check

You are here

Б. Нұрымбетов Атырау облысының тұрғындарына ҚР Президентінің Жолдауын түсіндірді

іс-сапар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Атырау қаласының тұрғындарын қабылдады, Атырау қаласындағы халықты жұмыспен қамту орталығында (бұдан әрі – ХЖҚО) және «Махамбет ауданының күндізгі емделу бөлімшесі» КММ-де болды. Сонымен қатар, Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктері туралы түсіндірді.

Атырау облысына келгеннен кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың әлеуметтік-еңбек саласындағы сұрақтарына жауап берді.

Қала тұрғындарымен кездесуден кейін Еңбекминінің басшысы Атырау қаласының жұмыспен қамту орталығында болды. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен әңгемелесу барысында Біржан Нұрымбетов Президенттің Жолдауында бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін белсенді түрде енгізу қажеттілігі айқын көрсетілгенін, бұл әлеуметтік аспектілерге – бірінші кезекте көпбалалы және табысы аз отбасылар үшін отбасылық бизнес құруға баса назар аударылатынын атап өтті. Сондықтан жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері осы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін нәтижелі жұмысқа тартуға ерекше назар аударуы керек.

«Мемлекет басшысының көпбалалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады. Жаңа бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін көп балалы отбасылардың жобаларына микрокредит беру мерзімін ұлғайту ұсынылады. кредитті өтеу кезінде қаржылық ауыртпалықты азайту үшін номиналды пайыздық мөлшерлемені төмендетуді ұсынамыз. Жеткілікті кепілдік қамтамасыз етілмеген отбасылар үшін ауылдар мен қалаларға бөлінбестен бір оператор арқылы микрокредиттерге кепілдік беру тетіктерін кеңейту жоспарлануда», – деді Министр.

Осыдан кейін ҚР Еңбекминінің басшысы Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесіп, 2020 ж. 1 қаңтарынан бастап мұқтаж азаматтарға АӘК қалай көрсетілетінін егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Ең басты принцип ­– мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көпбалалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеті кіреді», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар), табысына қарамастан төленеді.

 АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең аз күнкөріс деңгейінің 70%-ын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.

Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық – түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтелетін болады. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов Алматы қаласының, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының тұрғындарына ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірген болатын.

10 қазан, 2019 - 16:36 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші