"Әлеуметтік көмек" жөнінде сұрақ-жауаптар | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

"Әлеуметтік көмек" жөнінде сұрақ-жауаптар

Сұрақ тақырыбы: 

Салематсызба! 

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ережесіне сәйкес Министрлік әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Сіздің көтеріп отырған тұрғын үй көмегін тағайындау және мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қызметтері жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізіледі.
Сонымен бірге аталған мемлекеттік қызметтер «Е-акимат» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен реттелген.
Бүгінгі күні әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды тіркеу, есебін және мониторингін жүргізуге арналған бизнес процесстерін автоматтандыру «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігіне хабарласу қажет екендігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 350872
7 тамыз, 2018 - 21:12 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе!

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 27-бабында - "Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын беруді қамтамасыз етеді" - делінген.

Жауап: 

Құрметті Күміскүл Тұрсынбаевна!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің сайтқа жазған хатыңызға орай келесіні хабарлайды.
«Қазақстан Республикасының мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi қамтамасыз етедi.
Сонымен қоса, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер мен он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар көрсетiлген қызметтердi - бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектер аталған қызметтер құнының елу процентін төлеп пайдаланады деп көрсетілген.
Яғни, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік осал топтарын спорттық іс-шараларына және спортпен шұғылдану үшін спорт залдарына бару мүмкіндігін жасайды.

Сұрақтың нөмірі: 350743
23 шілде, 2018 - 14:37 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерма? 

Жауап: 

Құрметті Нурбек Мубаракович!

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектерге және мүгедек балаларға оңалту әлеуетін ескере отырып, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ) жасалады, ол организмнің бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және/немесе орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын кешенді оңалту іс-шараларын айқындайды (негіз: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы).
Сіздің көтерген сауалыңыз жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілетінін ескере отырып, Министрлік тарапынан Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) сұрау хат жолданған болатын.
Басқарманың ақпараты бойынша ОЖБ-ға сәйкес Сіз гигиеналық құралдармен, ортопедиялық аяқ-киіммен, корсетпен, мүгедектерді сауықтыру орталығымен, жеке көмекші қызметімен және серуендік, бөлмелік кресло-арбамен қамтамасыз етілгенсіз.
Алайда, 2018 жылы қаңтар айында өз талабына сай келмеуіне байланысты ұсынылған серуендік кресло-арбаны алудан бас тарттыңыз.
Өз кезегінде Сіз серуендік кресло-арбаның техникалық сипаттамасын ұсынған жағдайда Басқарма өз тарапынан көмек көрсетуге әзір екенін хабарлайды.

Сұрақтың нөмірі: 350244
18 шілде, 2018 - 10:38 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Cәлематсыздерме? сұрағым шағын кәсіпкерлікке қолдау жобалары туралы- толық ақпарат алу, яғни Өрлеу жобасы, Парыз бағдарламасы,  «Doing Business» және басқада осы сынды кәсіпкерлікті дамытушы  жобалар туралы  ақпаратты қайдан алуға болады?

Жауап: 

Құрметті Сымбат Муратовна! Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Сіздің шағын кәсіпкерлікке қолдау жобалары туралы сауалыңызды қарап, келесіні хабарлайды. Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен бекітілді. Сонымен бірге, Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы ақпаратпен Министрліктің www.paryz.enbek.gov.kz сілтемесі арқылы өтіп танысуға болады. Doing Business бағдарламасы туралы ақпарат www.doingbusiness.org сайтында қамтылған. «Өрлеу» жобасы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысын тоқтатты.

Сұрақтың нөмірі: 349357
11 мамыр, 2018 - 11:14 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсізбе! Мен 2016 жылдын маусым айында қызым Оралқанова Айаруды Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы "№4 Сәулетай балабақша-бөбекжайына" кезекке қойдық. Қаңтар айында Халыққа өызмет көрсету орталығына барып кезектің санын білгенімізде №205 болып тұрдық. 31 наурыз күні электронды порталдан балабақша кезегін тексеріп көрсек №3351 кезекте тұрмыз. Менің сәзге сұрағым; Осы жылдың қыркүйек айында баламды балабақшаға бере аламынба? Бұл кезек канша жылдан кейін келуі мүмкін? Рахмет

Жауап: 

Құрметті Айдын Оралқанұлы!

Балабақшамен қамтамасыз ету мәселесі Министрлік құзыретіне кірмейтіндігін ескере отырып, құзыретті жауап алу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүгіну қажет екендігіне назар аударамыз.

 

Сұрақтың нөмірі: 349030
9 сәуір, 2018 - 16:34 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

   Саламатсыздар ма!  Шымкент қаласы әкімдігінің "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы" КММ Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу бөлімшесінде  жұмыс істеймін. Тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының 3-тарау, 24-тармак, 8) сәйкес көрсетілген қызмет алушылардың мүдделерін білдіруге сенімхаттарды рәсімдеу; 

Жауап: 

Кұрметті Икрамхан Өмірзақұлы!

    Сіздің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жүгінген сұрақтарыңызды қарап, келесіні хабарлаймыз.

    Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 58-бабында тапсырма бойынша, оның ішінде іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен, жоғары заң білімі бар басқа да адамдардың сотта өкілдік етуі реттелген.

    Бұл ретте, өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін сенімхатпен расталады.

    Сонымен қатар, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының (ҚР ДСӘДМ 21.12.2016 ж. № 1079 бұйрығы) 24-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету мекеме юристінің құзыретіне кіреді.

Сұрақ тақырыбы: 

Қазақстан Республикасы Еңбек және

Жауап: 

Құрметті Зинагүл Алдибековна!

   Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Сіздің Министрліктің блог-платформасына жолдаған хатыңызға орай келесіні хабарлайды.

   «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.

   Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сомалар шегінде уәкілетті орган жүзеге асыратынын хабарлаймыз.

 

Сұрақтың нөмірі: 348535
3 наурыз, 2018 - 11:28 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме! Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы ( жүйке ауруымен ауыратын адамдарға қызмет көрсету орталықтары) қызмет алушылардың (І-ІІ-топ мүгедектері) жеке шоттарындағы қаражатты пайдалану жолдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 25 ақпанындағы № 139 бұйрығында көрсетілген. Алайда, алуға болатын тауарлардың тізімі қарастырылмаған. Қызмет алушыларға  жеке шотындағы қаражатқа қосымша тамақ алу қаншалықты заңды және ең қажетті заттар тізімін көрсетуіңізді сұраймыз?

Жауап: 

Кұрметті Ақсамал Нұрланқызы!

   Сіздің зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша сұрағыңызды қарап, келесіні хабарлаймыз.

   Халықаралық тәжірибесі мен қазіргі жағдайды талдау негізінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі – МӘМ) тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдардың зейнетақысы мен жәрдемақыларын оңтайландыру бойынша заңды шаралар қабылданды.

   Осылайша, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стационар жағдайында    МӘМ-де тұратын психоневрологиялық аурулары бар адамдарға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылары мөлшерінің 30 % төленеді. Қорғаншылық органының алдын ала рұқсатымен қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қамқоршы қосымша тамақ, ең қажетті заттарды сатып алу үшін қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктеріне жұмсайды.

  Жәрдемақылардың тағайындалған мөлшерінің 70 % аудару жеке банктік шотқа немесе МӘМ-ің қолма-қол ақшаны бақылау шотына жүргізіледі. Адамдардың қолма-қол ақшаны бақылау шотына түскен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары жұмсақ инвентарьды, санитариялық гигиена заттарын, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді («ТМККК тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес ТМККК тізбесіне кірмейтін) сатып алуға жұмсалады.

  Заттар мен қызметтерге (санитариялық гигиена заттары, жұмсақ инвентарь, дәрілік заттары, медициналық қызметтер, қосымша тамақ, ең қажетті заттар) қажеттілік әр тоқсан сайын комиссия негізінде айқындалады.

   Сонымен бірге, МӘМ-де қызмет алатын қамқорлықтағыларға қажетті тамақтардың тізбесі МӘМ-де, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларында (ҚР ДСӘДМ 27.11.2015 жылғы № 896 бұйрығы) тізімделген және жергілікті қаражат есебінен қамтамасыз етіледі.

   Ең қажетті заттар тізбесіне қамқорлықтағылардың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмейтін ең қажетті және жие қолданылатын киімдер, заттар, тауарлар жатады және қамқорлықтағылардың қажеттіліктерін ескере отырып әр адамға жеке анықталады.

   Бұл ретте, әр адамға жекелеген таңдау және қажеттілік есебі керектігін ескере отырып, қосымша тамақ, ең қажетті заттар тізбесін нақтылау мен шектеу мақсатқа сай емес деп санаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 348484
27 ақпан, 2018 - 16:35 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (психиатриялық жүйке ауруларымен ауыратын мүгедектер үйі) ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстардың тізіміне жатады ма? Алдын -ала рахмет

 

Жауап: 

Құрметті Ақсамал Нурланқызы!

   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі (бұдан әрі - Тізім), сондай-ақ оларды беру қағидалары бекітілді.

   Тізімнің «психиатриялық (психиатриялық жyйке аурулары), нейрохирургиялық емдеу-алдын алу мекемелері, бөлiмдерi, палаталары мен кабинеттерi (оның iшiнде нашақорлық және созылмалы алкоголизммен зардап шегетiн ауруларды емдейтiн), жyйке ауруымен ауыратын мүгедектердің yйi (бөлiмшелерi), медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтары» қатарына жатады.

Сұрақтың нөмірі: 348480
5 наурыз, 2018 - 12:14 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сізден Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу барысында туындап отырған мәселеге қатысты түсіндірме беруіңізді сұранады;

Жауап: 

   Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның жиынтық табысын есептеу жөнінде өтінішіңізді қарап, Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сәйкес аталған мәселе бойынша  2018 жылғы 24 қаңтардағы № 06/708 хатымен жауап берілгендігіне назар аударамыз.

Сұрақтың нөмірі: 348098
9 ақпан, 2018 - 10:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші