check

You are here

"Мүгедектерді оңалту" жөнінде сұрақ-жауаптар

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме?! Менің қояр сұрағым, желтоқсанның 24-күні декретке шығуыма байланысты, зейнетақы төлеу орталығына құжаттарымды өткіздім. Дородовой алу үшін. Менің ақшам қашан және қанша түседі? Мен естігем министрлікте, департаментте отырғандар өз таныстарының құжаттарын тез қарап 2 апта ішінде қаржылары түседі екен, басқа қарапайым халықтыкі ай өткен соң ғана түседі деп, осындай жиіркенішті істерді қашан қоясыздар. Менің аты-жөнім Гүлден Жандильдинова. Жезқазған қаласынан

Жауап: 

                               Құрметті Гүлден Ғалымжанқызы!

 

           Сәлеметсіз бе! Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлемдi тағайындауға             2013 жылғы 24 желтоқсанда жүгіндіңіз, сол күні құжаттарыңыз әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган – Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне жіберілді. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi №405 Заңының           20 - бабы 3 - тармағына сәйкес әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қарайды және әлеуметтiк төлемдер тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім ЗТМО бөлімшесіне келіп түскен соң, әлеуметтік төлем жүзеге асырылады.          

         Мәлімет ретінде, әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы ақпарат құпия болып табылады, осыған байланысты, оны сайтта орналастыру мүмкін емес.

Орындаған:М. Дангилова

Сұрақтың нөмірі: 300290
16 қаңтар, 2014 - 11:56 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Ұлым 2,5жаста (19.03.2011ж) диагноз: гидронефроз. Бүйрегіне 2 рет ота жасалуына байланысты мүгедектік рәсімдеуге бола ма? Бірінші ота 22.11.2013жылы болған, екінші ота 13.12.2013ж жасалды 20.12.2013ж ауруханадан шыққан болатынбыз. Дәл қазыр құжаттар дайындауға бола ма, әлде келесі жылға қалып қалдық па? Құжат рәсімделетін болса, балаға қандай көмек көрсетіледі. Назарыңызға рахмет. Тараз қаласы, баланың әкесі Бәкенов Жарылқасын Қуанарұлы!

Жауап: 

Мүгедектікті белгілеу, медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру мақсатында берген жолдамасы негізінде (088/у нысанды жолдама) медициналық-әлеуметтік сараптама  (бұдан әрі – МӘС) жүргізу жолымен жүзеге асырылады

(негіз: ҚР Үкіметінің  2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже).

        Ереже талаптарына сәйкес, медициналық ұйымдар ауруға, диагнозы белгіленген сәттен бастап емдеу, оңалту іс-шараларын жүргізген соң, көрсетпе болған жағдайда  кемінде төрт айдан кейін  МӘС-ға жібереді.

        Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Сіз тұратын жеріңіздегі емдеу мекемесіне жолығуыңыз қажет.

 

 

         Эксперт: Кемерова А.Н.

Сұрақтың нөмірі: 299614
27 желтоқсан, 2013 - 11:48 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

        Сәлеметсіз бе! Мен жол көлік апаты салдарынан, өмірлікке 1 - топ мүгедектігіне тағайындалдым, жүре алмаймын. Еш жерде жұмыс жасамай-мын. Қоғаммен байланысқым келеді. Қазақстан Республикасында мүгедек-терді әлеуметтік қорғау туралы ҚР заңының 21 - бабы, Мүгедектерді әлеу-меттік оңалту, 4 - ші тармақшасы  бойынша жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік қызметтер көрсетуді, жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруге міндеттілігі көрсетілген. Осы заңға сай  мемлекет тарапынан маған жеке көмекші беріледі ме?

Жауап: 

        Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 754 қаулысымен бекітілген жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшiн жеке көмекшiнiң әлеуметтiк қызметiн көрсету ережесiне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес, жеке көмекшiнiң әлеуметтiк қызметiн көрсету мүгедектi жеке оңалту бағдарламасы негiзiнде жүзеге асырылады. Жеке көмекшiнiң әлеуметтiк қызметтерiн көрсету туралы шешiмдi қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi қабылдайды.      

        Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi мен жеке көмекшiнiң арасындағы қатынастар әлеуметтiк қызметтердi көрсетуге арналған шартпен ресiмделедi.  Шартта жеке көмекшiге қойылатын талаптар мен олар көрсететiн әлеуметтiк қызметтердiң түрлерi ескерiледi.

         Мүгедектi жеке оңалту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы  № 286-ө бұйрығымен бекітілген Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесіне сәйкес, мүгедектің (немесе оның заңды өкілінің) өтініші негізінде, мынадай құжаттардың: 1) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесінің және салыстыру үшін түпнұсқасының; 2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы не мекенжай анықтамасы не селолық немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы; 3) 088/у нысаны немесе медициналық ұйымының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысының (мүгедектігі куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайларда немесе ОЖБ түзеткен жағдайда);

4) мүгедектігін растайтын анықтама көшірмесінің және салыстыру үшін түпнұсқасының (мүгедектігі куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайларда немесе он алты жасқа толғанға дейін); 5) динамикалық тексерілуді талдау үшін амбулаториялық науқастың медициналық картасының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесіне ұсынылуымен әзірленеді.

         Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Сіз нақты және толық ақпарат алу үшін тұратын жеріңіздегі Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптамасының бақылау және әдіснама бөліміне  жолығуыңыз қажет.

      

         Эксперт: Кемерова А.Н.

Сұрақтың нөмірі: 299415
24 желтоқсан, 2013 - 17:52 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

 

Сәлеметсіздерме!

Менің аты жөнім Әуезбекқызы Айжан. Жасым 25те.

Қояйын деген сұрағым; Мен жалғыз басты анамын. Ұлым 3жаста. Қазіргі таңда жұмыссызбын.

Жалғыз басты аналарға қандай әлеуметтік көмектер бар екенін білгім келеді.

Жауап: 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында «жалғызбасты ана» ұғымы жоқ. Осыған орай, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік кепілдемелер жалпы негізде қаралады.    

Бүгінгі күні, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыста белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда,             18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік  жәрдемақыға үміткер бола алады. Жәрдемақының мөлшері әр балаға 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.        

            Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама бойынша аз қамтылған азаматтарға отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен болған жағдайда, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.      

     Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді.

           Мемлекет тұрғын жайды ұстауға, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысын төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

            Тұрғын үй көмегі - сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалға алушылары) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқару органдары белгілейді.

            Осыған орай, Сіз аталған көмектер мен жәрдемақы туралы тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

Орын:Нуриденова Л.

Сұрақтың нөмірі: 297388
28 қараша, 2013 - 12:58 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер,

Менің сұрағым  Мен  қазір  үш баламмен  үйдемін,Үлкенім  төрт жаста,одан кейінгі екі жаста, кішіме  он ай күйеуіммен  ажырасқанмын.ол мүлде алимен төлемейді. Маған үкімет тарапынан қандайда бір көмек боладыма  Басымызда  жекеменшік баспанамыз жоқ

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалғызбасты аналарға әлеуметтік кепілдемелер жалпы негізде қаралған.

Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді.

Сонымен бірге, тұрғын үй көмегі - сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалға алушылары) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқару органдары белгілейді.

Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, аталған мәселе бойынша, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

Тұрғын үй туралы

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елдi мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.

Сіздің көтеріп отырған тұрғын үй, жалға берілетін тұрғын үй алу, тұрғын үй алуға кезекке тұру және т.б. мәселелері жергілікті атқарушы органдар арқылы жүргізіледі.

Осыған орай, Сізге әкімдікке хабарласуыңыз қажет.

Алимент төлемеу, әке құқығынан айыру мәселелері бойынша сот органдарына хабарласуыңызға ұсыныс береміз.

орын. С. Ирахметов

Сұрақтың нөмірі: 296386
12 қараша, 2013 - 09:32 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

ҚР Үкіметінің 754 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес, мүгедекке жылына 12 калоприемник беріледі делінген. Ол сонда 12 пакетпе,әлде 12 қорап па? 1 пакетті бір рет пайдалануға болады. Ал 1 қорап та 15 пакеттен және 1 зажим. Оның бағасы 10,0 мың теңге. Пакеттер жекелей сатылғанымен эажимдер сатылмайды. 1 қораптағы 15 пакетпен 1 зажим 1 айға жетеді. Сонда 1 жылға 12 комплекттегі қораппа, әлде 12 пакетпе?

Жауап: 

«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес (бұдан әрі - Қаулы) мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету медициналық көрсетімдер бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Аталған Қаулыға сәйкес табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттілiктердi  қанағаттандыруға арналған  ішек ауруы бар мүгедектерге нәжіс қабылдағыштар - 12 дана бір жылға белгіленген мөлшерде беріледі.

Сондықтан, міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен жүргізіледі.

Қазіргі кезде аталған Қаулыға өзгерістер енгізу Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі                                         2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңі жобасы әзірленуде.

Осыған орай сіздің ұсынысыңыз назарға алынды.

орын. Көшкімбекова Р.

Сұрақтың нөмірі: 295964
12 қараша, 2013 - 09:15 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме?!!! Мен Наханова Базаркүл Сіздердің жеке сайттарыңыз арқылы әлеуметтік көмекші жайында сұрақ қойған болатынмын. Бұл сұрағыма: 

Жауап: 

 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі- Заң) сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтері  медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдеріне сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі.

I топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін көрсету тәртібін жергілікті өкілетті органдар жүзеге асырылады.

Осыған орай, Сіздің көтеріп отырған сауалыңызға Созақ ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және аумақтық медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің реабилитолог мамандары үйіңізге барып Сізге толық түсініктеме берген (2013 жылғы 24 шілдедегі № 1008 хат).

Осыған байланысты, қайта келіп түскен Сіздің сауалыңызға қолданыстағы заңнамалар бойынша басқаша ақпарат жоқ екенін хабарлаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау және әлеуметтік қорғау

Комитеті сарапшысы Ирахметов Самат

Сұрақтың нөмірі: 295039
30 қазан, 2013 - 16:34 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

 

Сәлеметсіздер ме, жақында жездем жұмыс барысында инсульт алып, ауруханада жатып шықты. Дәрігерлік комиссия шешімімен жақын арада II немес III топтағы мүгедектік берілуі мүмкін. Аталған жағдайда жұмыс барысы қалай болады екен?Жұмысберушінің дәрігерлік комиссия III топ берсе, жеңіл жұмыс түрімен қамтамассыз етуі міндетті ме? Егер II топ алған жағдайда 1 жылға ,яғни келесі дәрігерлік тексерістен өткенше жұмыс орны сақтала ма? рахмет.

Жауап: 

Бұл айдардың бөлімі «Сұрақ-жауап» «Әлеуметтік көмек және мүгедектерді оңалту».

 

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Еңбек құқығы және жұмыспен қамту мәселелері» айдарында сұрақ қоюыңыз қажет.

 

Сұрақтың нөмірі: 292586
28 тамыз, 2013 - 16:53 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы негізінде мүгедекті оңалтудың  жеке бағдарламасына сәйкес жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі  туралы төмендегі жағдайға түсінік беруіңізді сұраймыз.

Жауап: 

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтері медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдері бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі.

Бұл ретте, бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін көрсету және міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз етудің тәртібі жергілікті атқарушы органдармен атқарылады.

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеу шарттары, оның ішінде жол жүру шығыстары мен басқалары, сондай-ақ жұмыс уақытының есебі, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтері мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі шартта ескеріледі.

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеуді қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүргізеді.

Бұл мәселе жөнінде, Сізге Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

орын.Нұриденова Л

 

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 292278
29 тамыз, 2013 - 18:18 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Інім Ұзақов Райхан 2008 жылдан бері туған апасы мен жездесінің (патронат) тәрбиесінде. Қазір жасы 17-де. Өзі Арал ауданында дүниеге келген. Тәрбиешісі де Арал ауданында. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында оқиды. Асыраушысынан айырылған балаларға арналған тұрғын үй көмегіне байланысты құжат дайындағымыз келген. Жергілікті ЦОН қызметкерлері тұрғылықты мекенжайын Қызылорда қаласына ауыстыру қажет екендігін айтты. Егер Қызылорда қаласына ауыстырылса, тәрбиешілері патронаттық міндеттен босатылады және патронаттық тәрбиеге берілетін т. б жәрдемақылар тоқтатыла ма?

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үй және қорғаншылық немесе қамқоршылықты белгілеу  мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзырына жатады.

Сондықтан, Сіздің көтеріп отырған мәселе бойынша толық жауап алу үшін Қызылорда облысы әкімшілігінің тұрғын үй басқармасына хабарласуыңыз қажет.

 

Орын. Р. Көшкімбекова

Сұрақтың нөмірі: 285420
29 шілде, 2013 - 09:37 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші