check

You are here

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына (ПҮАЖ-ы, 2019 жыл, № 29, 251-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға, төлем қызметтерін көрсету үшін комиссия төлеуге бөлінген қаражатты пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға, төлем қызметтерін көрсету үшін комиссия төлеуге бөлінген қаражатты пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-2-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген және мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға, төлем қызметтерін көрсету үшін комиссия төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға бөлінген қаражатты пайдалану тәртібін айқындайды.»;

4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) атаулы әлеуметтік көмекті алушы – «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім қабылданған адам (отбасы);

2) екінші деңгейдегі банк – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензия негізінде банк қызметін жүзеге асыруға құқылы заңды тұлға, оның ішінде бұдан бұрын банк болып табылған заңды тұлға;

3) кепілсіз тұтынушылық қарыз – берілген кезде кепіл туралы шарт болмаған, жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарға берілген банктік қарыз және (немесе) микрокредит;

4) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;

5) қарыз бойынша жалпы берешек – 2019 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша қолданыстағы барлық банктік қарыз шарты (шарттары) және (немесе) микрокредит беру туралы шарт (шарттар) бойынша негізгі қарызды және сыйақыны көрсетуге арналған бухгалтерлік есептің баланс шоттарына есепке жазылған негізгі борыш және есептелген сыйақы түріндегі борышкердің қарызы;

6) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

7) отбасы – ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді (аға-қарындастарды), атаны, әжені, немерелерді қоспағанда жұбайы (зайыбы), жақын туыстары.

5. Жергілікті атқарушы органдар 2019 жылғы 11 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалардың тізімін жібереді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 13 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар ұсынған тізімдер негізінде қалыптастырылған жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалардың тізімін жібереді.

6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 18 қарашаға дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген адамдардың тізімін қалыптастырады және оны "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-ға (бұдан әрі – Кредиттік бюро) жібереді.

7. Кредиттік бюро 2019 жылғы 22 қарашаға дейінгі мерзімде екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген адамдардың тізімін жібереді.

8. Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары 2019 жылғы
26 қарашаға дейінгі мерзімде Кредиттік бюро белгілеген нысан мен формат бойынша 2019 жылғы 01 маусымдағы жағдайға негізгі борыш және сыйақы бойынша берешекті көрсетіп, әрбір қарыз немесе микрокредит бойынша бөлінген осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген адамдардың берешегі туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 және "Берілетін микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін (бұдан әрі – ЖСТМ) есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 378 қаулыларына сәйкес есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері туралы ақпаратты қоса бере отырып, бірінші басшының немесе уәкілетті адамның қолы қойылған ресми хатты Кредиттік бюроға жолдайды.

Кредиттік бюроға ұсынылатын ақпараттың дәйектілігін, дұрыстығын және толықтығын екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары қамтамасыз етеді.

9. Кредиттік бюро 2019 жылғы 29 қарашаға дейінгі мерзімде:

1) осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген әрбір адам бойынша жалпы берешекті есептейді және жалпы берешегі 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын адамдарды (бұдан әрі – борышкер) айқындайды;

2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде негізгі борыш және сыйақы бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылатын борышкерлерді және олардың қарыздарын және (немесе) микрокредиттерін айқындайды және мынадай басымдықтарды ескере отырып, ақы төлеуге арналған тізімді қалыптастырады:

бірінші кезекте ЖСТМ мөлшері ең көп қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;

екінші кезекте 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша ең көп берешегі бар қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі;

үшінші кезекте қарыз және (немесе) микрокредит шартын жасау мерзімі анағұрлым ерте қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша берешек өтеледі.

3) «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ға (бұдан әрі – Қор), екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарына ақы төлеуге арналған тізімді ұсынады.

10. Қор:

2019 жылғы 5 желтоқсанға дейінгі мерзімде әрбір екінші деңгейдегі банкпен және микроқаржы ұйымымен осы Қағидаларда көзделген шарттарда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеу туралы келісім жасасады;

Кредиттік бюро ұсынған ақы төлеуге арналған тізімнің негізінде ол алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қорға төлем қызметтерін көрсету үшін комиссияны ескере отырып, тұтынушылық кредиттер бойынша қалыптасқан берешекті өтеу бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдауды қаржыландыруға арналған өтінімді қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.

11. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қор ұсынған қаржыландыруға арналған өтінімге сәйкес, оны алған күннен бастап 2019 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына аударумен байланысты Қорға төлем қызметтерін көрсеткені үшін комиссияны төлеуді ескере отырып, көзделген қаражат шегінде 088 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен тұтынушылық кредиттер бойынша қалыптасқан берешекті өтеу жөнінде жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ға нысаналы аударым» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты Қорға аударады.

12. Қор Кредиттік бюро ұсынған ақы төлеуге арналған тізімге сәйкес 2019 жылғы 12 желтоқсанға дейінгі мерзімде Кредиттік бюро ұсынған ақы төлеуге арналған тізімге сәйкес мөлшерде екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының шоттарына ақша аударады.

13. Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдау мақсатында екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары 2019 жылғы 13 желтоқсанға дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес жасалған келісімнің шарттарына және ақы төлеуге арналған тізімге сәйкес борышкерлердің берешегін өтеуді жүзеге асыру жолымен мүлікті (ақшалай қаражатты) өтеусіз беруді жүзеге асырады, содан кейін борышкерлерге берешектің өтелгені және берешек қалдығының мөлшері туралы хабарлама жібереді.

Берешекті өтеу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) негізгі борыш бойынша берешек;

2) сыйақы бойынша берешек.

14. Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары 2019 жылғы
20 желтоқсанға дейінгі мерзімде:

қарыз бойынша төлемдер графигін қайта қарауды жүзеге асырады;

Қор белгілеген нысан және формат бойынша әрбір борышкер және оның қарызы (қарыздары) бойынша берешекті өтеуді жүзеге асыру туралы ақпаратты Қорға ұсынады.

Қорға ұсынылатын ақпараттардың дәйектілігін, дұрыстығын және толықтығын екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары қамтамасыз етеді.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Қор 2019 жылғы 23 желтоқсанға дейінгі мерзімде:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының әрбір борышкер және оның қарызы (қарыздары) бойынша берешекті өтеуді жүзеге асырғаны туралы ақпарат береді;

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрамда деректер тізімін береді.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                                                         А. Мамин

Бөлімдер:
4 қараша, 2019 - 19:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші