You are here

Сапарбаев Бердыбек Машбекович

Сапарбаев Бердібек Машбекұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

1953 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында туған. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын Қызылорда облысы Задарьинский кеңшарының жұмысшысы болып бастады (1969 - 1971жж.), әскер қатарында болды (1971 - 1973 жж.). Институтты бітіргеннен кейін республикалық  мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары басқармасында экономист (1977 ж.), Қазақ КСР Қаржы министрлігінде экономист, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары (1977 - 1988 жж.), Қазақ КСР Халыққа білім беру Министрлігінің басқарма басшысы (1988 – 1990 жж.), Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары (1990 - 1994 жж.);

Президент Аппараты бөлімінің және Қазақстан Республикасы Министрлері кабинетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары (1994 ж.), Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Іс басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (1994 - 1995 жж.) болды.

Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Аппаратының басшысы (1995 ж.); Қызылорда облысының әкімі (1995-1999жж.); Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі (1999-2002жж.) қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы (2002 - 2004 жж.), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Вице-Министрі - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002 – 2006 жж.); Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің Өкілі (2006–2007жж.); Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі (2007 ж.).

2007 жылдың тамызынан бастап 2009 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымында болған.

2009 жылдың наурызынан 2014 жылдың қараша айына дейін  Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

2014 жылдың қарашасы - 2015 жылдың қыркүйегі аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болды.

2015 жылғы 11 қыркүйектен 2019 жылдың 25 ақпанына дейін Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарды.

2019 жылғы 25 ақпанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Мемлекеттік наградалары: «Астана» медалі (1998 ж.), «Құрмет» ордені (1999 ж.), «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалі (2001 ж.), «ҚР Конституциясының 10 жылдығы» медалі (2005 ж.), «Парасат» ордені (2007 ж.), «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі (2008 ж.), «1-дәрежелі Барыс» ордені (2012 ж.), «Достық» ордені, Ресей (2015 ж.), «Отан» ордені (2017 ж.).

 

Құрманғалиева Аида Дәденқызы

Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы

1970 жылғы 30 желтоқсанда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1993 - 1997 жылдары ҚР  Қаржы министрлігінің экономисі. 1997 – 2002 жылдары ҚР  Қаржы министрлігінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары болып жұмыс істеді.  2002 – 2009 жылдары ҚР  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау және әлеуметтік саланы дамыту департаменттерінің директоры.  2009 -2013 жылдары  ҚР  Денсаулық сақтау вице-министрі. 2013 жылғы 6 ақпаннан бастап 2014 жылғы тамызға дейін – ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 2017 жылғы ақпаннан бастап -  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. Дьюк Университетінде (АҚШ) және Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур) оқыды.

Қызметі үшін ҚР Президентінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Құрмет грамотасымен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Премьер-Министрінің алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

Жақыпова Светлана Қабыкенқызы

Жақыпова Светлана Қабыкенқызы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  вице-министрі

С.Қ. Жақыпова, 1968 жылы Қарағанды қаласында туды. 1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтады. 1984 – 1986 жылдары Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі болып жұмыс істеді; 1986 – 1991 жылдары – Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтының студенті; 1991 – 1995 жылдары - № 16 орта мектебінде, № 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып; 1997 – 1998 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы; 1998 – 2001 жылдары  «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің  бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары; 2001 – 2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры; 2008 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры; 2011 – 2013 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы  болып қызмет атқарды. 2013 жылғы 19 тамыздан бастап 2014 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  вице-министрі болып тағайындалды. 2017 жылғы ақпаннан бастап -  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

Мұқышев Нариман Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Мұқышев Нариман Нұрланұлы1984 жылы Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Сүлеймен Демирель атындағы университетті, 2011 жылы — Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы — инженер–жүйе технигі, іскерлік әкімшілендіру мастері.
Еңбек жолын 2005 жылы бастаған.
2005–2014 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ маманы, жетекші маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, инновациялық технологиялар департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.
2014–2017 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ инновациялар және АТ жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші