check

You are here

Шетелдік жұмысшыларды тартатын компаниялар қазақстандықтардың құқығын сақтауға тиіс – Б. Нұрымбетов

Министр

Шетелдік жұмыс күшін тартатын қазақстандық кәсіпорындар мен компаниялар Қазақстан Республикасының еңбек және көші-қон заңдарын сақтауға міндетті және біздің азаматтарымыздың құқықтарын бұзуға жол бермеуі керек. Бұл мәлімдемені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аясында өткен «Болашақ» мұнай-газ өңдеу зауытының еңбек ұжымымен кездесу барысында айтты.

Кәсіпорынның басшылығымен және жұмысшыларымен әңгімелесу барысында ҚР Еңбекминінің басшысы шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер еңбек заңнамасын бұзуға жол бермеуі керек және шетелдіктер мен жергілікті жұмысшылардың еңбекақыларын төлеуде тең жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

«Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында шетелдік мамандарды республикаға тарту үшін жыл сайын квота белгіленеді. 2019 жылға арналған квота 48,7 мың бірлік мөлшерінде бекітілді (жұмыс күшіне 0,54%). 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға 18 мың 533 рұқсат берді және ұзартылды. Шетелдіктерді жұмысқа 2425 компания тартуда, онда 531 мың қазақстандық азамат немесе қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы жұмыс істейді. Министрлік Бас прокуратурамен бірлесіп 50-ден астам шетелдік қызметкерлерді тартатын кәсіпорындарды тексеруге бастамашылық жасады. Ағымдағы жылғы 8 қазандағы жағдай бойынша 49 кәсіпорынға тексеріс жүргізу аяқталды, еңбек және көші-қон заңнамасын бұзудың 791 фактісі анықталды, оның ішінде 24 кәсіпорында еңбекақы төлеу және сыйақы төлеу бойынша сәйкессіздіктің 476 фактісі анықталды. Мәселен, Атырау облысында «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС-да сағаттық тарифтік мөлшерлеме жергілікті инженерге 568 теңге, ал шетелдік қызметкерге 6500 теңге көлемінде тағайындалды. Мұндай тәжірибеге жол берілмейді! Жұмыс берушілер Қазақстан азаматтары мен шетелдік қызметкерлерге тең еңбек жағдайын қамтамасыз етуі тиіс», – деді Біржан Нұрымбетов.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің мәліметі бойынша, жылдың басынан бастап Атырау облысында 364 жұмыс беруші 9 мыңнан астам шетелдік азаматты жұмысқа тартқан, олардың 63-і (0,7%) бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары), екіншісі (менеджерлерге) құрылымдық бөліністер) – 1 475 (16,5%), үшінші (мамандар) үшін – 5 332 (59%), төртінші (білікті жұмыскерлер үшін – 1 146 (13%), маусымдық жұмыскерлер – 910 (10.11%) Ішкі корпоративтік аударым бөлігі ретінде аударылған – 78 (1%).

«Болашақ-Атырау» ЖШС-ға а. ж. 1 қаңтардан 1 қыркүйекке дейін шетелдік жұмыс күші есебінен 833 адам, оның ішінде бірінші санат бойынша – 2, екінші санат бойынша – 221, үшінші санат бойынша – 610 адам тартылды.

«Сондай-ақ, республика бойынша тексеру барысында шетелдік қызметкерлердің берілген рұқсатқа немесе жасалған еңбек шартына сәйкес келмейтін мамандық бойынша жұмыс атқаруының 183 фактісі анықталды. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша 447 рұқсат кері қайтарылды. Анықталған тәртіп бұзушылық фактілері бойынша жұмыс берушілерге 50 ұйғарым беріліп, 33,7 млн теңгеден астам сомаға 83 әкімшілік айыппұл салынды», –деп толықтырды Біржан Нұрымбетов.

Мұнай және газ өңдеу зауытының еңбек ұжымымен кездесуден кейін Біржан Нұрымбетов «№3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-ге барып, «Венера» инклюзивті дамыту орталығының жұмысымен танысты.

Бұдан бұрын Біржан Нұрымбетов Атырау облысының тұрғындарына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктері туралы әңгімелегенін еске сала кетейік.

14 қазан, 2019 - 15:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші