You are here

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметі 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ҮҚ

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 63, 361-құжат)мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бектілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында:

«1. Бағдарламаның паспорты» бөлімінде:

төртінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша

»;

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар» бөлімінде:

«5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту» кіші бөлімінде:

«5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» тармағында:

тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Микробизнес ашу үшін кредиттер/микрокредиттер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін не сертификат алған күннен бастап кредит/микрокредит алу үшін жүгінген күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттары бар болса беріледі. Жамбыл облысы халқының табысын ауқымды және тиімді арттыру жөніндегі жоба шеңберінде бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын бизнес-жобаларды қоспағанда, «Бастау Бизнес» жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) алған Бағдарламаға қатысушылардың кредиттер/микрокредиттер алуға басым құқығы болады.»;

мынадай мазмұндағы он жетінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жамбыл облысы халқының табысын ауқымды және тиімді арттыру жөніндегі жоба шеңберінде берілетін кредиттер/микрокредиттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісі айқындайтын сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.»;

мынадай мазмұндағы он тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Жамбыл облысы халқының табысын ауқымды және тиімді арттыру жөніндегі жоба шеңберінде ЖАО беретін бюджеттік кредит Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру/микрокредит беру үшін мынадай шарттарда беріледі:

1) жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 болатын қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 10 жылға%;

2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты - Бағдарлама шеңберінде бизнес - жобаларға микрокредит беру;

3) бюджеттік кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;

4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және ЖАО бюджеттік кредитті аударған сәттен бастап есептеледі.»;

мынадай мазмұндағы отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші және отыз алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

«Жамбыл облысы халқының табысын ауқымды және тиімді арттыру жөніндегі жоба шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға кредиттер/микрокредиттер беру шарттары:    

1) кредит/микрокредит мерзімі - 5 жылға дейін, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін кредит/микрокредит мерзімі - 7 жылға дейін;

2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес айқындалады;     

 3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% - дан аспайды;

Кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі, бюджеттік кредиттің негізгі талаптары, түпкі қарыз алушы үшін кредит бойынша қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, қарыз алушылардың санаты, қарыздардың мерзімдері мен сомалары кредитордың шешімімен белгіленеді және бюджеттік кредит шартында көрсетіледі.

Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) кредиттік өнімі бағдарламаның талаптары мен шарттарына сәйкес келуі тиіс.

Түпкі қарыз алушыларды сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма шартына сәйкес айқындайды.

Сенім білдірілген өкілдерге (агенттерге) Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың кредитіне/микрокредитіне байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері кредитормен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс.

Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді, егер тапсырма шартында өзгеше көзделмесе, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.     Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлемінің мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.

Сенім білдірілген өкіл (агент) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде бюджеттік бағдарлама әкімшісіне (портал/қолмен арқылы электрондық түрде) берілген кредиттер/микрокредиттер және тапсырма шартында белгіленген нысанға сәйкес оларды нысаналы пайдалану бойынша ақпарат береді.»;

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар» бөлімінде:

«5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту» кіші бөлімінде:

«5.2.3. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы, қалалар мен моноқалалардағы кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру» тармағында:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жамбыл облысы халқының табысын ауқымды және тиімді арттыру жөніндегі жоба шеңберінде бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын бизнес-жобаларды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіруді – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ЕҰ, қалалар мен моноқалаларда – «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырады.»;

Он төртінші және он бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Жамбыл облысы халқының табысын ауқымды және тиімді арттыру жөніндегі жоба шеңберінде бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын бизнес-жобаларды қоспағанда, ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.

Жамбыл облысы халқының табысын ауқымды және тиімді арттыру жөніндегі жоба шеңберінде бюджеттік кредит есебінен қаржыландырылатын бизнес-жобаларды қоспағанда, қалалар мен моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібі мен шарттары кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалалар мен моноқалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.»;

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар» бөлімінде:

«5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бөлімшесінде:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, қоныс аударушылар үшін тұрғын үй салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Бағдарламаның үшінші бағытының операторлары болып табылады.»;

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар» бөлімінде:

«5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» кіші бөлімінде:

«5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» тармағында:

тоқсан тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«ЖАО халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес республикалық және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздерден қоныс аударушылар үшін жатақханалар тұрғын үй салуды және/немесе сатып алуды  (құнын төлеп алуды) жүзеге асыра алады.»

мынадай мазмұндағы жүз бірінші және жүз екінші абзацтармен толықтырылсын:

«Нысаналы трансферттерді уақтылы аудару, бюджеттік қаражаттың нысаналы пайдаланылуына және соңғы нәтижеге мониторинг жасау үшін қалақұрылысы мен құрылыс қызметі саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері арасында жатақханалар тұрғын үй салу және/немесе сатып алу  (құнын төлеп алу) бөлігінде келісімдер жасалады.

Жатақханалар тұрғын үй салу және/немесе сатып алу  (құнын төлеп алу) үшін нысаналы трансферттер облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бюджеттеріне әр объектіге бөлінбестен бір сомамен аударылады.»;

жүз тоғызыншы және жүз оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үйді салу, сатып алу (құнын төлеп алу) арқылы қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Қоныс аударушылар мен оралмандарды Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрғын үймен қамтамасыз ету пилоттық режимде жүзеге асырылуда.»;

«Бағдарламаны іске асыруға қажет ресурстар:» бөлімінде:

  1. тармақшамынадай редакцияда жазылсын:

«1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 347 965 мың теңге,
2018 жылы –
66 364 449 мың теңге, 2019 жылы – 130 661 407 мың теңге,
2020 жылы – 68 391 978 мың теңге, 2021 жылы – 69 041 250 мың теңге көзделеді;»
;

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«Бірінші бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту» бөлімінде:

«1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау» кіші бөлімінде:

Іс-шараларда:

реттік нөмірі 1-1-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1-1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқаратын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

Білім және ғылым министрінің   бұйры ғы

2019 жылғы қыркүйек

БҒМ, Еңбекмині, ҰКП
 (келісу бойынша), ЖАО

 

 

 

 

 

 

талап етілмейді

 

       »;

«Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бөлімінде:

«1-міндет. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу» кіші бөлімінде:

Іс-шараларда:

реттік нөмірі 1-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 және 515 бұйрықтарымен бекітілген:
- әлеуметтік жұмыс орындарын;
- жастар практикасын;
- қоғамдық жұмыстарды;
- жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті қоныс аударуды;
- әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

2019 жылғы тамыз

Еңбекмині, ЖАО

 

 

 

 

 

 

талап етілмейді

 

   »;

«Төртінші бағыт: «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру» бөлімінде:

«1-міндет: «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау» кіші бөлімінде:

Іс-шараларда:

реттік нөмірі 3-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

3

«Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

2019 жылғы тамыз

Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар,
ЖАО

 

 

 

 

 

 

талап етілмейді

 

».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                             А. Мамин 

 

 

ТіркемеМөлшер
Package icon pprk.zip161.84 KB
Бөлімдер:
10 қыркүйек, 2019 - 21:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші