check

You are here

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

С-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

     6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

     7) ғылыми дәрежесінің болуы.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

С-2

204041

275664

С-3

154141

208294

С-4

138 248

186 551

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, e-mail: kadry_mtszn@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға осы  мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.

  1. Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты

Функционалдық міндеттері:   Департамент жұмысын үйлестіру, азаматтардың жекелеген санаттарына, халықтың күнкөрісі төмен топтарына әлеуметтік қолдау көрсету және белгіленген шекті деңгейден табыстың төмендеу қатерін басқару, азық-түлік себеті, кедейлік шегі, ана мен баланы қолдау, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету бөлігінде балалы отбасыларды қолдау, бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы, мүгедек баланы асырап отырған адамға берілетін жәрдемақы, мүгедек балаларды үй жағдайында оқыту, бала кезінен 1-топтағы кәмелет жасқа толған мүгедектерге күтім көрсететін ата-аналардың шығындарын өтеу, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтар, басқа да радиациялық апаттар мен авариялар  салдарынан зардап шеккен азаматтарды, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын, Аралдағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге басшылық ету,  Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министрлік басшылары тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, департаменттің құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені талдау, жетекшілік ететін бөлімдер бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілікжүргізу) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

  1. Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты

Функционалдық міндеттері:   Жүктелген өкілеттіктері шегінде Департамент қызметін үйлестіру, Ұлттық біліктілік жүйесін, еңбек нарығын жоспарлауды, еңбекті нормалауды жетілдіру мәселелері бойынша құқықтық актілердің әзірленуіне басшылық ету; ұлттық біліктілік жүйесі, еңбек нарығын жоспарлау мәселелері бойынша баяндамаларды, талдамалық жазбаларды және қорытындыларды дайындау; Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау мақсатындағы хаттарды, мәліметтерді, қорытындыларды дайындау; Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша хаттарды, заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстары мен арыздарын қарау; Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша құжаттардың, хаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар мен өзге де іс-шараларды дайындау.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика).

  1. Әкімшілік жұмыс департаменті құжаттамалық қамсыздандыру және бақылау басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің 26.03.2021ж. дейін оқу демалысында болу кезеңіне), С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Басқарманың қызметін жалпы басқару. Кіріс және шығыс хат-хабарларды, Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді уақтылы тіркеуді, Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қазақстан Республикасы Парламенті басшылығының актілері мен тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің актілері мен өкімдерінің, депутаттық сауалдардың, Министрлік басшылығының тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, Министрліктегі құжат айналымын, оның ішінде электрондық құжат айналымын ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың Интранет-порталына есептерді орналастырылуына бақылауды қамтамасыз ету, құжаттау және құжаттаманы басқару талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, басқарма құзыреті шегінде тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу, сондай-ақ оларға мониторинг жүргізу, орындаушылық тәртіп бойынша, оның ішінде аппараттық кеңестерге материалдарды дайындау, Министрлік архивінің жұмысын қамтамасыз ету, Министрліктегі құжат айналымын жақсарту бойынша, оның ішінде Министрліктің қағазсыз ішкі құжат айналымына көшуі бойынша жаңа тетіктер енгізу, басқарма құзыретіне кіретін ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асыруға қатысу, басқарма құзыретіне қатысты хаттарды, сұрауларды, шағымдарды қарау, статистикалық есептер жасау және оларды рұқсат етілген ашық деректерде орналастыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық тәжірибелерді зерделеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес, қызмет көрсету, техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар).

  1. Халықты жұмыспен қамту департаменті жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, 2 бірлік, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын және шараларын әзірлеуге қатысу, қолданыстағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын және шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мониторинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдардың қажеттілігі негізінде бюджетті қалыптастыру, оны дамыту болашағы бойынша ұсыныстар әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; халықты жұмыспен қамту саласындағы орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауды үйлестіру, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен әдіснамалық жұмыс жүргізу. Жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыруға бюджетті қалыптастыру, нақтылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілік жүргізу), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар, жылуэнергетика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

  1. Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері Медициналық-әлеуметтік сараптаманы дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша  бюджеттік бағдарламаларға қажеттілік пен есептерді дайындау, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулердің қорытындыларын дайындау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік басшыларының мүгедектерзі әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тапсырмалары бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, анықтамалар мен қорытындылар дайындау, заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, мүгедектіктің себептерін, құрылымын, жай-күйін және медициналық-әлеуметтік сараптаманы мониторингілеуді қамтамасыз ету, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен  және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі министрліктермен және ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілік жүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, медицина, педиатрия, дәрігерлік емдеу ісі).

  1. Цифрландыру департаментінің цифрландыруды дамыту және ақпараттық жүйелерді интеграциялау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері - әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруды дамыту шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі қызметке қатысады;

- әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеу және мониторингтеу бойынша жұмыстарға қатысады;

- әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша ағымдағы жобалар бойынша жұмыс кестелерін, техникалық тапсырмаларды, техникалық сипаттамаларды келісуге және әзірлеуге қатысады;

- әлеуметтік-еңбек салаларында қолданылатын ақпараттық дерекқорларды есепке алу мен түгендеуді ұйымдастырады;

- цифрландыруға байланысты тауарларды және қызметтерді сатып алу шығыстарын жоспарлауға қатысады;

- әлеуметтік-еңбек саласынның ақпараттық жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және іс-шаралар мониторингін қамтамасыз етеді;

- Министрліктің ресми интернет-ресурсының архитектурасы мен дизайнын жаңғырту мен жетілдіруге қатысады; 

- комиссиялардың жұмысына, кеңестерге, семинарлар мен басқа іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және сөз сөйлеу үшін материалдар дайындауға қатысады;

- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асырады;

- мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді құзыреті шегінде қорғауды қамтамасыз етеді;

- Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарымен, сондай-ақ ведомствоаралық хат-хабарларымен цифрландыру мәселелері бойынша хат-хабарларды жүзеге асырады;

- заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілермен және Министрлік басшылығының шешімдерімен басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникация), әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық  қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (физика, информатика, математика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), ғылыми дәрежесінің болуы құпталады.

  1. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің әлеуметтік-еңбек саласының қызметін мониторингілеу, талдау және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Операциялық жоспарлаудың нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу, операциялық жоспардың сапалы қалыптастырылуын қамтамасыз ету, операциялық жоспардың іске асырылуының мониторингін уақтылы жүргізу, статистикалық есепті қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру, басшылыққа  әлеуметтік-еңбек саласындағы талдау ақпаратын әзірлеу. Мемлекеттік емес ұйымдармен, соның ішінде Қоғамдық кеңеспен өзара іс-қимылын үйлестіру. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардың ұсыныстары мен хаттарын қарау және басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау,  іскерлік əкімшілік жүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), техникалық ғылымдар жəне технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника жəне телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

  1. Кадр қызметі басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға қатысу, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу, конкурстық комиссияның оң шешімін алған тұлғаларды жұмысқа қабылдау және тағайындау туралы бұйрықтарды дайындау, есептілік жасау және жүргізу, ақпараттық, талдамалық және анықтамалық материалдарды дайындау, еңбек өтілін есептеу бойынша комиссияның қызметін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты өзге де құжаттарды және шешімдерді ресімдеу, міндетті арнайы тексеріс жүргізуге құжаттарды ұйымдастыру, дайындау және жолдау, персоналды басқару бөлігінде Министрліктің қызметіне бағалау жүргізу жөніндегі материалдарды дайындау, «Персоналды басқару» бағыты бойынша «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогында мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу үшін материалдар дайындау, «Е-қызмет» интеграциялық ақпараттық жүйесі арқылы кадрдың іс-қағаздарын жүргізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалар хаттарының, ұсыныстарының, өтініштері мен шағымдарының қаралуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім: білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар қызмет көрсету мамандықтары бойынша.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

 

 

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
________________________________________________________________

      

 

__________                                ____________________________________
(қолы)                                                                                               (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 қазан, 2019 - 13:13 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші