атты тақырыбында дәріс оқыды.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2012 жылы 2 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.А. Құл-Мұхаммедтің               2012 жылғы 24 шілдедегі № 3 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 10 шілдеде Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласын түсіндіру және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 15-тармағына сәйкес ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

2012 жылдың  27 қазанында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп Сарапшылар тобы мен Орталық Ардагерлер Кеңесінің төралқасы «Ардагерлер мен әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғаудағы қазіргі жағдайы мен бұдан әрі дамуы» атты тақырыбында отырысы өткізді.

2012 жылдың 18-19 қазанында  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Е. Көшербаевпен Қарағанды облысына жұмыс іссапары болды.

Аталған жұмыс іссапарына мемлекеттік органдардың ұлттық компаниялардың басшы өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Төраға орынбасары  Гүлнар Мүслімқызы Тоқсейітова аталған  жұмыс іссапарына қатысты.

Министрліктің мемлекеттік тапсырысын жүзеге асыру барысында әлеуметтік қызметкерлерді және медициналық-әлеуметтік мекеме басшыларын оқыту үшін «Ұлағат» мәдениет және даму қоры арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласы бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды.

2012 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төраға орынбасары Т.К. Оспанқұлов «ТМД: әлеуметтік саясаттың жаңа трендтері» атты Мәскеу-Астана бейнекөпір форматында дөңгелек үстелге қатысты. Онда Ресей, Қазақстан және ТМД өзге елдерінде әлеуметтік жаңғырту процесіне баға берілді.

2012 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу»: қазіргі кездегі жағдайы мен жетілдірудің болашағы» атты конференция өткізді.

Осы конференцияға Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төраға орынбасары – Оспанқұлов Төлеген Қапақұлы «Бас бостандық орындарынан босатылған азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету» және «Әлеуметтік-еңбек қақтығыстарының алдын алу» атты тақырыптармен баяндама оқыды.

Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Төраға орынбасары Тоқсейітова Гүлнар Мүслімқызы 2012 жылдың 9 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызмет жоспарына сәйкес «Қызыл залда» өткізілген мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинар аясында  «Қазақстан Республикасының өңірлерді дамыту бойынша мемлекеттік саясат» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Тыңдаушылар қатарын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымдық  бөлімшелерінің басшылары мен орынбасарлары тыңдаушылар контингентін құрады.

Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі жұмыстың екінші кезенің іске асыру мақсатында,   2012 жылдың 1-3 қазан аралығында Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Төраға орынбасары Тоқсейітова Гүлнар Мүслімқызы  Жамбыл облысында болды.

 

 

Министрліктің мемлекеттік тапсырысын жүзеге асыру барысында әлеуметтік қызметкерлерді және медициналық-әлеуметтік мекеме басшыларын оқыту үшін «Ұлағат» мәдениет және даму қоры арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласы бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды.

Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары      Г.М. Тоқсейітова ағымдағы жылдың 28-29 тамыз аралығында Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесі, халықты жұмыспен қамту және т.б. мәселелері бойынша дәріс оқыды.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші