check

You are here

Е.Жылқыбаев жасыл желектерді отырғызуға атсалысты

Экосағат

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Бүкіләлемдік қоршаған ортада мекендеу орнын қорғау күніне арналған «Республикалық экологиялық сағат» ауқымды акциясы аясында Нұр-сұлтан қаласындағы № 58 мектеп-гимназиясында оқушылар мен ұстаздар қауымы алдында құттықтау сөз сөйлеп, мектеп жанындағы учаскеде ағаш отырғызуға қатысты.

 «Бала кезінен бастап әрбір адам жер, су, ауа туралы ойланып, оларды сақтауға тырысатын уақыт жетті! Бүгінде әлем ресурстарды тиімді пайдалануға көшіп, жел, су және күн энергиясын қолдана бастауда. Алайда, біздің жайлылығымыздың бағасы туралы ойланып көрдік пе? Үй ішіндегі бекітілмеген су шүмегі, көшеде тасталған пластик бөтелкелер мен пакеттер, кіреберістегі сынған әйнектер, қоғамдық орындардағы жабылмай қалған есіктер – осының бәрі табиғи ресурстардың қосымша шығысына алып келіп, жалпы планета экологиясына кері әсерін тигізеді», – деді Ержан Жылқыбаев оқушыларға арнаған сөзінде.

Вице-министр өскелең ұрпақты ресурстарды ұқыпты пайдалануға, мүмкіндігінше суды, электр энергиясын, жылу энергиясын үнемдеуге және қоршаған ортаны ластамауға шақырды.

«Ағаштар – планетаның жасыл өкпесі! Бір ағаш 2 литр оттегі бере алады, бұл бір адамның үш күндік өміріне жетеді. Отырғызылған бір ағаш 1000 кг парниктік шығарындылардың орнын толтырады! Өз жайлылығының ақысын төлеу үшін, планетаның әр тұрғыны жылына кем дегенде 14 ағаш отырғызуы керек! Менің ойымша, әрбір қазақстандық отбасы ағаш отырғызу керек. Құрметті оқушылар мен ұстаздар, Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, жаңа ашулар мен жер бетіндегі барлық игіліктерді тілеймін! Қоршаған ортаны жақсы көріңіздер, қорғаңыздар және құрметтееңіздер. Игілікті іс жасау үшін алдымен өзіңізден бастау керек екенін естеріңізде сақтаңыздар!» – деп сөзін толықтырды Ержан Жылқыбаев.

Оқушылар мен оқытушылар құрамы алдында сөз сөйлегеннен кейін ҚР Еңбекмині басшысының орынбасары мектеп жанындағы учаскеде жасыл желектерді отырғызуға қатысты.

Аталған Республикалық экологиялық сағатты өткізу – Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қоры және Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының бірлескен бастамасы болып табылады.

Еске сала кетейік, жыл сайын бүкіл әлем 6 қазанда Дүниежүзілік тіршілік ету ортасын қорғау күні атап өтеді – бұл халықаралық мейрам Жер планетасы фаунасының тіршілік ету проблемасына адамзаттың назарын аударуға арналған. Бұл мереке 1979 жылы Еуропалық жабайы табиғатты және табиғи тіршілік ортасын сақтау туралы Берн конвенциясына сәйкес белгіленді.

 

3 қазан, 2019 - 14:54 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші