check

You are here

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

     6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

     7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

 

 

 Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

С-4

138 248

186 551

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, e-mail: kadry_mtszn@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға барлық  мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

 

  1. Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен және халықаралық интеграциялық бірлестіктермен (ЕАЭО, ДСҰ), сондай-ақ, әлеуметтік-еңбек саласындағы Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының өкілетті органдары мен ұйымдарымен көпжақты және екіжақты ынтымақтастық шеңберінде байланыстарды дамытуға және өзара іс- қимыл жасауға ықпал ету; әлеуметтік-еңбек саласындағы, соның ішінде ЕАЭО мүшелік шеңберіндегі халықаралық шарттарды (келісімдерді) әзірлеу, жасасу, ратификациялау, денонсациялау, іске асыру және қосылу жөнінде мемлекеттік органдармен және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; халықаралық шарттарды дайындау және кодификациялау жөніндегі Консультативтік комитеттердің (кеңестердің),  жұмыс және сарапшылар (салалық) топтарының келіссөз процестеріне және отырыстарына қатысу, ЕАЭО және Министрліктің құзыретіне кіретін басқа халықаралық сипаттағы актілер жобалары бойынша қорытындылар әзірлеу және келісу; ЕАЭО мүшелік және Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясымен екіжақты ынтымақтастық шеңберінде қабылданған және қабылданатын шешімдердің (өкімдер, ұсыныстар), қабылдануы жоспарланған халықаралық актілердің жобаларына талдау жасау және мониторингілеу; әлеуметтік-еңбек саласындағы шарттық-құқықтық базаны мониторингтеу; басқарма құзыреті шеңберінде әлеуметтік-еңбек саласындағы Ағымдағы және Перспективалық халықаралық шарттар жасасудың жоспарларын қалыптастыру және орындалуының мониторингісі бойынша іс-шаралар өткізу; протоколды-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және халықаралық іс-шараларға қатысу (іс-сапарлар, форумдар, консультативтік-кеңесші органдардың, жұмыс және сарапшылар (салалық) топтарының отырыстарында және т.б.); Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша басқарма құзыреті шегінде ақпараттық-талдамалық және анықтамалық материалдар, хаттар және қорытындылар дайындау, және т.б.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім беру (шетел тілі: екі шетел тілі),  гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, шетел филологиясы), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, іскерлік әкімшілендіру), қызметтер (әлеуметтік жұмыстар). Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларды шет елде дайындау бойынша Республикалық комиссия бекіткен жоғарыда аталған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарынан аяқтағаны жөн, жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы (магистратура).

Ағылшын тілін білген жөн (TOEFL, IELTS сертификаттары).

  1. Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: - ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты қатысады;

- әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеу және мониторингтеу бойынша жұмыстарға қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша ағымдағы жобалар бойынша жұмыс кестелерін, техникалық тапсырмаларды, техникалық сипаттамаларды келісуге және әзірлеуге қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты тауарларды және қызметтерді сатып алу шығыстарын жоспарлауға қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Министрліктің қызметін үйлестіруге қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік тұрғысында әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және мониторингті қамтамасыз етеді;

- ақпараттық қауіпсіздік тұрғысында әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерінің архитектурасын сүйемелдеу мен дамытуды үйлестіреді;

- комиссиялардың жұмысына, кеңестерге, семинарлар мен басқа іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және сөз сөйлеу үшін материалдар дайындауға қатысады;

- ведомствоға және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарға тапсырма жобаларын дайындайды, олардың орындалуына бақылау жасайды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша көрсетілген ұйымдардың қызметін үйлестіру процесінде айқындалған бұзушылықтарды жою бойынша тапсырмалар жобаларын дайындайды;

- мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді құзыреті шегінде қорғауды қамтамасыз етеді;

- Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарымен, сондай-ақ ведомствоаралық хат-хабарларымен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хат-хабарларды жүзеге асырады;

- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асырады.

- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомствосының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді;

- заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілермен және Министрлік басшылығының шешімдерімен басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникация), әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық  қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (физика, информатика, математика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), ғылыми дәрежесінің болуы құпталады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

 

 

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
________________________________________________________________

      

 

__________                                ____________________________________
(қолы)                                                                                               (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

 

5 қараша, 2019 - 17:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші