check

You are here

Ішкі аудит қызметінің 2019 жылғы III тоқсандағы қорытындысы

        2019 жылдың 3-тоқсанында Ішкі аудит департаменті бекітілген Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес келесі аудиторлық іс-шаралар өткізді:

      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - РММ) 

       Сәйкестік аудиті ағымдағы жылдың шілде айында жүргізілді, оның нәтижелері бойынша бюджет кірісуге жататын 278,7 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 39,7 мың теңге орнына толтырған.

       Сондай-ақ бірқатар процедуралық бұзушылықтар анықталды: ғимаратта аз мүмкіндігі бар азаматтар үшін қол жетімділік бойынша жағдайлардың болмауы, іссапар бойынша қызметкерлерге ақшалай аванс беру мерзімдері сақталмауы. 

        Аудит қорытындысы бойынша РММ анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға, осы бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін белгіленген тәртіппен қарауға шешім жіберді.

      Жіберілген бұзушылықтар үшін бас бухгалтерге жаза түрінде ескерту жасалды.

       Аудит объектісінің бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі жұмысы жалғасуда.

 

       Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам)

       Тиімділік аудиті ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізілді, оның нәтижелері бойынша 44 420,6 мың теңге сомаға процедуралық бұзушылықтар анықталды: бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде Есеп саясатының сақталмауы, активтерді, МЕА есепке алу үшін бөлімдерге есеп саясатына өзгерістер уақтылы енгізілмегені және т. б. 

      Аудит қорытындысы бойынша Қоғамға бұзушылықтарды жою және ұсыныстарды қарау туралы шешім жіберілді.

 

    

 

4 қазан, 2019 - 17:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші