check

You are here

2013 жылдың 31 шілдесінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай, Әлеуметтік жаңғырту стратегиясын іске асыру бойынша министрліктің 2013 жылғы алғашқы жарты жылдығының қорытындысы және алда атқарылар шаралар талқыға түскен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012-2013 жылдар) іске асыру шеңберінде, елімізде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін  дамытуға және өзін-өзі көрсетуіне жәрдемдесу, қоғамды олардың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттандыру, мүгедектерді қоғамға етене араластырудың тиімді тәжірбиесін тарату мақсатында «Бәріміз бірдейміз- кемсітуді білмейміз» алғашқы республикалық байқау өтуде.

Өткен кезең үшін конкурсқа қатысуға еліміз бойынша 5 203 адам өтініш білдіріп, 183 қала мен ауданда өткізілді.

Қатысушылардың басым көпшілігі «Үздік спортшы» (1 456 өтініш), «Үздік орындаушы» (960 өтініш), «Үздік жасампаз» (788 өтініш) номинациялары бойынша өтініш білдірген.

Интелектуалдық қабілеттерін көрсету үшін «Үздік би» номинациясы бойынша  мүмкіндіктері шектеулі 620 азамат қатысатындығы белгілі болып отыр.

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған 373 ата-ана «Ең тату отбасы» номинациясы бойынша  қатысатыны көңіл қуантарлық жайт.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнаманы бақылау басқармасының басшысы Гүлнара Мұқанқызы Орынтаева  2013 жылдың 22 маусымында халықты әлеуметтік қорғау  және еңбек қатынастарын реттеу туралы сұрақтары бойынша әртүрлі аумақтардан келген азаматтарды қабылдап жауап - кеңестер берді.

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 68-жылдығына орай елімізде соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендерді құттықтау іс шаралары өткізіледі.

Жеңіс күнін мерекелеу шеңберінде облыстар, Астана, Алматы қалаларының әкімдері Жеңістің 68-жылдығын мерекелеуді өткізуге дайындық жұмыстарын ұйымдастыруда іс шара жоспарын қабылдаған.

2013 жылдың 5 – 7 сәуірі аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бақылау және әлеуметтік қорғау Комитеті төрағасының орынбасары Г.М.

Ағымдағы жылдың 6-12 сәуірі аралығында Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің сапаршылары (Орынтаева Г.М., Омирбекова А.Р., Нуриденова Л.К., Кемерова А.Н. и Елдесов А.Т.) Батыс-Қазақстан облысы  бойынша  Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментінің және облыстық ЗТМО орталығының, медициналық-әлеуметтік мекемелерінің қызмет көрсету жөніндегі сапасының жүзеге асырылуы тексеріліп,  азаматтарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және мүгедектерді оңалту сұрақтары бойынша тәжірибелік көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі жұмысты іске асыру мақсатында, 2013 жылдың 6-8 ақпан аралығында Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Төраға орынбасары Г. Тоқсейітова Қызылорда облысында болды.

Кездесулер Қызылорда облысының активімен, Жалағаш ауданында (Мәдениет, Мырзабай ахун, Мақпалкөл ауылдары) өткізілді.

25 наурыз, 2013 - 12:14 өзгертілді

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төраға орынбасары – Оспанқұлов Т. Қ. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық АНТ мүшесі ретінде Солтүстік – Қазақстан облысының Тайыншы ауданы мен Петропавловск қаласының әртүрлі категориядағы азаматтарымен 5 кездесу өткізді. Жалпы кездесулерде 200 жуық адам қатысты.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің  Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Төраға орынбасары Гүлнар Мүслімқызы Тоқсейітова  2013 жылдың 19 ақпанында «Хабар» телеарнасында «Біз»  атты бағдарламасына қатысты. Хабар аясында Қазақстан Республикасының өмірге құштар мүгедек жандар туралы сұрақтары қарастырылды.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауаптар берілді.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші