check

You are here

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылға арналған iс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын б

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылға арналған iс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 10 наурыздағы N 274 Қаулысы

 


 

      Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылға арналған iс-қимыл жоспарын (Жол картасын) (бұдан әрi - Жол картасы) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қ АУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Жол картасын орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бiрiншi басшылары Iс-шаралар жоспарының мүлтiксiз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) бiр апта мерзiмде мемлекеттiк органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Iс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
      2) ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау  министрлiгiне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
      5. Iс-шаралар жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң отырыстарында жылына екi рет, бiрiншi және үшiншi тоқсандар өткен соң Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ұсынысы бойынша қаралады деп белгiленсiн.
      5-1. Iс-шаралар жоспарынан туындайтын дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған ерекше тәртiппен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
       Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.05.06.  N 635 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысына Iс-шаралар жоспарының орындалған тармақтарын бақылаудан алу туралы шешiм қабылдау құқығы берiлсiн.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысына жүктелсiн.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2009 жылғы 10 наурыздағы
N 274 қаулысымен  
бекiтiлген     

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылға арналған iс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Р/с
N

Iс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

1.1. Жол картасын iске асыру тетiктерi

1

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң төрағалығымен Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - ВАК) құру, оның мiндеттерi мен функцияларын айқындау

Еңбекминi, мүдделi мемлекеттiк органдар

ҚР Үкiметiнiң қаулысы

2009 жылғы 12 наурыз

2

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде жұмыспен қамту, қызметкерлердiң ықтимал босатылу картасын әзiрлеу және экономикалық қызмет түрлерi (салалар) бойынша жаңа жұмыс орындарын құруға қажеттiлiктi айқындау

Еңбекминi, мүдделi мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 21 наурыз

3

Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын оңтайландыру және оларды Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспарының (Жол картасының) (бұдан әрi - Жол картасы) iс-шараларын бiрлесiп қаржыландыруға қайта жiберу

ЭБЖМ, мүдделi мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 21 наурыз

4

Республикалық және жергiлiктi бюджеттер тарапынан бiрлесiп қаржыландыру өлшемдерiн (республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасындағы бiрлесiп қаржыландырудың тепе-теңдiгiнiң шектi мәндерiн) әзiрлеу

ЭБЖМ

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 27 наурыз

5

Құрылатын жаңа жұмыс орындарының санын көрсете отырып, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде Жол картасын бағыттар бойынша қаржыландырудың жалпы лимиттерiн айқындау жөнiнде ұсыныстар енгiзу

Еңбекминi, мүдделi мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

РБК отырысының хаттамасы

2009 жылғы 30 наурыз

6

Жергiлiктi атқарушы органдардың жанынан Жол картасын iске асыруды үйлестiру және оның мониторингi жөнiндегi комиссияларды (бұдан әрi - жергiлiктi комиссиялар) құру

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Еңбекминiне ақпарат

2009 жылғы 12 наурыз

7

Экономикалық қызмет түрлерi бойынша iрiлендiрiлген топтарды, кәсiптер мен мамандықтарды айқындау

Еңбекминi, БҒМ

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 21 наурыз

8

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың бағыттар бойынша жауапты әкiмшiлерiн көрсете отырып, Жол картасының iс-шараларын қаржыландыруды бөлу туралы ұсыныстар енгiзу

Еңбекминi, ЭБЖМ, БҒМ, ККМ, ЭМРМ, ДСМ, ИСМ, Қаржыминi, "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ

РБК отырысының хаттамасы

2009 жылғы 15 сәуiрге дейiн

9

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде Жол картасын iске асыру үшiн кадрлар даярлау мен қайта даярлау жоспарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзу

БҒМ, Еңбекминi, ДСМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 30 сәуiр

10

Республикалық бюджеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шығыстарын ұлғайту үшiн, оның iшiнде кемiнде 140 млрд. теңге - өңiрлiк жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелерi бойынша Жол картасын iске асыруға "Ұлттық қордан нысаналы трансферт бөлу туралы" ҚР Президентi Жарлығының жобасын әзiрлеу

ЭБЖМ, Қаржыминi, ҰБ (келiсiм бойынша)

ҚР Президентi Жарлығының жобасы

2009 жылғы 16 наурыз

11

Бюджет шығыстарын оңтайландыруды және 2009 - 2010 жылдары Ұлттық қордан әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бюджет шығыстарын ұлғайту үшiн, оның iшiнде кемiнде 140 млрд. теңге - өңiрлiк жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелерi бойынша Жол картасын iске асыруға нысаналы трансферт бөлудi көздей отырып, "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заң жобасын әзiрлеу

ЭБЖМ, мүдделi мемлекеттiк органдар, "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ

ҚР Үкiметiнiң қаулысы

2009 жылғы 18 наурыз

12

Отандық өндiрушiлерден сатып алудың жиынтық жоспарын және Жол картасын iске асыру үшiн отандық өндiрiстi дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қалыптастыру

ИСМ, Қаржыминi, Еңбекминi, ЭБЖМ, ККМ, ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 30 сәуiр

13

Өңiрлер, жобалар және нақты бағыттар бөлiнiсiнде Жол картасының бағыттарын iске асыру тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерiн айқындау

Еңбекминi, ЭБЖМ, БҒМ, ККМ, ЭМРМ, ДСМ, ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

ҚР Үкiметiне ақпарат

2009 жылғы 15 сәуiр

14

Жол картасын iске асыру жөнiндегi есептердi беру

Еңбекминi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

ҚР Үкiметiне есеп

ВАК отырысының кестесiне сәйкес

15

Жол картасын iске асыруды республикалық және жергiлiктi деңгейлерде ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарын әзiрлеу

МАМ, мүдделi мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Премьер-Министрдiң өкiмi

2009 жылғы 30 сәуiр

16

Жол картасының iске асырылу барысы туралы есептердi жариялау

МАМ, Еңбекминi, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

ҚР Үкiметiне есеп

ай сайын

17

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң сайтында Жол картасын iске асыру мәселелерi бойынша арнайы бөлiм ашу

Еңбекминi, АБА, мүдделi мемлекеттiк органдар

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 26 наурыз

18

Жол картасы шеңберiндегi жобаларды iске асыруға ӘКК-нiң қатысу тетiктерi туралы ұсыныстар енгiзу

ЭБЖМ, "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" АҚ, мүдделi мемлекеттiк органдар

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 10 сәуiр

1.2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесiн (сумен жабдықтау және кәрiз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) қайта жаңарту және дамыту

19

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының және нақты объектiлер бөлiнiсiнде бағыттар бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн жөндеуге, қайта жаңартуға және дамытуға қажеттiлiктердi айқындау

ЭМРМ, ИСМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Еңбекминiне ақпарат

2009 жылғы 6 сәуiр

20

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде кәсiптер мен мамандықтардың iрiлендiрiлген топтары бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн қайта жаңарту және дамыту үшiн еңбек ресурстарына және кадрларды қайта даярлауға қажеттiлiктердi айқындау және оларды даярлау және қайта даярлау жоспарына ұсыныстар енгiзу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Еңбекминiне, БҒМ-ға ақпарат

2009 жылғы 17 сәуiр

21

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн қайта жаңарту және дамыту үшiн тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қажеттiлiктердi айқындау және оларды отандық өндiрушiлерден сатып алу жоспары бойынша, сондай-ақ отандық өндiрiстi дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспары бойынша ұсыныстар енгiзу

ЭМРМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

ИСМ-ге ақпарат

2009 жылғы 17 сәуiр

1.3. Мектептердi, ауруханаларды және басқа да әлеуметтiк объектiлердi жөндеу және жылылау

22

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының және нақты объектiлер бөлiнiсiнде бағыттар бойынша мектептердiң, ауруханалардың және басқа да әлеуметтiк объектiлердi жөндеуге қажеттiлiктердi айқындау

БҒМ, ДСМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, ӘКК

Еңбекминiне ақпарат

2009 жылғы 6 сәуiр

23

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде кәсiптер мен мамандықтардың iрiлендiрiлген топтары бойынша мектептердi, ауруханаларды және басқа да әлеуметтiк объектiлердi жөндеу үшiн еңбек ресурстарына және кадрларды қайта даярлауға қажеттiлiктердi айқындау және оларды даярлау және қайта даярлау жоспары бойынша ұсыныстар енгiзу

Облыстардың, Астана және  Алматы қалаларының әкiмдерi, ӘКК

Еңбекминiне, БҒМ-ға, ДСМ-ге ақпарат

2009 жылғы 17 сәуiр

24

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде мектептердi, ауруханаларды және басқа да әлеуметтiк объектiлердi жөндеу үшiн тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге қажеттiлiктердi айқындау және оларды отандық өндiрушiлерден сатып алу жоспары бойынша, сондай-ақ отандық өндiрiстi дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспары бойынша ұсыныстар енгiзу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, ӘКК

ИСМ-ге ақпарат

2009 жылғы 17 сәуiр

1.4. Республикалық және жергiлiктi маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жаңарту және салу

25

Жол-жөндеу жұмыстарын жүргiзу технологияларын талдау және әзiрленген өлшемдердi ескере отырып барынша тиiмдiлерiн таңдау

КММ

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 18 наурыз

26

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының және нақты объектiлер бөлiнiсiнде бағыттар бойынша жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуге, қайта жаңартуға және салуға қажеттiлiктердi айқындау

ККМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Еңбекминiне ақпарат

2009 жылғы 6 сәуiр

27

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде кәсiптер мен мамандықтардың iрiлендiрiлген топтары бойынша жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу, қайта жаңарту және салу үшiн еңбек ресурстарына және кадрларды қайта даярлауға қажеттiлiктердi айқындау және оларды даярлау және қайта даярлау жоспары бойынша ұсыныстар енгiзу

ККМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Еңбекминiне, БҒМ-ға ақпарат

2009 жылғы 17 сәуiр

28

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу, қайта жаңарту және салу үшiн тауарларға, жұмыстарға  және қызметтерге қажеттiлiктi айқындау және оларды отандық өндiрушiлерден сатып алу жоспары бойынша, сондай-ақ отандық өндiрiстердi дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспары бойынша ұсыныстар енгiзу

ККМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

ИСМ-ге ақпарат

2009 жылғы 17 сәуiр

1.5. Әлеуметтiк жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламасын кеңейту

29

Жұмысқа орналастырудағы өңiрлiк қажеттiлiктi ескере отырып, әлеуметтiк жұмыс орындары мен жастар практикасын пайдалану мүмкiндiктерiн кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды ВАК-тың қарауына енгiзу

Еңбекминiне, БҒМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

ВАК отырысының хаттамасы

2009 жылғы 30 сәуiр

1.6. Қалалардағы, кенттердегi, ауылдардағы (селолардағы), ауылдық (селолық) округтердегi басым әлеуметтiк жобаларды қаржыландыру

30

Қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық), округтердiң бөлiнiсiнде бағыттар бойынша әлеуметтiк-мәдени объектiлердi жөндеуге және қайта жаңартуға қажеттiлiктердi айқындау

МАМ, ТСМ, ККМ, АШМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, аудандардың әкiмдерi

Еңбекминiне ақпарат

2009 жылғы 6 сәуiр

31

Қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер бөлiнiсiнде кәсiптер мен мамандықтардың iрiлендiрiлген топтары бойынша әлеуметтiк-мәдени объектiлердi жөндеу және қайта жаңарту үшiн еңбек ресурстары мен қайта даярлауға қажеттiлiктi айқындау және оларды даярлау мен қайта даярлау жоспары бойынша ұсыныстар енгiзу

МАМ, ТСМ, ККМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Еңбекминiне, БҒМ-ға ақпарат

2009 жылғы 17 сәуiр

32

Қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер бөлiнiсiнде әлеуметтiк-мәдени объектiлердi жөндеу және қайта жаңарту үшiн тауарларға, жұмыстарға қажеттiлiктi айқындау және оларды отандық өндiрушiлерден сатып алу жоспары бойынша, сондай-ақ отандық өндiрiстердi дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспары бойынша ұсыныстар енгiзу

МАМ, ТСМ, ККМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

ИСМ-ге ақпарат

2009 жылғы 17 сәуiр

33

Ауыл халқына шағын кредиттер берудi ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстарды қарау

ИСМ, АШМ, Қаржыминi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

ВАК отырысының хаттамасы

2009 жылғы 17 сәуiр

1.7. Жұмыстан айырылған жағдайда әлеуметтiк төлемдердiң ең жоғары кезеңiн ұлғайту

34

Жұмыстан айырылған жағдайда Әлеуметтiк сақтандыру мемлекеттiк қорынан 2009 және 2010 жылдары әлеуметтiк төлемдердiң ең жоғары кезеңiн төрт айдан алты айға дейiн ұлғайту бөлiгiнде "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" ҚР Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасын әзiрлеу

Еңбекминi

ҚР Үкiметiнiң қаулысы

2009 жылғы 20 сәуiр

1.8. Кадрларды даярлау және қайта даярлау

1.8.1. Жол картасы шеңберiндегi жобаларды iске асыру үшiн кадрларды қайта даярлау (100 мың адам)

35

Еңбек нарығының қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм беру басқармалары басшыларының қатысуымен кадрларды қайта оқыту курстарын ұйымдастыру туралы кеңестер өткiзу

БҒМ, Еңбекминi, Қаржыминi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Ұсыныстар, нұсқаулық хат

2009 жылғы 18 сәуiр

36

Кадрларды қайта оқыту жөнiндегi қысқа мерзiмдi курстарды ұйымдастыру жөнiндегi оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Оқу жоспарлары мен бағдарламалары. Еңбекминiне ақпарат

2009 жылғы 30 сәуiр

37

Кадрларды қайта оқыту курстарын өткiзуге жауапты оқытушылар мен өндiрiстiк оқыту шеберлерiнiң тiзiмiн жасау және бекiту

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Оқытушылардың, өндiрiстiк оқыту шеберлерiнiң тiзiмi. Еңбекминiне, БҒМ-ға ақпарат

2009 жылғы 30 сәуiр

38

Жергiлiктi атқарушы органдар мен кәсiпорындар арасында кадрларды қайта оқытуды ұйымдастыру жөнiнде келiсiмдер дайындау және оларға қол қою

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, кәсiпорындар

Келiсiмдер. Еңбекминiне, БҒМ-ға ақпарат

2009 жылғы маусым

39

Кадрларды кейiннен жұмысқа орналастыру туралы ақпаратпен бiрге оларды қайта оқыту туралы есеп беру.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

БҒМ-ға, Еңбекминiне ақпарат

Ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн

1.8.2. Макроөңiрлердi экспорттық мамандандыруды iске асыру үшiн мамандар даярлау (23,5 мың адам)

40

ӘКК бағыттары мен жобалары және "Қазақстанның 30 корпоративтiк көшбасшы" бағдарламасы тiзбесiне сәйкес басымдықты техникалық мамандықтар мен кәсiптер бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлауға қажеттiлiктi айқындау

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Еңбекминi, мүдделi мемлекеттiк органдар, ӘКК

БҒМ-ға ақпарат

2009 жылғы 6 сәуiр

41

Салалар мен өңiрлер бойынша экономика қажеттiлiктерiн ескере отырып, кәсiптер мен мамандықтар бөлiнiсiнде техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын ұлғайту

БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң қаулылары. Еңбекминiне, БҒМ-ға ақпарат

2009 жылғы сәуiр - мамыр

42

Техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң қаулылары. Еңбекминiне, БҒМ-ға ақпарат

2009 жылғы маусым

43

Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы шеңберiнде талапкерлер қабылдау туралы есеп беру

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

БҒМ-ға ақпарат

2009 жылғы қыркүйек

44

Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы шеңберiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына бiлiм алушыларды қабылдау қорытындылары туралы есеп беру

БҒМ

ҚР Үкiметiне ақпарат

2009 жылғы қыркүйек

45

Толық емес жұмыс уақыты режимiнде жұмыспен қамтылған қызметкерлердi қайта даярлау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне өзгерiстер енгiзу туралы" заң жобасын әзiрлеу

Еңбекминi, БҒМ

ҚР Үкiметiнiң қаулысы

2009 жылғы 20 сәуiр

1.8.3. Шетелдiк мамандарды алмастыру (23,0 мың адам)

46

Тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң мамандықтары (лауазымдары) мен олардың сандық құрамын көрсете отырып, өңiрлер мен салалар бөлiнiсiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартатын кәсiпорындар тiзбесiн айқындау

Еңбекминi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

БҒМ-ға ақпарат

2009 жылғы наурыз

47

Шетелдiк мамандарды алмастыру мақсатында қазақстандық кадрларды қайта оқытуды ұйымдастыру үшiн жұмысшы кәсiптер мен мамандықтар тiзбесiн айқындау

Еңбекминi

БҒМ-ға ақпарат

2009 жылғы 2-тоқсан

48

Жергiлiктi атқарушы органдар мен шетелдiк жұмыс күшiн тартатын кәсiпорындар арасында кадрларды қайта оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi келiсiмдерге қол қою

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

БҒМ-ға ақпарат

2009 жылғы маусым

49

Шетелдiк мамандарды алмастыру мақсатында қазақстандық кадрларды жұмысшы мамандықтар мен кәсiптер бойынша қайта оқыту үшiн курстар ұйымдастыру

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, оқу орталықтары

БҒМ-ға ақпарат

Жыл бойы

50

Жергiлiктi атқарушы органдардың, оқитын адам мен жұмыс берушiнiң арасындағы шетелдiк мамандарды алмастыру мақсатында қайта оқыту жөнiндегi өзара мiндеттемелерi туралы үш жақты үлгi шартты әзiрлеу

Еңбекминi, БҒМ, ЭМРМ

Үлгi шартты бекiту туралы бiрлескен бұйрық

2009 жылғы 30 сәуiр

51

Кадрларды қайта оқыту және шетелдiк мамандарды қазақстандықтармен алмастыру туралы есеп беру

БҒМ, Еңбекминi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi

ҚР Үкiметiне ақпарат

2009 жылғы 4-тоқсан

1.9. Жол картасын iске асырудың инфрақұрылымы

52

Өңiрлiк жұмыспен қамту орталықтарының қызметiн кеңейту жөнiндегi жұмыс тобының отырысына ұсыныстар енгiзу

Еңбекминi

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 27 наурыз

53

"Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне нысаналы топтарды кеңейту, босаған қызметкерлердiң, ЖОО, колледждер мен кәсiптiк лицейлердi бiтiрушiлердiң жұмыспен қамту органдарының қызметтерiн алуына құқық беру, жұмыс берушiнiң қызметкерлердi алда болатын жаппай қысқарту туралы хабарламасының мерзiмiн ұлғайту, жұмыс берушiнiң жұмыспен қамту органдарын толық емес жұмыс уақыты режимiне көшу және осындай режимге көшкен қызметкерлер саны туралы хабарлауы жөнiндегi мiндеттемелердi енгiзу бөлiнiсiнде өзгерiстер енгiзу туралы" заң жобасын әзiрлеу

Еңбекминi

ҚР Үкiметiнiң қаулысы

2009 жылғы 20 сәуiр

1.10. Отандық өндiрушiлердi қолдау

54

Өңiрлер бөлiнiсiнде Жол картасы шеңберiндегi жұмыстарды iске асыру үшiн Отандық өндiрушiлер, әлеуеттi өнiм берушiлер тiзбесiн (картасын) әзiрлеу

ИСМ, ЭМРМ, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 30 сәуiр

55

Өңiрлер, бағыттар мен нақты жобалар бөлiнiсiнде Жол картасы шеңберiндегi жобаларды iске асыру үшiн тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге деген қажеттiлiктi жинақтау

ИСМ, мүдделi мемлекеттiк органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 20 мамыр

56

Жол картасы бағыттарын iске асыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстанда өндiрiлмейтiн немесе жеткiлiксiз дамыған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi айқындау

ИСМ, мүдделi мемлекеттiк органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер

ҚР Үкiметiне есеп

2009 жылғы 20 мамыр

2. Агроөнеркәсiп кешенiн жеделдетiп дамыту және "Қазақстанның 30 корпоративтiк көшбасшысы" бағдарламасының екiншi бағытын iске асыру

57

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттiгiнiң Экономиканы және қаржы жүйесiн тұрақтандыру жөнiндегi 2009 - 2010 жылдарға арналған бiрлескен iс-қимыл жоспарын iске асыру жөнiндегi жоспарға өзгерiстер енгiзу

ЭБЖМ, АШМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "ҚазАгро" ҰБХ"АҚ

ҚР Үкiметiнiң қаулысы

2009 жылғы 6 сәуiр

58

Жобалардың iске асырылу тиiмдiлiгi көрсеткiштерiн айқындау

АШМ, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

ҚР Үкiметiне ақпарат

2009 жылғы 6 сәуiр

3. Инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды iске асыру

59

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттiгiнiң Экономиканы және қаржы жүйесiн тұрақтандыру жөнiндегi 2009 - 2010 жылдарға арналған бiрлескен iс-қимыл жоспарын iске асыру жөнiндегi жоспарға өзгерiстер енгiзу

ЭБЖМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ИСМ, ЭМРМ, ККМ

ҚР Үкiметiнiң қаулысы

2009 жылғы 6 сәуiр

60

Жобалардың iске асырылу тиiмдiлiгi көрсеткiштерiн айқындау

ЭБЖМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ИСМ, ЭМРМ, ККМ

ҚР Үкiметiне ақпарат

2009 жылғы 6 сәуiр

Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҰБ                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
ИСМ                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                       министрлiгi
ДСМ                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                       министрлiгi
МАМ                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                       министрлiгi
ТСМ                  - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
                       министрлiгi
БҒМ                  - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
                       министрлiгi
Қоршағанортаминi     - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                       министрлiгi
АШМ                  - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                       министрлiгi
ККМ                  - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
                       министрлiгi
Еңбекминi            - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                       әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Қаржыминi            - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
ЭБЖМ                 - Қазақстан Республикасы Экономика және
                       бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
ЭМРМ                 - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                       минералдық ресурстар министрлiгi
АБА                  - Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс
                       агенттiгi
РБК                  - Республикалық бюджет комиссиясы
ВАК                  - ведомствоаралық комиссия
"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ    - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингi"
                       акционерлiк қоғамы
"Самұрық-Қазына"
ҰӘҚ"АҚ               - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
                       акционерлiк қоғамы
ӘКК                  - әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар

Бөлімдер:
29 қыркүйек, 2010 - 09:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші