check

You are here

Министрге өтініш.

Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Біржан Бидайбекұлы!

        Мен Шымкент қаласының тұрғынымын Есімім: КОНЫСОВА ЛАЙЛО . Жалғыз басты анамын, кәмелет жасқа толмаған 3 балам бар. Үлкені биыл 1 сыныпқа барды.Президенттің жарлығы бойынша борышкерлердің жүктемесін азайту бағдарламасына кіре алмай қалдым. Себебі алған несием коллекторлық компанияның қолына өтіп кеткен. Маған коллекторлық компания 250 000тг төле, 150 000 тг төле деп жатыр. Қазіргі таңда оны төлейтін еш мүмкіндігім болмай тұр.Бірақ жағдайым тұрақталған соң міндетті түрде төлеймін. Жағдайымды айтқанмын, бірақ түсінбеді.Барарға жерім жоқ. Ол несиені жолдасым бар кезде алғанмын.Бірақ қазіргі таңда жолдасым жоқ. Жұмыс жасауға мүмкіндігім болмай тұр. Балаларым кішкентай оларды қарайтын адам жоқ болғандықтан. Сол себепті қазіргі таңда барлық шоттарым жабық. Мемлекеттен алатын көмекті ала алмай отырмын. Үйім жоқ, пәтер жалдап тұрамын. Өмір сүру қиын. Пәтер ақысын төлеуге мүмкіндігім жоқ. Далада қалуым мүмкін. 3 баламммен баратын жерім жоқ. Өтінемін бізге мемлекеттен беретін көмекті алуға, сонымен қатар қандай қосымша көмек бар соны алуға көмектесіңізші,соңғы үмітіміз сізде. 

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 364253
14 қазан, 2019 - 10:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші