check

You are here

Біржан Нұрымбетов Ақтөбе облысының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін түсіндірді

іс-сапар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Алға ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, оның барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері (бұдан әрі - АӘК) мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Аудан тұрғындарымен кездесу Алға қаласындағы мектептердің бірінде өтті. Іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты, олардың көпшілігі АӘК 2020 жылдан бастап қалай қамтамасыз етіледі деген сұраққа қызығушылық танытты.

Министр атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес ҚР Еңбекмині әзірлегенін, олар АӘК ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әлеуметтік көмек алушыларды еңбекке ынталандыруға тиіс екенін атап өтті.

«Ең басты принцип – мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеті кіреді», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар), табысына қарамастан төленеді. Мемлекеттік жәрдемақы мөлшері бала санына қарай сараланады. Әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңге және 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған осыған ұқсас жәрдемақы мөлшерінен 4-7 есе артық болады.

«АӘК табысы аз отбасыларға төленеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТКД) 70%-ын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. АӘК мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы ЕТКД-нің 70%-ы арасындағы айырмашылықты құрайды», – деп толықтырды Нұрымбетов.

Ол сондай-ақ, орын алуы мүмкін бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында атаулы әлеуметтік көмек алудың кейбір рәсімдері мен шарттары өзгертілетіндігін атап өтті.

«Біз тоқсан сайын АӘК тағайындау мен төлемдерді қайтарамыз. Учаскелік комиссиялардың жұмысын күшейтеміз. Егер отбасы талаптарға сай келмесе, оларға АӘК тағайындаудан бас тартылуы мүмкін », – деді министр.

АӘК көрсетудің жаңа механизмдерінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілді әлеуметтік пакеті ұсынылып, онда аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдауға ерекше назар аударылатын болады.

«1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар азық-түлік жиынтығымен және гигиена заттарымен қамтамасыз етіледі, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектепте ыстық тамақпен, оқу құралдары мен мектеп киімдерімен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар мектепке бару шығындары өтеледі. Медициналық көмек, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі», – деді Біржан Нұрымбетов.

Жоғарыда аталған әлеуметтік қолдау шараларымен қатар балалары бар аз қамтылған отбасыларға үй бизнесін жүргізу дағдыларын игеруге көмек көрсетіледі.

«Алматының барлық сегіз ауданында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан «Бақытты отбасы» орталықтары құрылған. Онда аналары курстардан өтіп жатқан кезде балаларының қараусыз қалмауына барлық жағдай жасалған. Курстан өткен аналарға қажетті жабдықтар сатып алу үшін қайтарымсыз гранттар беретін боламыз. Бұл тәжірибені барлық өңірлерде таратуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, біз «Менің кәсібім» жобасын іске қостық, оның аясында әкімдіктердің қолдауымен демеушілер есебінен аналарға шағын үй бизнесімен айналысуға көмектесеміз», – деді министр.

5 қараша, 2019 - 19:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші