check

You are here

Атаулы әлеуметтік көмек шынымен жаңа өмір бастауға көмектеседі – Павлодар облысының тұрғыны

Атаулы әлеуметтік көмек шынымен жаңа өмір бастауға көмектеседі – Павлодар облысының тұрғыны

Түркістан облысы Арыс қаласынан Павлодар облысының Майқоңыр ауылына қоныс аударған Серік Жәдігердің көпбалалы отбасысы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға дән риза. Қоныс аударушылар атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) және басқа да төлемдерді алып, жаңа, мұқтажсыз өмір сүруді бастай алды.

 Көпбалалы үйдің отағасы Серік Жәдігер 2017 жылы елдің солтүстік өңірлерінің біріне көшу туралы шешім қабылдады. Қоныс аударуға, бірден бір себеп бала кезінен мүгедектігі бар, 5 күрделі ота жасатқан 5 сынып оқушысы қызы Әсемай Кәрім болды. Қыз баланың денсаулығы шұғыл түрде климат жағдайының ауысуын қажет етті.

«Біздің алты баламыз бар. Биылғы жылдың сәуір айында бізге 1 млн 567 мың 200 теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, ай сайын 130 мың 600 теңге аламыз. Сондай-ақ бізге жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға 176 мың 750 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Бұл ақшаға біз сиыр сатып алдық. Енді біз дүкеннен сүт өнімдерін сатып алмаймыз – бәрі табиғи. Тағы бізге «Отау ТВ» телевизиялық приставкасын орнатып берді. Әрине, туған өлкемізді сағынамыз, бірақ бұл жақта да бізге өте ұнайды», – деді Серіктің жұбайы Маржан Нәлібаева. 

Ертіс аудандық мәслихатының шешімі бойынша бұл көп балалы отбасының 4 баласын мектепке дайындауға 50 мың 500 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем көрсетілді.

«Серік Жәдігер тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Енді ол «Майқоңыр ауылы әкімінің аппараты» КММ-де жүргізуші болып жұмыс істейді. Оның жұбайы Маржан Нәлібаева Майқоңыр ауылдық клубына техникалық қызметкер болып жұмысқа тұрғызылды», – деп хабарлады Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары Гүлнар Камалова.

Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында Серік Жәдігерге ұсақ мал өсіру үшін 1 млн. 500 мың теңге сомасында микрокредит алуға көмек көрсетілді. Бұл қаражатқа ол өзінің жеке қосалқы шаруашылығы үшін 50 бас қой сатып алды.

«Біздің отбасымызға жаңа орында нақты көмек көрсетілді, балалардың мектепке керек-жарағын да алуға да көмектесті, жұмысқа да орналастырды. Ал АӘК-тің көмегімен отбасымның әл-ауқаты айтарлықтай жақсарды. Енді біз жақсы өмір сүріп жатырмыз деп айта аламын», деп Серік Жәдігер өз ойымен бөлісті.

Камалованың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта 59 отбасы жалпы сомасы 19 млн 200 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек алады, оның ішінде 42 отбасыға 100 АЕК көлемінде, жалпы сомасы 10 миллион 600 мың теңге, 17 отбасыға әрқайсысына 200 АЕК-тен, жалпы сомасы 8 миллион 600 мың теңге төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 1,8 млн қазақстандық қамтылған. Жәрдемақы алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 498,7 мың адам, Алматы облысында – 225,4 мың адам, Шымкент қаласында – 216,3 мың адам тұрады. Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 103 млрд теңге көлемінде АӘК төленді. Бір отбасына төлемнің орташа мөлшері айына 86 мың теңгені құрап отыр.

17 қыркүйек, 2019 - 13:57 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші