check

You are here

ҚР Еңбекмині БЖТ аударымдары бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бағаларын талқылау жөнінде жария тыңдалымдар өткізеді

жария тыңдалым

2019 жылғы 31 қазанда Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ бірыңғай жиынтық төлем сомаларын бөлу мен аудару және қате (артық) төленген сомаларды қайтару жөніндегі қызметіне бағаның жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өтеді.

Жария тыңдаулар Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 10, «Р» қабат, конференцзалында (Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ) өтеді. Өткізілу уақыты сағат 12.00. Кіру еркін.

Жария тыңдаулар бойынша қосымша сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуды: 8(7172)74-33-29, 95-50-38 (ішкі 153) немесе i.mynbaev@enbek.gov.kz, a.kanapiyanova@gov4c.kz мекенжайларына жіберуді сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, жария тыңдаулар – бұл мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға жобасын тұтынушылардың, монополияға қарсы органның, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерінің, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін және мемлекеттік монополия субъектілерін шақыра отырып, мемлекеттік уәкілетті орган өткізетін талқылау рәсімі.

11 қазан, 2019 - 18:39 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші