check

You are here

Қазақстанда 270 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

рынок труда

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 270,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды, яғни жылдық жоспардың 72,6% (373 мың), оның ішінде ауылдық жерлерде 115,2 мың адам жұмыспен қамтылды.

Жалпы құрылған жұмыс орындарының 182,5 мыңы – тұрақты жұмыс, 88,3 мыңы – уақытша жұмыс орындары.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылған жұмыс орындарының ең көп саны көтерме-бөлшек сауда саласына тиесілі – 32 мың, құрылыста 30 мың, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 24,8 мың.

Жұмыс орындарының ең көп саны Алматы қаласында (33,6 мың), Алматы (27,9 мың) және Маңғыстау (22 мың) облыстарында құрылды.

Ең аз мөлшері Қызылорда (8,7 мың), Батыс Қазақстан (9,8 мың) және Ақмола (9,4 мың) облыстарында құрылды.

17 қыркүйек, 2019 - 10:24 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші