check

You are here

Еңбек министрлігінің egov.kz порталындағы тағы бір қызмет sms арқылы қолжетімді болды

Еңбек министрлігінің egov.kz порталындағы тағы бір қызмет sms арқылы қолжетімді болды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электрондық үкімет порталындағы тағы бір қызметті алуды жеңілдетті.  Енді мүгедектіктің болуы туралы ақпаратты растауды алу электрондық цифрлық қолтаңбасыз (бұдан әрі-ЭЦҚ) sms – хабарлама арқылы алу мүмкін болып отыр.

Алдымен eGov.kz. порталына тіркелу керек, оның төрт тәсілі бар. Бірінші – тіркелген логин мен пароль арқылы. Екінші – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы. Үшінші – SIM-картаға бекітілген ЭЦҚ арқылы, ал соңғысы – бір реттік пароль арқылы. «Қызметтер» қосымшасында тіркелгеннен кейін «әлеуметтік қамтамасыз етуді» таңдау қажет, одан әрі ұсынылған тізімде «мүгедектікті растау туралы анықтама алу» батырмасын басып, қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Жаңа терезеде пайдаланушының ЖСН мен келесі тармаққа өту ұсынысы экранға автоматты түрде шығады.

Екінші қадам кезеңінде сұраныстың енді екі түрлі нұсқасы бар. Олардың біреуі ЭЦҚ арқылы, ал екіншісі – бір реттік sms-пароль арқылы жүргізіледі.    

Ұялы нөмірге келген кодты ұсынылған жолға енгізу қажет. Содан кейін үшінші қорытынды қадамға көшу – сұрау салу нәтижесі жүзеге асырылады. Экранда қызметтің мәртебесі мен мерзімі туралы ақпарат пайда болады.

Содан кейін eGov.kz-тағы жеке кабинет арқылы сұратылған деректердің дайындығы туралы ақпаратты алу үшін кіріс хабарламаларына өту қажет.

Бұл қызметті sms-код арқылы алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу маңызды. Бұл үшін ХҚКО-ға немесе оны eGov.kz-тегі жеке кабинетте өз бетінше жасауға болады.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 690 мың адам бар, оның 61,5% – еңбекке жарамды жастағы адамдар, 25,6% – зейнеткерлікке шыққандар, 12,9% – 18 жасқа дейінгі балалар.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететін қызметтердің 90%-ын электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отыр. Электрондық мемлекеттік қызметтер 2017 жылғы желтоқсанда қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні республикада процестерді цифрландыру ерекше бақылауда.

6 қыркүйек, 2019 - 13:25 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші