You are here

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күшінің жойылуы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына баспасөз-релизі

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күшінің жойылуы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасын қабылдаудың мақсаты келесі құжаттардың күшінің жойылуы:

1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы « »                   Заңында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ активтерінің инвестициялық басқарылу тәртібінің баяндалуына байланысты «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы № 878 Қаулысы;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретінен алынып тасталып Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне берілуге байланысты «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 Қаулысы болып табылады.

Сондай-ақ қаулы жобасы жоғарыда көрсетілген қаулыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының күшін жоюды көздейді.

Қаулы жобасын қабылдау нәтижесінде әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу мен мерзімдері туралы Қағиданы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бекітуі болып табылады.

Қаулы жобасын жүзеге асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығынын талап етпейді және кері әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарлары болмайды.

4 қыркүйек, 2019 - 17:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші