Құрметті Ғабит Баймуратович!
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ресми әлеуметтік желіге жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес жеке көмекші – шарт талаптарымен мүгедекпен бірге оның тұратын жерінен баратын пунктіне дейін және қайтарда: жұмысқа, оқу орындарына, сондай-ақ мүгедек жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтік сала объектілеріне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, спорт ғимараттарына, сауда объектілеріне, медициналық мекемелерге, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына және оқуына, жұмысқа орналасуына, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауына және іске асыруына, ақпарат алуына, қажетті құжаттарды ресімдеуіне байланысты мәселелерді шешуі үшін өзге де ұйымдарға барған кезде ілесіп жүру бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсететін маман болып табылады.
Сонымен қоса, осы Бұйрықтың 10,11-тармақтарына сәйкес кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді қоспағанда, жұмыспен қамту бөлімдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін сатып алуды жүргізеді.
Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеу шарттары, оның ішінде жол жүру шығыстары мен басқалары, сондай-ақ жұмыс уақытының есебі, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтері мен ұсынылатын қызметтердің тізбесі шартта ескеріледі.
Сондықтан көтеріп отырған мәселеңізге байланысты толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуыңыз қажет.