check

You are here

Қазақстанда барлық отбасылардың әлеуметтік карталары құрылды

көпбалалы отбасылар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) адамды жеке тұлға ретінде емес, отбасы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін бірегей «Отбасының әлеуметтік картасы» жобасын жүзеге асырды. Осы уақытқа дейін мұндай тәсіл мемлекеттік органдардың ешқандай ақпараттық жүйесінде болған емес.

Бұл жоба бізге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен (бұдан әрі - АЖ) автоматтандырылған деректер негізінде отбасылардың нақты жағдайын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Болашақта олар қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасы мүшелерін әлеуметтік көмек пен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруда қолданылады.

Қазақстандық отбасылардың цифрлық әлеуметтік карталары «Е-халық» АЖ-да қалыптастырылған. Бүгінгі күні жүйе 18,4 млн адамды, яғни 100% халықты қамтиды. Осылайша, құрылған әлеуметтік карталар негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері әр отбасындағы жағдайды бақылай алады.

Қиын өмірлік жағдайдың деңгейін анықтау мемлекеттік органдардың ақпараттық базасынан алынған 19 негізгі параметр негізінде автоматты түрде жасалады. Мысалы, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, табыс, медициналық және оқу орындарына тіркелу, әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы, нашақорлық, мүгедектік, соттылық, тұруға ықтиярхат және басқалар.

Отбасының цифрлық әлеуметтік картасы ҚР азаматтарының әл-ауқатының индексін тиімді қадағалауға мүмкіндік береді, жедел шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ақпаратты қамтиды. Осылайша, жүйе өзінің әрекет алгоритмінің арқасында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.

4 қазан, 2019 - 14:56 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші