check

You are here

Қазақстанда өндірістік жарақат саны азайды

работодатели

2019 жылдың 7 айында өндірісте жарақаттану өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% - ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елорданың жекелеген кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының проблемалық мәселелеріне арналған кеңес барысында мәлімдеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - Еңбекмині), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Нұр-Сұлтан әкімдігінің және елорда кәсіпорындарының басшылары қатысты.

«Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ел кәсіпорындарында 749 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11% төмен (2018 жылдың 7 айында – 842 адам), оның ішінде өліммен аяқталған – 82 адам, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 28% төмен (2018 жылы – 114 адам). Алайда Нұр-Сұлтан қаласында өндірістік жарақат алу көрсеткіші айтарлықтай өсіп отыр», –  деді Б. Нұрымбетов.

2019 жылы қала кәсіпорындарында 34 қызметкер зардап шекті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70%-ға артық (2018 жылдың 8 айында – 20 адам), оның ішінде 7 адам қаза болды (2018 жылдың 8 айында – 5 адам).

«Бұл, ең алдымен, 23 мамырда «Астана Су Арнасы» МКК-де орын алған, 4 адам қайтыс болып, 1 адам қатты уланған топтық жазатайым оқиғаға байланысты. Тергеу нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаның негізгі себебі кәріз ішіндегі ауа талдауының газталдағышпен жүргізілмегені, қызметкерлерге газқағарлардың берілмегені, сондай-ақ, наряд-рұқсатнама бермей жұмысқа жіберілгені анықталды. Осы себептерге сүйене отырып, жұмыс беруші лауазымды тұлғалардың кінәсі 100% дәлелденді» – деді ол.

Кеңесті қорытындылай келе, Біржан Нұрымбетов елорда әкімдігіне: 2019 – 2023 жылдарға арналған еңбек жанжалдарын болдырмау жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының және өндірістік жарақаттануды төмендету жөніндегі жол картасының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды; жалақы, өндірістік жарақаттану, еңбек жанжалдары бойынша берешектің себептеріне тұрақты негізде талдау жүргізуді және оларды жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды; жұмыс берушілердің еңбекақы бойынша берешектерді жою жөнінде нақты жоспарлар жасауды; өндірістік тәуекелдің жоғары деңгейі бар әрбір кәсіпорында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуді ұсынды.

5 қыркүйек, 2019 - 17:02 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші