Жауап берілген сұрақтар | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Жауап берілген сұрақтар

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме? Мен Игенова Шынар кеңсе инспекторы лауазымына жоғарғы заңгер мамандығы болған жағдайда ғана жоғарғы білім туралы үстем ақы төленеме?

Жауап: 

Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерге, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағы 8) тармақшасына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын Азаматтық қызметшілер тізілімінің функционалдық блоктарына және білікті жұмысшыларға жатқызу жөніндегі әдістемелік ұсынымдары» бекітілген.
Аталған әдістемелік ұсынымдарға сәйкес мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар С2 буынына, біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар С3 буынына жатқызылған.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда, біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде еңбекақы төлеу С2 буыны бойынша анықталуы қажет.
Аталған әдістемелік ұсынымдар Министрліктің сайтындағы ресми бөлімде орналасқанын ақпарат ретінде хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 351260
18 тамыз, 2018 - 14:31 өзгертілді

Сәлеметсіз бе? Менің қояр сұрағым: Негізгі мемлекеттік қызметшігің оқу демалысы кезеңінде оның орнына қабылданған Мемлекеттік қызметші жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кестесіне сәйкес жұмыс жылының, яғни мемлекеттік қызметшінің 13.12.2017 - 2018 жылдар кезеңі бойынша, 01.07.2018 жылы кезекті еңбек демалысын алуға тиіс болатын. Алайда, негізгі мемлекеттік қызметшінің 30.06.2018 жылы жұмысқа қайта келуіне байланысты, 29.06.2018 жылы жұмыстан босатылып, еңбек еткен күндері үшін еңбек ақы төленді. Сұрақ: осы мемлекеттік қызметшінің 01.01.2018 - 2019 ж.ж.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) жұмыскердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге міндетті.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңының 54-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi.
Сонымен бірге, Кодекстің 96-бабына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Осыған орай, қызметкерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілуі тиіс, алайда сауықтыруға арналған жәрдемақы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққан кезде күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша нақты жауап алу үшін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 351245
17 тамыз, 2018 - 09:23 өзгертілді

Мен Сахарбаев Еркебұлан Әлімжанұлы Атырау қаласының тұрғыны баланың туылуына байланысты және күтімі үшін жәрдемақы тағайындауға құжаттарды тапсырдым! Кейін маған баланың туылуыны байланысты жәрдемақы тағайындалғаны туарысында хат келді, бірақ бір жылдық күтімі үшін жәрдемақы әлі күнге дейін тағайындалмады! Менім әйеліме төлем орталығынан қоңырау шалынып, осы жәрдемақы алу үшін сіздің күйеуіңіз 1 жыл декретте отыру керек  деді, осы қанашалықты шындыққа жарасады! Жәнеде заңмен бекітілген бе? Бұл іс заңсыз емес па?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Еркебұлан Әлімжанович!

Әлеуметтік қорғау саласы бойынша, отбасында бала туылған жағдайда төлемдер Республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен (екі негізден) қарастырылған.
Осыған орай, екінші балаңыз туылғанда республикалық бюджет есебінен Сізге 91 390 тенге мөлшерінде бала тууына байланысты бiржолғы мемлекеттік жәрдемақысы тағайындалған.
Сонымен қатар, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жұмыс атқаратын азаматтарға мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушы болғандықтан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы әлеуметтiк төлемі (бұдан әрі – әлеуметтік төлем) тағайындалады.
Бұл ретте, әлеуметтiк төлемді тағайындау үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның (әлеуметтiк қатердің) басталуы негіз болып табылады.
Әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) болып табылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тапсырылған құжаттарыңыз туралы толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Қорға жолығуды ұсынамыз.

2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек түрі еңгізілді.Осыған байланысты 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап ассистенттер жұмысқа қабылданды. Ассистенттің еңбек ақысы Д блогы бойынша анықталды.Д блогы бойынша еңбек ақыға: 

Жауап: 

Бірінші сұрақ бойынша
Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулыға 6-Қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, мамандарына және басқа қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін лауазымдық айлықақыдан 50 % мөлшерде қосымша ақы қарастырылған.
Осыған орай, аталған қосымша ақы халықты жұмыспен қамту орталықтарының барлық мамандарына (оның ішінде, ассистенттерге) және басқа қызметшілеріне жүргізіледі.

Екінші сұрақ бойынша
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Кодексктің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Осыған орай, Сізбен аталған қызметкер мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорынның штаттық қызметкері болса, тиісінше қызметкер зейнеткерлік демалысқа шықпастан бұрын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққан жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы төленуі тиіс.

Сұрақтың нөмірі: 351077
6 тамыз, 2018 - 10:11 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу» Ережесіне сәйкес, сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:   

Жауап: 

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы тағайындау жүйесі «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысы негізінде анықталады.
Ереженің 3-тармағына сәйкес мерейтой, мереке күндері сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып табылады.
Ереженің 1-2 - тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйлық ақы беру:
1) мемлекеттік орган басшысы - бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісінің не оны алмастыратын тұлғаның;
2) жауапты хатшының орталық атқарушы органның басшысымен келісілген;
3) Қазақстан Республикасының Президенті жауапты хатшының өкілеттіктерін орындауға белгілеген лауазымды тұлғаның шешімі бойынша жүргізіледі.
Жоғарыда санамаланған тұлғалар бұл ретте осы Ережені басшылыққа ала отырып, осы органдар қызметкерлеріне сыйлық беру туралы Ережені дербес әзірлеуге және бекітуге құқығы бар.
Нақты жауап алу үшін жоғарыда аталған Ереженің әзірлеушісі - ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 351073
6 тамыз, 2018 - 10:07 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Мен мемлекеттік қызметте істегеніме 1 жыл 11 ай болды. 4 жастағы балам бар, отбасы жағдайым-ажырасқанмын. Алимент аламын. Басқармада штат санын қысқартуға байланысты, маған хабарлама 31.07.2018ж. беріліп отыр. ҚР Еңбек Кодексінің 54-бап 2-тармақшасын ескере келе, мен қысқартуға жатамынба? Бұйрық бойынша 2017-2018 жылдарға кезекті еңбек демалысым 06.08.2018 жылдан бастап шығарылған. Кезекті еңбек демалысымды ала аламынба? Қысқартылған күнде мемлекеттік қызметкер ретінде қандай өтемақы мөлшерін ала аламын?Толыққанда мәлімет беруіңізді сұраймын.

Жауап: 

Құрметті Айзада Омиртаевна!

Еңбек шартын тоқтату негіздері ҚР Еңбек кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 49-60-баптарында көрсетілген. Бұл ретте, жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі көрсетілуге тиісті.
Атап айтқанда, Кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
Жұмыс беруші осы көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу кезінде еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті. Еңбек шартын жұмыскердің жазбаша келісімімен бұзу хабардар ету мерзімі өткенге дейін жүргізілуі мүмкін (Кодекстің 53-бабының 1-тармағы).
Бұл жағдайда, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға шектеулерді сақтау қажет, нақтырақ айтсақ көзделген негіз бойынша мына жағдайларда еңбек шартын бұзуға жол берілмейді:
- жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен (Кодекстің 54-бабының 2-тармағы).
Кодекстің 96-бабының 2-тармағына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 56-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік органның штат саны қысқартылған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді делінген.
Осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік орган өздеріне қатысты қабылдаған шешімдер мен әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа шағым жасауға құқығы бар.

Сұрақтың нөмірі: 351072
14 тамыз, 2018 - 10:48 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Айдана Жанболатқызы!
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 95-бабына сәйкес жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.
Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады.
Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Осыған орай, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан жұмыскердің жазбаша келісімімен кез-келген уақытта жұмысқа шақыртуға болады.

Салеметсіздер ме! Түркістан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың арнайы кітапханасының бас бухгалтері ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 7 қосымшасында көрсетілген: к ітапхана, клуб мекемелері мен мұражайлар қызметкерлері мүгедектермен соқыр және саңыраулық азаматтармен жұмыс істегені үшін қосымша 30 пайыз БЛЖ-дан төленетін қаржы қандай қызметкерлерге төленеді? Мысалы, біздің мекемеде сегіз көзі көрмейтін 1-топ көз мүгедектері жұмыс істейді (оқырмандардан басқа). Басшы директорда 1-топ көз мүгедегі.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулыға 7-қосымшаға сәйкес кітапханалар, клуб мекемелері және музейлер қызметкерлеріне:
- дене бітімінің дамуында кемістігі бар азаматтармен жұмыс істегені үшін;
- зағип және саңырау азаматтармен жұмыс істегені үшін базалық лауазымдық айлықақыдан 30 % мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда Сізбен аталған қызметкерлер (бухгалтер, экономист, жүргізуші) зағип және саңырау азаматтарға тікелей қызмет көрсетпейтіндіктен, аталған қосымша ақы оларға жүргізілмейді деп есептейміз.
Аталған сұрақ бойынша толық ақпарат алу үшін мәдениет саласында уәкілетті орган - ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 350983
1 тамыз, 2018 - 16:28 өзгертілді
Жауап: 

Құрметті Айдана Жанболатқызы!
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 95-бабына сәйкес жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.
Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады.
Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Осыған орай, жұмыс беруші жұмыскерді өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан шақыртқан жайғдайда, жұмыскерге шақыртылған уақыттан бастап еңбек ақы төленеді.

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздарма. 

Менім төменде көрсетілген сұрағымның шешімін табуға ықпал етулеріңізді сұранамын. 

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері лауазымына -  біліктілік талабы бойынша -  білімі - жоғары, мамандығы "Информатика", жалпы еңбек өтілі "Іс-жүргізуші" лауазымында 3 жыл 4 ай жұмыс жасаған азаматшаны жұмысқа қабылдауға болады ма?  

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 101-бабының 8-тармағына сәйкес жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде, ал олар болмаған кезде Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығы және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.
Жоғарыда көрсетілген лауазымдар Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығы) көзделген.
Осы лауазымдардың атқаратын міндеттері және оларға қойылатын қажет, білімдері біліктілік талаптары әртүрлі.
Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алу менеджері лауазымына тағайындау үшін үміткер біліктілік сипаттамасында қойылған біліктілік талаптарға сай болуы керек.
Көрсетілген бұйрық «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған.

Сұрақтың нөмірі: 350921
8 тамыз, 2018 - 20:02 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші