check

You are here

Жалпы конкурс

С-2 санаты үшін:жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

            мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

            жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            3) А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

            4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

            5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

            6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

            7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

 

С-3 санаты үшін:жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

            мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

            жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

            3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

            4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

            5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

            6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

            7) ғылыми дәрежесінің болуы;

            8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

     

С-4 санаты үшін:жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

            мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

            жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

            3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

            4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

            6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

            7) ғылыми дәрежесінің болуы.

     

С-5 санаты үшін:жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

            мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

            жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-2

204 041

275 664

С-3

154 141

208 294

С-4

138 248

186 551

С-5

104 058

140 691

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, e-mail: kadry_mtszn@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

1. Қаржы департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты

Функционалдық міндеттері: Әлеуметтік-еңбек саласының бюджетін қалыптастыру (нақтылау) және атқару; алдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру және түзету; әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісімдердің қаржылық сараптамасы мәселелері бойынша басқармалардың қызметін үйлестіру. Құзыреті шегінде жергілікті деңгейдегі әлеуметтік қорғау саласындағы басқару органдарына жоспарлау, бюджеттен тыс қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейдегі және әлеуметтік қорғауды басқару органдарымен, орталық мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, Министрлік әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, мүліктің сақталуын бақылау, мүлікті есепке алуды, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі қаражатты, тауар-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын  ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақтылы көрсету, бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін ресімдеудің заңдылығын, уақтылы болуын және дұрыстығын қамтамасыз ету, жалақы төлеу қорының жұмсалу тәртібінің сақталуын, қызметкерлерге жалақының дұрыс есептелуін, негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтарға дұрыс  түгендеу жүргізілуін бақылау, теңгерімінің есеп айырысу баптары бойынша дебиторлық және кредиторлық   берешектің жай-күйі туралы талдамалық есептің дайындалуын бақылау, бюджеттің атқарылуы бойынша есептің (бухгалтерлік баланс) уақтылы дайындалуын және ұсынылуын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша алдағы кезеңге арналған жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру мен түзетуді қамтамасыз ету, бухгалтерлік құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін және жүргізілетін шаруашылық операциялардың есебінде нақты көрсетілуін алдын ала бақылауды жүзеге асыру, «1С: Бухгалтерия» бағдарламасында жалақыны есептеу және төлеу, іссапар шығыстары бойынша аванстық есептерді уақтылы және дұрыс ресімдеу (5 мемориалдық ордер) бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу, ҚСХҚЕС бекіткен нысандарға сәйкес (бухгалтерлік теңгерім және басқалары) Министрліктің орталық аппараты бойынша бюджеттік және қаржылық есептілікті жасау, республикалық бюджетте тұрған мемлекеттік мекемелердің, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың консолидациялық жылдық және тоқсандық бухгалтерлік есептілігін дайындау, статистикалық және салық есептілігінің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету, Министрліктің бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға қатысу, басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету, құзыреті шегінде жергілікті деңгейде әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманиталық ғылым (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит).

 

2. Кадр қызметі басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды және тексеруді жүзеге асыру, басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге басшылық ету, Министрлікке білікті кадрларды іріктеу және жинақтау мәселелері бойынша,  мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалау бойынша шараларды өткізуге қатысу, тәртіптік комиссияның қызметін қамсыздандыру, әлеуметтік қолдауды, бос уақыттарын мәдениетті ұйымдастыруға және мемлекеттік органда басқа да моральдық-психологиялық жай-күймен қамсыздандыру шараларымен қамсыздандыру, мемлекеттік мерекелерге арналған салтанатты іс-шараларды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, қызмет көрсету мамандықтары бойынша.

 

3. Әкімшілік жұмыс департаменті құжаттамалық қамсыздандыру және бақылау басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің 26.03.2021ж. дейін оқу демалысында болу кезеңіне), С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Басқарманың қызметін жалпы басқару. Кіріс және шығыс хат-хабарларды, Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді уақтылы тіркеуді, Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қазақстан Республикасы Парламенті басшылығының актілері мен тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің актілері мен өкімдерінің, депутаттық сауалдардың, Министрлік басшылығының тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, Министрліктегі құжат айналымын, оның ішінде электрондық құжат айналымын ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың Интранет-порталына есептерді орналастырылуына бақылауды қамтамасыз ету, құжаттау және құжаттаманы басқару талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, басқарма құзыреті шегінде тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу, сондай-ақ оларға мониторинг жүргізу, орындаушылық тәртіп бойынша, оның ішінде аппараттық кеңестерге материалдарды дайындау, Министрлік архивінің жұмысын қамтамасыз ету, Министрліктегі құжат айналымын жақсарту бойынша, оның ішінде Министрліктің қағазсыз ішкі құжат айналымына көшуі бойынша жаңа тетіктер енгізу, басқарма құзыретіне кіретін ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асыруға қатысу, басқарма құзыретіне қатысты хаттарды, сұрауларды, шағымдарды қарау, статистикалық есептер жасау және оларды рұқсат етілген ашық деректерде орналастыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық тәжірибелерді зерделеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес, қызмет көрсету, техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар).

 

4. Қаржы департаменті бюджеттік бағдарламалар басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 19.12.2020ж. дейін бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңіне), С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Министрліктің тиісті қаржы жылына  әлеуметтік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімін әзірлеу және ұсыну; әлеуметтік төлемдерді алушылардың санына мониторинг жүргізу, бюджеттік әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін бағалау; әлеуметтік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; әлеуметтік бағдарламалар бойынша ағымдағы жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін есептемелер мен негіздемелер дайындау; алушылардың  санына, зейнетақы мен жәрдемақыларды қаржыландыру және төлеу қажеттілігіне ай сайынғы талдау жасау, тиісті органдарға зейнетақы және жәрдемақы төленуі туралы қажеттілікті ұсыну; әлеуметтік бағдарламаларға бөлінген қаражаттың игерілуі бойынша талдамалық ақпарат дайындау; Министрліктің Стратегиялық жоспарының 6-бөліміне ұсыныстар дайындау, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қорытынды есепті дайындау; басқарма құзыреті шегіңде нормативтік  құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау,  басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың  хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарау, құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар  (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, менеджмент, есеп және аудит, статистика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит).

 

5. Қаржы департаменті бюджеттік бағдарламалар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы бюджет жобасын әзірлеуге қатысу; ағымдағы жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін есептемелер мен негіздемелер дайындау (бюджетті нақтылау, түзету); Министрліктің Стратегиялық жоспарының 6-бөліміне ұсыныстар дайындау, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; тиісті қаржы жылына бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімге сәйкес келу бөлігінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша техникалық ерекшеліктерді келісуді қамтамасыз ету; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; жоспарлы тағайындауларды уақтылы жеткізу және лимиттерді ашу; бекітілген бюджеттік бағдарламалардың орындалуына ай сайынғы мониторинг; нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша жалпы және облыстар бөлінісінде бюджет қаражатының игерілуін талдау; бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қорытынды есепті дайындау; басқарма құзыреті шегіңде нормативтік  құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу,  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау,  басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың  хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарауды қамтамасыз ету, құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар)  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, статистика, әлемдік экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит).

 

6. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті еңбекті нормалау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Еңбекті нормалау бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу; еңбекті нормалауды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; мемлекеттік органдардың еңбекті нормалауға қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу; Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультатативтік кеңесінің еңбек жөніндегі нормативтік база құру бойынша шешімдерінің іске асырылуын қамтамасыз ету, еңбекті нормалау қызметін жоспарлау; еңбек нормативтерін (уақыт нормалары, жұмыскерлер саны, жүктемелер, қызмет көрсету және т.б.), ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарау, оларға сараптамалық қорытындыны уақытында дайындау;

ұйымның еңбек нормативтерін (уақыт нормалары, жұмыскерлер саны, жүктемелер, қызмет көрсету және т.б.) сараптама жасауға қатысу; кәсіптер мен лауазымдар сыныптауышын, экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын қайта қарау және бекіту; еңбекті нормалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпараттық және т.б. материалдар дайындау; Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін ақпараттық-талдамалық материалдар және қорытындылар дайындау; басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен шағымдарын уақытында қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (еңбекті ұйымдастыру және нормалау, экономика, әлемдік экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлеуметтану, саясаттану, статистика, іскерлік əкімшілік жүргізу) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика).

 

7. Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті  атаулы әлеуметтік көмек басқармасының бас сарапшысы,                 2 бірлік, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Халықтың күнкөрісі төмен топтарын, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, кедейлік шегін айқындау және ең төменгі күнкөріс деңгейі, сондай-ақ белгіленген шекті деңгейден табыстың төмендеу қатерлерін басқару бөлігінде әлеуметтік қолдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, басқа мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, мүдделі министрліктермен және ведомстволармен, халықаралық ұйымдармен әлеуметтік нормативтер әзірлеу мәселесі бойынша өзара іс-қимыл жасау,  заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарау, әлеуметтік көмек көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің іске асырылуын мониторингілеу, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені талдау, жетекшілік ететін бөлімдер бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілікжүргізу) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

 

8. Әкімшілік жұмыс департаменті құжаттамалық қамсыздандыру және бақылау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 21.06.2020ж. бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңіне), С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Құжат жүргізудің, құжаттармен жұмыс жүргізудің бірыңғай тәртібін сақтауды ұйымдастыру, хат-хабарларды құжат айналымының электрондық бағдарламасында қабылдауды, тіркеуді, компьютерлік және өзге де өңдеуді жүзеге асыру, хат-хабарларды, оның ішінде мемлекеттік органдардың Интранет-порталы арқылы есепке алу, бөлу және жеткізу, жоғары тұрған органдардың бақылаудағы  тапсырмаларының орындалуына күнделікті мониторинг жүргізу, бақылаудағы директивті құжаттарды, қызметтік хаттарды орындау мерзімі туралы ескертулерді оларды орындаушы құрылымдық бөлімшелерге уақтылы жіберіп отыру, жоғары тұрған органдарға және Министрліктің басшылығына, оның ішінде аппараттық кеңестерге ұсыну үшін орындаушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жасау, Министрліктің архивтік құжаттарымен және архивімен жұмысты ұйымдастыру, басқарма құзыреті шегінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асыруға қатысу, хаттарды, сұрауларды, шағымдарды қарау, басқарма құзыретіне қатысты статистикалық есептерді дайындау және оларды рұқсат етілген ашық деректерде орналастыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес, қызмет көрсету, техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар).

 

9. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департамент базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің 23.02.2020ж. дейін бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңіне), С-5 санаты

Функционалдық міндеттері: Зейнетақымен және базалық әлеуметтік  қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңдардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, басқа органдар ұсынған зейнетақымен және базалық әлеуметтік қамсыздандыру  мәселелері бөлігіндегі нормативтік құқықтық актілердің, мемлекетаралық келісімдердің жобалары бойынша қорытындылар дайындау, зейнетақы жүйесін және базалық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту бойынша семинарларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарау, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру.       

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі), құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілікжүргізу) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

 

10.       Әкімшілік жұмыс департаменті құжаттамалық қамсыздандыру және бақылау басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің 08.05.2021ж. дейін бала күтмі бойынша демалыста болу кезеңіне), С-5 санаты

Функционалдық міндеттері: Хат-хабарларды құжат айналымының электрондық бағдарламасында қабылдауды, тіркеуді, компьютерлік және өзге де өңдеуді, қызметтік хат-хабарларды есепке алу, бөлу мен жеткізуді жүзеге асыру, Министрліктің архивтік құжаттарымен және архивімен жұмысты ұйымдастыру, басқарма құзыреті шегінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асыруға қатысу, хаттарды, сұрауларды, шағымдарды қарау, басқарма құзыретіне қатысты статистикалық есептерді дайындау және оларды рұқсат етілген ашық деректерде орналастыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес, қызмет көрсету, техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар).

 

11. Халықты жұмыспен қамту департаменті жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, С-5 санаты

Функционалдық міндеттері: Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша басқарма құзыреті шегінде хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, жеке және заңды тұлғалардың еңбек нарығы мәселелері жөніндегі хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; басқарма құзіретіне жататын мәселелер бойынша талдамалық, анықтамалық және өзге де материалдар дайындау; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен әдіснамалық жұмыс жүргізу; басқарманың құзіретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын іске асыруды қамтамасыз ету, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу, өңірлердің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарларын іске асыруға мониторинг жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілік жүргізу), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар, жылуэнергетика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

 

12. Халықты жұмыспен қамту департаменті еңбек нарығын дамыту басқармасының сарапшысы, С-5 санаты

Функционалдық міндеттері: Еңбек нарығы мәселелері жөніндегі ұсыныстарды қарауға, заңнамалық, нормативтік құқықтық актілердің және өзге де  актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша басқарма құзыреті шегінде хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, жеке және заңды тұлғалардың басқарма құзыретіне жататын хаттарын, шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын қарау, еңбек нарығы саласында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-әрекет ету; уәкілетті органдарға еңбек нарығы мәселелері жөнінде әдіснамалық көмек көрсету, еңбек нарығы мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілік жүргізу), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

 

13. Кадр қызметі басқармасының сарапшысы, С-5 санаты

Функционалдық міндеттері: Министрлік басшылықтарын іс-сапарға жіберу туралы бұйрықтарды дайындау, мемлекеттік қызметкерлерді лауазымға тағайындалуларымен және мемлекеттік қызметтегі шектеулермен, Қазақстан Республикасының Этикалық кодексімен жазбаша таныстыру, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға алғашқы қабылданған адамдарға тәлімгерлерді бекіту, тәлімгерлік рәсімінің сақталуына бақылау жасау, «Е-қызмет» интеграциялық ақпараттық жүйесі арқылы кадрдың іс-қағаздарын жүргізу, ҚР Бас прокуратурасының ҚСжәнеАЕК-ке жасалған өтінім негізінде Министрлік қызметкерлерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылық құрамының ішінен құқық бұзушыларға талдау жүргізу, негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды тіркеу және есепке алу, Министрлік қызметкерлерінің жеке іс-қағаздарын жүргізу (қағаз және электронды түрде), жұмыстан босатылған қызметкерлермен шығу сұхбатын және бұйрығын дайындау, қызметкерлердің жұмыстан босатылу туралы құжаттарды уақтылы дайындап, еңбек кітапшаларын беру, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылық лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын және орынбасарларын тағайындау және жұмыстан босату туралы бұйрықтарды дайындау, Министрліктің ақпараттық интернет ресурсында басқарма құзыретіне кіретін ақпараттарды орналастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар қызмет көрсету мамандықтары бойынша.

 

14. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің әлеуметтік-еңбек саласының қызметін мониторингілеу, талдау және үйлестіру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты

Функционалдық міндеттері: Операциялық жоспарлаудың нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу, операциялық жоспарды сапалы қалыптастыруын қамтамасыз ету, операциялық жоспардың уақытылы мониторингін жүргізу, статистикалық есептілікті қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру, басшылыққа әлеуметтік-еңбек саласындағы талдау ақпаратын әзірлеу. Мемлекеттік емес ұйымдармен, соның ішінде Қоғамдық кеңеспен өзара іс-қимылын үйлестіру.

Басқарманың құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардың ұсыныстары мен хаттарын қарау және басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау,  іскерлік əкімшілік жүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), техникалық ғылымдар жəне технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника жəне телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

 

15. Цифрландыру департаментінің цифрландыруды дамыту және ақпараттық жүйелерді интеграциялау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты

Функционалдық міндеттері: - әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруды дамыту шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі қызметке қатысады;

- әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеу және мониторингтеу бойынша жұмыстарға қатысады;

- әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша ағымдағы жобалар бойынша жұмыс кестелерін, техникалық тапсырмаларды, техникалық сипаттамаларды келісуге және әзірлеуге қатысады;

- әлеуметтік-еңбек салаларында қолданылатын ақпараттық дерекқорларды есепке алу мен түгендеуді ұйымдастырады;

- цифрландыруға байланысты тауарларды және қызметтерді сатып алу шығыстарын жоспарлауға қатысады;

- әлеуметтік-еңбек саласынның ақпараттық жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және іс-шаралар мониторингін қамтамасыз етеді;

- Министрліктің ресми интернет-ресурсының архитектурасы мен дизайнын жаңғырту мен жетілдіруге қатысады; 

- комиссиялардың жұмысына, кеңестерге, семинарлар мен басқа іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және сөз сөйлеу үшін материалдар дайындауға қатысады;

- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асырады;

- мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді құзыреті шегінде қорғауды қамтамасыз етеді;

- Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарымен, сондай-ақ ведомствоаралық хат-хабарларымен цифрландыру мәселелері бойынша хат-хабарларды жүзеге асырады;

- заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілермен және Министрлік басшылығының шешімдерімен басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникация), әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық  қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (физика, информатика, математика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), ғылыми дәрежесінің болуы құпталады.

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1 санаттары үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

 

B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-4 санаттары үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

 

 

 

 

 

 

___________________________________
(мемлекеттік орган)

   

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

 

 

__________   ____________________________________
(қолы)                                                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

 

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА

НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 қараша, 2019 - 17:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші