check

You are here

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

С-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

     6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

     7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

 Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

С-2

204041

275664

С-3

154141

208294

С-4

138 248

186 551

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, e-mail: kadry_mtszn@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға барлық  мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

 

  1. Әкімшілік жұмыс департаменті құжаттамалық қамсыздандыру және бақылау басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің 26.03.2021ж. дейін оқу демалысында болу кезеңіне), С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Басқарманың қызметін жалпы басқару. Кіріс және шығыс хат-хабарларды, Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді уақтылы тіркеуді, Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қазақстан Республикасы Парламенті басшылығының актілері мен тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің актілері мен өкімдерінің, депутаттық сауалдардың, Министрлік басшылығының тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, Министрліктегі құжат айналымын, оның ішінде электрондық құжат айналымын ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың Интранет-порталына есептерді орналастырылуына бақылауды қамтамасыз ету, құжаттау және құжаттаманы басқару талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, басқарма құзыреті шегінде тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу, сондай-ақ оларға мониторинг жүргізу, орындаушылық тәртіп бойынша, оның ішінде аппараттық кеңестерге материалдарды дайындау, Министрлік архивінің жұмысын қамтамасыз ету, Министрліктегі құжат айналымын жақсарту бойынша, оның ішінде Министрліктің қағазсыз ішкі құжат айналымына көшуі бойынша жаңа тетіктер енгізу, басқарма құзыретіне кіретін ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асыруға қатысу, басқарма құзыретіне қатысты хаттарды, сұрауларды, шағымдарды қарау, статистикалық есептер жасау және оларды рұқсат етілген ашық деректерде орналастыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық тәжірибелерді зерделеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес, қызмет көрсету, техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар).

  1. Цифрландыру департаментінің цифрландыруды дамыту және ақпараттық жүйелерді интеграциялау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері - әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруды дамыту шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі қызметке қатысады;

- әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеу және мониторингтеу бойынша жұмыстарға қатысады;

- әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша ағымдағы жобалар бойынша жұмыс кестелерін, техникалық тапсырмаларды, техникалық сипаттамаларды келісуге және әзірлеуге қатысады;

- әлеуметтік-еңбек салаларында қолданылатын ақпараттық дерекқорларды есепке алу мен түгендеуді ұйымдастырады;

- цифрландыруға байланысты тауарларды және қызметтерді сатып алу шығыстарын жоспарлауға қатысады;

- әлеуметтік-еңбек саласынның ақпараттық жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және іс-шаралар мониторингін қамтамасыз етеді;

- Министрліктің ресми интернет-ресурсының архитектурасы мен дизайнын жаңғырту мен жетілдіруге қатысады; 

- комиссиялардың жұмысына, кеңестерге, семинарлар мен басқа іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және сөз сөйлеу үшін материалдар дайындауға қатысады;

- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асырады;

- мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді құзыреті шегінде қорғауды қамтамасыз етеді;

- Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарымен, сондай-ақ ведомствоаралық хат-хабарларымен цифрландыру мәселелері бойынша хат-хабарларды жүзеге асырады;

- заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілермен және Министрлік басшылығының шешімдерімен басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникация), әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық  қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (физика, информатика, математика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), ғылыми дәрежесінің болуы құпталады.

  1. Қаржы департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты

Функционалдық міндеттері: Әлеуметтік-еңбек саласының бюджетін қалыптастыру (нақтылау) және атқару; алдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру және түзету; әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісімдердің қаржылық сараптамасы мәселелері бойынша басқармалардың қызметін үйлестіру. Құзыреті шегінде жергілікті деңгейдегі әлеуметтік қорғау саласындағы басқару органдарына жоспарлау, бюджеттен тыс қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейдегі және әлеуметтік қорғауды басқару органдарымен, орталық мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, Министрлік әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, мүліктің сақталуын бақылау, мүлікті есепке алуды, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі қаражатты, тауар-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын  ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақтылы көрсету, бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін ресімдеудің заңдылығын, уақтылы болуын және дұрыстығын қамтамасыз ету, жалақы төлеу қорының жұмсалу тәртібінің сақталуын, қызметкерлерге жалақының дұрыс есептелуін, негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтарға дұрыс  түгендеу жүргізілуін бақылау, теңгерімінің есеп айырысу баптары бойынша дебиторлық және кредиторлық   берешектің жай-күйі туралы талдамалық есептің дайындалуын бақылау, бюджеттің атқарылуы бойынша есептің (бухгалтерлік баланс) уақтылы дайындалуын және ұсынылуын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша алдағы кезеңге арналған жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру мен түзетуді қамтамасыз ету, бухгалтерлік құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін және жүргізілетін шаруашылық операциялардың есебінде нақты көрсетілуін алдын ала бақылауды жүзеге асыру, «1С: Бухгалтерия» бағдарламасында жалақыны есептеу және төлеу, іссапар шығыстары бойынша аванстық есептерді уақтылы және дұрыс ресімдеу (5 мемориалдық ордер) бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу, ҚСХҚЕС бекіткен нысандарға сәйкес (бухгалтерлік теңгерім және басқалары) Министрліктің орталық аппараты бойынша бюджеттік және қаржылық есептілікті жасау, республикалық бюджетте тұрған мемлекеттік мекемелердің, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың консолидациялық жылдық және тоқсандық бухгалтерлік есептілігін дайындау, статистикалық және салық есептілігінің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету, Министрліктің бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға қатысу, басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету, құзыреті шегінде жергілікті деңгейде әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманиталық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, статистика, әлемдік экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит).

  1. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты

Функционалдық міндеттері:   Департаменттің өкілеттігі шеңберінде Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетін үйлестіру, еңбек, еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу, әлеуметтік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, кәсіптік стандарттарды келісу бойынша департамент жұмысын ұйымдастыру, Халықаралық еңбек ұйымымен, Тәуелсіз Мемлекетттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультациялық кеңесімен өзара іс-қимыл жасау,   Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеру, еңбек заңнамасын жетілдіру жөніндегі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбекті нормалау, әлеуметтік әріптестік туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге басшылық ету, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік əкімшілікжүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

  1. Мемлекеттік қызметтерді талдау және  дамыту департаментінің мемлекеттік қызметтерді талдау және мониторингтеу басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері:   Мемлекеттік қызметтерді талдау және мониторингтеу басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтерді талдау және мониторингтеу бойынша жоспарларды әзірлеу және орындау,   мемлекеттік қызметтерді талдау және мониторингтеу әдіснамасын әзірлеу және тұрақты жақсарту, Министрлік мемлекеттік қызметті ұсынған кезде қызмет беруші қызметінің тиімділігін бағалау бойынша ақпаратты талдау, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты  ұйымдарының және өзге мүдделі тараптардың басшыларымен мемлекеттік қызметтерді талдау және мониторингтеу шеңберіндегі жұмысты үйлестіру, мемлекеттік қызметтерді ұсыну тиімділігін арттыру үшін ұсыныстар әзірлеуді басқару, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты  ұйымдарының ұсыныстары негізінде басқару құзіреттілігі шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеуді басқару, басқарма қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және енгізуді басқару, басқарма құзіретіне кіретін құжаттарды, сөз сөйлеулерді, мақалаларды дайындауды басқару және басшылық жүктеген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілік жүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика, физика, информатика), техникалық ғылымдар жəне технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника жəне телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), әскери іс жəне қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері).

  1. Кадр қызметі басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері:   Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды және тексеруді жүзеге асыру, басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге басшылық ету, Министрлікке білікті кадрларды іріктеу және жинақтау мәселелері бойынша,  мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалау бойынша шараларды өткізуге қатысу, тәртіптік комиссияның қызметін қамсыздандыру, әлеуметтік қолдауды, бос уақыттарын мәдениетті ұйымдастыруға және мемлекеттік органда басқа да моральдық-психологиялық жай-күймен қамсыздандыру шараларымен қамсыздандыру, мемлекеттік мерекелерге арналған салтанатты іс-шараларды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, қызмет көрсету мамандықтары бойынша.

  1. Қаржы департаменті бюджеттік бағдарламалар басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 19.12.2020ж. дейін бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңіне), С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Министрліктің тиісті қаржы жылына  әлеуметтік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімін әзірлеу және ұсыну; әлеуметтік төлемдерді алушылардың санына мониторинг жүргізу, бюджеттік әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін бағалау; әлеуметтік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; әлеуметтік бағдарламалар бойынша ағымдағы жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін есептемелер мен негіздемелер дайындау; алушылардың  санына, зейнетақы мен жәрдемақыларды қаржыландыру және төлеу қажеттілігіне ай сайынғы талдау жасау, тиісті органдарға зейнетақы және жәрдемақы төленуі туралы қажеттілікті ұсыну; әлеуметтік бағдарламаларға бөлінген қаражаттың игерілуі бойынша талдамалық ақпарат дайындау; Министрліктің Стратегиялық жоспарының 6-бөліміне ұсыныстар дайындау, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қорытынды есепті дайындау; басқарма құзыреті шегіңде нормативтік  құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау,  басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың  хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарау, құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар  (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, менеджмент, есеп және аудит, статистика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит).

  1. Қаржы департаменті бюджеттік бағдарламалар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы бюджет жобасын әзірлеуге қатысу; ағымдағы жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін есептемелер мен негіздемелер дайындау (бюджетті нақтылау, түзету); Министрліктің Стратегиялық жоспарының 6-бөліміне ұсыныстар дайындау, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; тиісті қаржы жылына бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімге сәйкес келу бөлігінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша техникалық ерекшеліктерді келісуді қамтамасыз ету; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; жоспарлы тағайындауларды уақтылы жеткізу және лимиттерді ашу; бекітілген бюджеттік бағдарламалардың орындалуына ай сайынғы мониторинг; нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша жалпы және облыстар бөлінісінде бюджет қаражатының игерілуін талдау; бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қорытынды есепті дайындау; басқарма құзыреті шегіңде нормативтік  құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу,  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау,  басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың  хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарауды қамтамасыз ету, құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар)  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, статистика, әлемдік экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит).

  1. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті еңбекті нормалау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Еңбекті нормалау бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу; еңбекті нормалауды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; мемлекеттік органдардың еңбекті нормалауға қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу; Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультатативтік кеңесінің еңбек жөніндегі нормативтік база құру бойынша шешімдерінің іске асырылуын қамтамасыз ету, еңбекті нормалау қызметін жоспарлау; еңбек нормативтерін (уақыт нормалары, жұмыскерлер саны, жүктемелер, қызмет көрсету және т.б.), ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарау, оларға сараптамалық қорытындыны уақытында дайындау;

ұйымның еңбек нормативтерін (уақыт нормалары, жұмыскерлер саны, жүктемелер, қызмет көрсету және т.б.) сараптама жасауға қатысу; кәсіптер мен лауазымдар сыныптауышын, экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын қайта қарау және бекіту; еңбекті нормалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпараттық және т.б. материалдар дайындау; Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін ақпараттық-талдамалық материалдар және қорытындылар дайындау; басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен шағымдарын уақытында қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (еңбекті ұйымдастыру және нормалау, экономика, әлемдік экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлеуметтану, саясаттану, статистика, іскерлік əкімшілік жүргізу) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика).

  1. Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті  атаулы әлеуметтік көмек басқармасының бас сарапшысы,                 2 бірлік, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Халықтың күнкөрісі төмен топтарын, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, кедейлік шегін айқындау және ең төменгі күнкөріс деңгейі, сондай-ақ белгіленген шекті деңгейден табыстың төмендеу қатерлерін басқару бөлігінде әлеуметтік қолдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, басқа мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, мүдделі министрліктермен және ведомстволармен, халықаралық ұйымдармен әлеуметтік нормативтер әзірлеу мәселесі бойынша өзара іс-қимыл жасау,  заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарау, әлеуметтік көмек көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің іске асырылуын мониторингілеу, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені талдау, жетекшілік ететін бөлімдер бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілікжүргізу) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

  1. Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті ана мен баланы қолдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Ана мен баланы әлеуметтік қолдау, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету бөлігінде балалы отбасыларды қолдау, бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы, мүгедек баланы асырап отырған адамға берілетін жәрдемақы, бала кезінен 1-топтағы кәмелет жасқа толған мүгедектерге күтім көрсететін ата-аналарға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және талдау жұмысын жүргізу,  ең төмен күнкөріс деңгейін есептеу, сондай-ақ табыстың белгіленген шекті деңгейден төмендеу қатерлерін басқару әдістемесін жетілдіру, ең төмен күнкөріс деңгейінің динамикасы мен болжамын мониторингілеу, басқа мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, мүдделі министрліктермен және ведомстволармен, халықаралық ұйымдармен әлеуметтік нормативтер әзірлеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарау,  әлеуметтік көмек көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені талдау, жетекшілік ететін бөлімдер бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, өлкетану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілікжүргізу) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

  1. Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды әзірлеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту мәселелері бойынша саласындағы бюджеттік бағдарламаларға қажеттілік пен есептерді, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қорытынды дайындау, саласындағы бюджеттік бағдарламаларға қажеттілік пен есептерді дайындау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар, анықтамалар мен қорытындылар дайындау, заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстарын, хаттарын және өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім беру (педагогика және психология, дефектология), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілік жүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, медицина, педиатрия, дәрігерлік емдеу ісі).

  1. Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту мәселелері  жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы бюджеттік бағдарламаларға қажеттілік пен есептерді дайындау, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қорытындылар дайындау, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде аналитикалық материалдар, анықтамалар мен қорытындылар дайындау, заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілік жүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, медицина, педиатрия, дәрігерлік емдеу ісі).

  1. Әкімшілік жұмыс департаменті құжаттамалық қамсыздандыру және бақылау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 21.06.2020ж. бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңіне), С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Құжат жүргізудің, құжаттармен жұмыс жүргізудің бірыңғай тәртібін сақтауды ұйымдастыру, хат-хабарларды құжат айналымының электрондық бағдарламасында қабылдауды, тіркеуді, компьютерлік және өзге де өңдеуді жүзеге асыру, хат-хабарларды, оның ішінде мемлекеттік органдардың Интранет-порталы арқылы есепке алу, бөлу және жеткізу, жоғары тұрған органдардың бақылаудағы  тапсырмаларының орындалуына күнделікті мониторинг жүргізу, бақылаудағы директивті құжаттарды, қызметтік хаттарды орындау мерзімі туралы ескертулерді оларды орындаушы құрылымдық бөлімшелерге уақтылы жіберіп отыру, жоғары тұрған органдарға және Министрліктің басшылығына, оның ішінде аппараттық кеңестерге ұсыну үшін орындаушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жасау, Министрліктің архивтік құжаттарымен және архивімен жұмысты ұйымдастыру, басқарма құзыреті шегінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асыруға қатысу, хаттарды, сұрауларды, шағымдарды қарау, басқарма құзыретіне қатысты статистикалық есептерді дайындау және оларды рұқсат етілген ашық деректерде орналастыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес, қызмет көрсету, техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар).

 

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

 

 

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
________________________________________________________________

      

 

__________                                ____________________________________
(қолы)                                                                                               (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

 

17 қазан, 2019 - 17:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші