check

You are here

ҚР Еңбекминінің «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша бірқатар семинарларды іске қосты

ҚР Еңбекминінің «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша бірқатар семинарларды іске қосты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша бірқатар семинарларды іске қосты. Қараша айының соңына дейін олар еліміздің әр өңірінде өтеді.

Бірінші семинар Қарағанды қаласында өткізілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҮЕҰ өкілдері және кәсіпкерлер кірді, онда мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру ерекшеліктері талқыланды.. Іс-шара барысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттары егжей-тегжейлі қаралды, кәсіптік оқыту мен өз ісін ашуға арналған мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.

 «Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктіліктер алудың тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға, оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған», - деп атап өтті, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Төлеу.

Іс-шараға Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының және ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының өкілдері қатысты.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, ең алдымен, жұмыспен қамтылған халықтың үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыс берушілер қысқа мерзімді оқудан өткен жұмыс іздеушілерді жұмысқа алуға ниет білдіруде. Бағдарлама шеңберінде біз қолда бар білімді өзектендіруге және кадрлардың әлеуетті құндылығына әсер ете аламыз», - деп атап өтті Қарағанды қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілі Надежда Русанова.

Өз кезегінде, семинарға қатысушылар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында оқу курстарынан өту тек жұмыс істеуге ғана емес, сонымен бірге олардың кірістерін арттыруға да түрткі болатынын айтты.

«Бірде, жұмыспен қамту орталығына келіп, мен көпбалалы ана ретінде қысқа мерзімді курстардан өтуге мүмкіндігім бар екенін білдім. Мен мамандығым бойынша аспазбын, бірақ денсаулығым күні бойы аяғыммен тік тұруға мүмкіндік бермейді. Мен тігін курсын таңдадым, өйткені мұндай дағдылар күнделікті өмірде пайдалы. Мен оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде өз ісімді ашамын деп шештім. Бақытымызға орай, Еңбек министрлігі бұл бастаманы да қолдайды», - деді семинарға қатысушы Гүлшат Қожахметова.

Жақын арада осындай іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтеді.

2 қазан, 2019 - 11:47 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші